Page 259 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
259
Мұнда протекторат беретін аз шығын шығара отырып, реальды билік жүргізу мүмкіндігі
ғана емес, сонымен бірге Англиямен және ислам әлеміндегі Бұқараның беделімен санасу
қажеттілігінен кейін Ресей ұстамдылық танытты.
Алғашында Қоқан хандығы да сақталынған болатын, бірақ 1875 ж. көтерілістен кейін ол
1867 ж. құрылып, Бұқар әмірлігі мен (Самарқандты қоса алғанда) Хиуа хандығының
территориялары арқасында, кенейген Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына
кіргізілді. Негізінен түркімендер мекендеген Каспий сырты облысы, керісінше, алғашқыда
Кавказ әкімшілігіне қарады да, бұқаралық және хиуалық мемлекеттер территориясын
бөліп тұрғанына қарамастан, 1897 ж. Түркістанға қосылды.
Резиденциясы Ташкентте болған Түркістан генерал-губернаторы кең өкілеттілікке ие
болды. Осы орынға алғаш ие болған генерал Константин фон Кауфман Орта Азияның
жаңа әлеуметтік-саяси құрылысына мәнді түрде әсер етті. Әскери басқару мен күшті
әскери күштің осында болуы жаңа қол астындағылардың адалдығына кепіл болатын.
Негізінен фон Кауфман «араласпау» саясатын қолдады. Жергілікті басқаруда, сот ісінде
және жер иеленуде су ресурстарына иелікке деген ерекше құқықпен бірге статус-кво
сақталынды. Бірақ салық жинаудың жүйесі бірте-бірте бір ізге салынды, сондай-ақ
шаруалардың пайдасына жер иеленуші-ақсүйектерді біршама әлсіреткен шағын жер
реформасы жүргізілді.
Бұрынғы элитаға жергілікті басқару мен соттағы сайлап койылатын орындар мен
міндеттер сеніммен берілгенімен, өзбек ақсүйектерін ресей дворяндарының қатарына қосу
туралы ешкімнің ойына кіріп те шықпады. Сонда да, Ресей кызметке түркімен
кавалериясын қабылдады, сондай-ақ ағылшындық бақылаушы Керзонның «Ресейдің
жеңілгендермен бауырласа білуге бейімдігі қажетті, назар аударуға тұратын қасиет» - деп
ескергеніндей, жекелеген тайпа басшылары орыс армиясының офицерлеріне айналды.
Алайда көшпелілер де, ортаазиялық отырықшылар да Ресейдің тең құқықты азаматтарына
айналған жоқ. Отырықшы тұрғындарды, әдетте, «түземдіктер» деп атап, іс жүзінде
«бұратаналар» статусына теңестірді. Сонымен, ортаазиялықтар орыстардан шеттетілген
отар халықтар болып қала берді, ал олардың билеуші басшы топтары империялық
құрылымға әлеуметтік жағынан біріктірілмеді. Екінші жағынан алғанда, олар әскери
қызметтен босатылу секілді басқалай артықшылықтарды пайдаланды. Бірақ, жоғары
мәдени дәстүрі бар отырықшы этностарды көшпелілік туралы өмір салтына негізделген
түсінікке сай бұратаналармен теңеу осы құқықтық топтың түпкі мәніне қайшы келді.
XIX ғасырда Ресейдің өзін тек отырықшы емес халықтар ғана емес, барлық азиаттардан
оқшауламаққа ұмтылуы, міне, осында көрінеді. Осы Орта Азиядағы агрегация (шеттету)
үрдісіне сай миссионерлік қызметті дамытуға және жергілікті халықтық тілін
орыстандыруға ерекше күш салған жоқ. Ресей әкімшілігі консервативті мұсылман дін
адамдарын саналы түрде сақтады. Олардың үлкен жер иеліктері (вакуфтар) мен оларға
қарайтын мектептері де сақталынды. Православтық шіркеудің миссионерлік қызметіне
сөзсіз тыйым салынды және жоспарланған ташкенттік епархияның сол күйі негізі
қаланған жоқ. Түркістан генерал-губернаторы исламдық истеблишментті сақтай отырып,
Орта Азияда саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге үміттенді.
Өзінің зардаптары жағынан мемлекеттің әлеуметтік және мәдени «араласпау» («нон-
interforence») саясатына қарағанда Орта Азиядағы шаруашылық сала мен экономикалық
құрылымға қол сұғудың ауыртпалығы зор болды. Жылдамдатып индустриялау барысында
XIX ғ. соңына қарай батыс еуропалық үлгідегі әдістер мен мақсаттар анықталынды.
Ортаазиялық отарлар метрополияның шаруашылық қажеттеріне бейімделуі керек болды.
Ең бірінші орынға ресейлік тігін өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етуге міндетті мақта