Қазақстанның ашық кітапханасы
260
базасын жасау шықты. Егерде 1885 ж. Фергана аңғарында егіншілік жердің 14%-ы мақта
өсіруге берілген болса, 1915 ж. олардың көлемі 40% болды. Мақтаның жергілікті сорттары
американдық жоғары сапалы мақта сорттарымен ауыстырыла бастады. Бір мезгілде суару
жүйесі мен ирригациялық құрылыстың дамуына байланысты, ірі жобалар жасалып жатты.
Бірақ олар жүзеге асырылған жоқ. Орта Азияда мақтаның нығыздап, алғашқы өңдеуден
өткізіп отырды. Орта Азияда мақта өндеу өнеркәсібі дамымағандықтан, шикізатты
ресейлік тігін өнеркәсібі орталықтарына жеткізетін.
Темір жолдарды салу арқылы транспорт мәселесін шешті. Ең бірінші Каспий сырты темір
жолын 1881 ж. әскери-стратегиялық мүддеге сәйкес салды. Ол Каспий теңізінен Мервке
дейін (1886), содан кейін Бұқар әмірлігі арқылы Самарқанға (1888), 1898 ж. Ташкентке
дейін, ал 1899 ж Фергана аңғарындағы Әндіжанға дейін созылды. Мақтаны тасу үшін 1906
ж. орталық Ресеймен тікелей байланысты орнатқан Орынбор — Ташкент темір жолы
маңызды мәнге ие болды. Мақта өндірісі шоғырланған Ресейдің Орта Азиядағы
экономикалық саясаты таза отарлық сипат алды. Ферғана аңғары секілді жекелеген
облыстарда дәнді дақылдар өсіріліп, мономәдениет те дамыды. Жалпы 1913 ж. егіншілікке
жарамды (суарылатын) Түркістан жерлерінің 15-20%-на мақта егілді. Соған қарамастан,
1910 ж. мақта Түркістанның ауыл шаруашылық өнімінің бағасының жартысынан астамын
құрады. Қазіргі кездегі жағдай тұрғысынан қарағанда, сол кездегі ресейлік экономикалық
саясат ортаазиялық мақта мономәдениетінен шыққан шаруашылық және экологиялық
мәселелердің негізін қалады.
Жалпы Орта Азияның орыс емес халықтарына тигізген ресейлік әсер шектеулі болды.
Отырықшы мұсылмандар мен мұсылман-көшпелілер өздеріне тән дәстүрлі әлеуметтік
құрылыс пен құндылықтарды бағалауымен өмір сүрді. Ол жерлердегі орыстардың орын
алуы әкімшілік басқаруда, гарнизондар мен ірі қалалардағы шығыстан оқшауланған жаңа
орыс кварталындағы тұрғындар түрінде көрінді. Тек қана Қырғыз елінің таулы
бөктеріндегі, қазақ далаларындағыдай, құнарлы жерлеріне біртіндеп орыс және украин
шаруалары қоныстана бастады. Ал оңтүстіктің оазистері мен өзен жағалауларына келсек,
олардың тығыз орналасқандығынан орыс егіншілерінің бейтаныс суару жүйесін игеруі өте
қиынға түсті. Сондықтан, Закавказьедегі секілді, Орта Азиядағы орыс тұрғындарының
үлесі үлкен болмады және осындай этнодемографиялық модуль осы күнге дейін
сақталынды.
Орта Азиядағы Ресей саясаты, негізінен, прагматикалық икемді әдістердің дәстүрлеріне
сай болғанымен, аймақтық Ресей әкімшіліктерінің қиянат жасаулары да аз болмады. Орыс
емес халықтар ресейлік өкіметті адал еместердің билігі деп қабылдағандықтарынан,
әрдайым дайындалмаған бүліктер мен көтерілістер болып тұрды. Кейінгісі әдетте
локальды, жергілікті сипатта болды. Мысалы, 1892 ж. Ташкенттегі сүзектік бүлік. Сирек
те болса аймақтық шекарадан шығып жалпы «қасиетті соғысқа» айналған көтерілістер
болып тұрды, мысалы, 1898 жылғы Әндіжан көтерілісі. Мұндай жағдайда, Кавказдағыдай,
басты рөлді сопылық ағайындар тобы өз қолына алды.
Ресей үшін Орта Азияны жаулап алу және жарым-жартылай құрамына кіргізу — оның
орталығын Азияға аудару деген сөз. XIX ғ. соңындағы Орта Азияның демографиялық
және экономикалық салмағы үлкен болмағанымен және Ресей ең алдымен Еуропаға назар
аударған мемлекет болғанымен, осы кезден бастап Ресей империясына Азияның
орталығындағы отырықшы мұсылмандардың үлкен тобының кіруіне байланысты жағдай
держава секілді өзінің рөлінің орасандығын түсінуге әкелді. Ұлттық эмансипация мен
демографиялық жарылыстың арқасында Орта Азияның мұсылмандары XX ғасырда
барынша мәнді маңызға ие бола бастады.