Page 258 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
258
келісім-шарттардың нәтижесінде түркімендер, тәжіктер, өзбектер мен қырғыздар
шекаралары бұл этностардың әрқайсысын бөліп тастаған әр түрлі мемлекеттерде қалды.
Бұл жағынан алғанда әлі күнге дейін ешнәрсе өзгерген жоқ.
Ресей жаулап алуларының басқа соққысы 1870 жылдардың басында Шыңжаңға (шығыс
Түркістан) қарсы бағытталды. Қоқан әскер басшысы Жақып Бек бастаған Қытай билігіне
қарсы көтеріліс басып кіруге сылтау болады да, 1871 ж. ресейлік әскерлер Іленің төменгі
ағысындағы жазықтықты жаулап алады. Бірақ алты жылдан кейін қытайлықтар
көтеріліске шыққан ұйғырларды жеңеді және Қытаймен болған ұзақ келіссөздерден кейін
1881 жылы Ресей Іле жағалауларындағы территориялардан бас тартатынын, орнына
батыстағы енсіз тар белдеуді алатынын мәлімдеді, бұл Ресейдің өзі жаулап алған
территориялардан бас тартқан сирек оқиғалардың бірі болып табылады.
Кавказ бен қазақ даласындағы жаулап алуларға қарағанда, Ресейдің Орта Азияны жаулауы
ірі әскери мәселе туғызған жоқ. Хандықтар бұл жаулап алуларға әскери қарсылықтар
көрсеткенімен арнаулы жеңіске тек көшпелі түркімен топтары ғана жетті деуге болады.
Жалпы алғанда, осы жаулап алулар кезінде 1000 ресейлік солдат қайтыс болды, ал
қарсыластарының шығыны одан бірнеше есе көп болды. Нашар қаруланған, саяси
ыдыраңқы Орта Азияның мұсылмандары еуропалық әскери державамен соғыста жеңіп
шығуға ешбір мүмкіншілікке ие болмады. Осылайша, Ресей еуропалық отарлы
державалардың қатарына түпкілікті кірді. Бүл Ресейдің беделін ойлаушылардың жүрегіне
құйған нұрдай болды, 1881 ж. Гек-Тепедегі жеңістен кейін Достоевский Ресейдің
Азиядағы болашағын былай деп көрсетті: «Скобелевтің жеңісінен кейін Азияның
бойымен оның шет жағына тіпті Үндістанға дейін, тіпті Үндістанның өзінде де
миллиондаған халықтарда ақ патшаның жеңілместігі туралы сенім өсе берсін».
Ресей империясының кұрамына бұндай жаңа үлкен азияттық территория қалай кіргізілді?
Кавказ бен Қазақстаннан өзгешелігі, Орта Азияның жаулап алған жерлерінің кейбіреулері
Ресейдің бөлігіне айналған жоқ. Бұқар әмірлігі мен Хиуа хандығы мемлекеттілік жағынан
өз тәуелсіздігін сақтау арқылы ресейлік протектораттықтың қол астына ғана түсті. Алайда
олардың территориясы қысқартылып, Арал теңізінен Памирге дейінгі аралықтағы Орта
Азияның үстімен өтетін тар белдеуде жатты. Ресеймен келісім жасау кезінде Әмір мен
ханның бірқатар талаптарға көнуіне тура келді. Бұхара мен Хиуа орыс көпестері үшін
ашық болып, кейініректе орыстың кедендік шекарасына қосылды. Олар өздерінің
экономикасына нұқсан келтірген үлкен әскери репарация төлеуге мәжбүр болды. Екі
билеушінің қасына «саяси агент» ретінде бақылау жасап отыру үшін ресейлік кеңесшілер
қойылды, сыртқы саясатта да Бұқара мен Хиуа Петербурга толықтай тәуелді болды. Бірақ
олардың ішкі құрылысының әлеуметтік-саяси құрылымы бұрынғыдай болып қалды, Әмір
мен хан ешбір шектеулерсіз өз қоластындағыларды билеп, басқарды. Тек қана құл сатуға
тыйым салынды. Ислам қоғам мен мәдениеттің негізі болып қалды, ал «қазіргі Бұқара»
өзінің атақты араб-парсы мектептерін сақтап қалды.
Сонымен, Бұқар әмірлігі мен Хиуа хандығы әскери, саяси және шаруашылық жағынан
Ресейге тәуелді әрі бақылауында болды. Сонда да революцияға дейін олар өздерінін
формальды мемлекеттік суверенитетін сақтады.
Ағылшындардың Үндістанда қолданғаны секілді, нақ осындай «тікелей емес билік» түрін
Ресей XIX ғасырда басқа еш жерде жүзеге асырған жоқ.
Ұлы Финляндия князьдігі де, Польша патшалығы да, өздерінің ескі хандық
билеушілерінің өкіметінде уақытша қалған Азербайжан да және Батыс Грузия да Ресей
империясының құрамдас бөліктері болды.