Page 262 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
262
Әрекеттердің артында, осы әрекетті жүзеге асырушы жеке адам тұлғалары тұрады. Біз
әрекеттерге сәйкес қайраткерлер жайлы да айтуымыз керек. Прагматикалық тарихқа
барлық адамдар қатыса бермейді, ал катысушылардың рөлдері де бірдей емес. Әрбір
оқиғаға, әрбір қозғалысқа сол қоғамның тек белгілі бір мөлшері ғана тікелей қатысады
<...>.
Прагматикалық тарихнаманың мақсаты — адамдардың жекелеген әрекеттерінің себебі
мен салдарының рөлін байланыстыру. Екінші жағынан әрекеттердің артынан ылғи
қайраткерлерді көру, адам әрекеттерінің артынан — оны жүзеге асырушы жеке
тұлғаларды көру қажеттілігі. Сондықтан прагматикалық тарихтың зерттеу пәні, сонымен
бірге адамның адамға, бір тұлғаның екінші тұлға әрекетін де зерттеу болып табылады.
Адамның басқаға ықпалы саналық жағынан алғанда да, сапалық жағынан алғанда да әр
түрлі болады.
Бұл жалпы мәселенің ішіне кіретін жеке мәселе болып табылады, өйткені оны шешу
белгілі бір жеке тұлғалар арасындағы әрекеттік қатынасты көрсетуді шешуге әкеледі. Ұлы
адам «батыр» да жеке тұлға, тобырды құрайтын көпшілік те жеке тұлғалардан тұрады.
Тарихтың қозғалысын қалпына қайсысы келтіреді деп сұрайтын болсақ, бұл сұраққа
жауап беру үшін, алдымен кімнің әсері қайсысы үшін негізгі екенін, қайсының қозғалысқа
белсенді әрекет еткенін анықтап алу қажет <...>.
Бұрынғы тұрмыстық суреттеулер өз мәні жағынан прагматикалық бола отырып, негізінен
замандастарының қиялын ұштаған жеке әрекеттерді қамтыды. «Қаһармандарды» тобырға
қарсы қою жеке тұлғалармен емес, тек Қаһармандармен айналысқан нақты ертедегі
тарихнама негізінде пайда болды. Уақыт өте келе тарихшылардың дүниетанымында
өзгерістер болуы тиіс болды. Ол әсіресе тарих жеке тұлғалардың тарихы емес, ұжымдық
ағзалардың — көпшіліктің тарихы болуы тиіс екенін түсіне бастаған кезде сезілді. Халық
тарихшылардың алдында жанданып, тарихтағы әрекет етуші күш ретінде мойындалып,
ұлы адамдардың күшіне қарсы қойылды. Бірақ жаңа тарихшылар ұлы адамның тарихтан
тыс бұрынғы жағдайын сақтады <...>.
Прагматикалық тарихтағы жеке тұлғаның пайда болу мәселесінің, сонымен бірге тарихты
кім қозғалысқа келтіреді деген даулы мәселенің жалпы сипаттағы тарихы осындай. Бұл
пәннің тарихнама үшін маңызы зор болғанына қарамастан, ол қазірге дейін ғылыми
әдебиеттерде әлсіз әзірленген. Тарихшылардың көпшілігі оған аса көп мән бермей, оның
мәніне терең бойламады, олар тек асығыс пайда болған көзқарасқа қанағаттанады.
Тарихшылардың бұл тобынан тек сирек кейбіреулері ғана бұл мәселеге байланысты
жалпы көзқарас білдіріп, өздерінің кейбір жеке бақылауларын жетілдірді. Әрине мұндай
ескертулердің көпшілігі көңіл аударуға тұрарлық және пәнді қарастыру кезінде атап өтілуі
тиіс . Бірақ бұл тек жеке ескертулер, еш жерде қалыптаспаған теориялардың айтылған
үзінділері. Егер біз таза тарихи еңбектерден басқа, тарихнамалық жазушылардың
шығармаларын қарайтын болсақ, онда да біздің тақырыпқа қатысты аз пікірлер
кездестіреміз. Негізгі мәселелердің бірінші екі бөлімінде бұл әдебиеттерге шолу жасап
және сын айта отырып, мен тарихи қозғалыстың мәні жайлы мәселенің тарихнамада ең
зерттелмеген мәселелердің бірі екеніне көзім жетті . Бұл мәселені шешуде тарихнама
метафизика мен идеологияның өтірік жолына түсті . Жалпы тарих тұлғаларымен бұл
әдебиет өз дәрежесінен төмен айналысты . Сондықтан біз бұдан өзімізді қызықтырған
мәселе жайлы өте аз мәліметтер кездестіреміз. Сондықтан неміс бұлыңғыр
метафизикасының идеологиясымен жазылмаған кітаптарды кездестіру өте киын. Бұл
әдебиеттердегі сыни шолуды біздің мәселені зерттеуімізге енгізіп отырған себебіміз —
оқырманды оның шешімдерімен таныстыру, олардың ішіндегі жарайтындарын өз
еңбегімізде пайдалану және осы мәселе жайында мотивті пікір айту болып табылады <...>.