Қазақстанның ашық кітапханасы
261
Тәржімалаған
Айжамал Құдайбергенова
КАРЕЕВ НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ
(1850-1931 жж.)
ТАРИХИ ҮДЕРІСТІҢ НЕГІЗІ ТАРИХТАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РӨЛІ
I бөлім
ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА
I тарау
Мәселенің жеке қойылуы
Прагматикалық тарихтың мазмұны. — Ондағы адамдардың әрекеттерінің рөлі. —
Соңғысының ілгерілеушілігі және топталуы. — Әрекеттен қайраткерлерге көшу. —
Прагматикалық теорияның мақсаты неде және оларға неге әкеледі? — Жалпы сұрақты
жекеге телу себебі. — Тарихшылар мәселесіне көзқарас.
Тарихтың прагматикалық жағын қамтитын фактілер, біз тарихта жекелей жағдай немесе
қозғалыс деп атайтын, көптеген ұқсас әрекеттерден тұрады. Мұның барлығы соңында
жекелеген адамдық әрекеттерге талдау жасаудан тұрады. Егер тарих ғылымының бұл
фактілерге қатысты мақсаты, біреуін екіншісінің себебі және салдары ретінде көрсету
болса, онда тарихи оқиғалар мен өзгерістерге жинақталған жеке адами әрекеттерге біздің
ғылым да солай қарауы тиіс. Сондықтан тарихтың прагматикалық жағын жекелеген адами
әрекеттердің себептері мен салдарының жиынтығы деп айтуға болады. Адамның барлық
әрекеттері тікелей прагматикалық тарихтың құрамына кірмейді, ал оның құрамына
кіретіндерінің барлығы бірдей маңызға ие болмайды: Ол, біріншіден, жекелеген әрекет
белгілі бір жағдайда тым болмағанда себептердің ұзын тізбегінің кішкене болсын бөлігіне
қосылғанда; екіншіден, жеке әрекеттің қозғалыстағы рөліне қарай кіреді <...>.
Жекелеген әрекеттерді оқиғаның немесе қозғалыстың элементтері ретінде қарастыра
отырып, біз бұл элементтер арасында белгілі ілгерілеушілік орнатуымыз керек. Өйткені
кейбір әрекеттер өз-өзінен нәтижеге бай болады, ал кейбір маңызды салдардың
туындысының ауқымды санын біріктіру керек болады. Мысалы, ірі шайқас болып жатыр
дейік, бір мемлекеттің екіншісін жеңуі халықаралық қатынас саласындағы жаңа
прагматикалық ағымның қорытынды пункті болып табылады. Әрине, оқиға тұтас алғанда
көптеген ұлы әрекеттердің жиынтығын құрайтын күрделі ағзасы, олардың жекелеген
бөліктерінін маңызы бірдей емес. Негізгі көсемнің орынды нұсқауы өз мағынасы
жағынан, әрбір жеке әскердің батыл әрекетін басып кетеді. Қолбасшының бір қателескен
қадамынан мыңдаған ержүрек әрекеттер бекер кетуі мүмкін. Бұл мысал тарихи оқиғалар
мен қозғалыстардың құрамына кіретін жекелеген адам әрекеттері оның маңыздылығының
мәні емес, деген біздің жалпы ойымыздың түсініктемесі бола алады <...>.
Жекелеген әрекеттер тарихи оқиғалар мен қозғалыстардың элементі ретінде бір типтес
болғанымен, маңызы бірдей болмайды, өйткені олар адам әрекеттерінің әр түрлі
категориясына жатуы мүмкін <...>.