Қазақстанның ашық кітапханасы
257
қорғауы және қарақшылық жасағандарды жазалауы керек. Міне, осыдан кейін қоғамдық
құрылысы ұстатпайтын ететін жауға қарсы жалғасқан,
26-59 мерзімді экспедициялар қажеттілігі бар. Осыған байланысты мемлекет бір нәрсеге
шешілуі керек: не осы бір бітпейтін жұмыстан бас тартып, өз шекараларын жақсы тұрмыс,
қауіпсіздік және ағартудан ада ететін әрдайым болатын ырың-жырыңға душар етуі керек,
не ауыртпалықты алыстата түсу үшін, тағы елдерге ішкерілей ене түсуі керек. Осындай
жағдайға түскен барлық мемлекеттердің шарты осындай болды. Америкадағы Құрама
Штаттар, Африкадағы Франция, өз отарларындағы Голландия, Оңтүстік Үндістандағы
Англия — барлығы алға жылжып, қажеттіліктен мансап төмен болып, тоқтау қиын болған
жайт болды.
Мұндай субъективті түсініктемемен басып алушылықты ақтау өз саясатына заңды сипат
бермекші болған басқа да отарлы державаларға тән. «Өркениеттілік миссиясы» («mission
civilisatrice») аталған Ресей саясаты ауқымында сыртқы істер министрі көрсеткендей
тізбекті реакция бұл саясатқа еш альтернатива қалдырмаған секілді. Алайда мұндай
жағдай далалық көшпелілермен қалыптасуы мүмкін, ал оны автоматты түрде Орта
Азияның отырықшы тұрғындарына көшіруге болмайды. Горчаковтың пікірі ресейлік
жаулаудың толық және объективті түсіндірмесі болмаса да, ол оның идеологиялық
алғышарттарымен ресейлік орталықты Азияның қалай қабылдайтынын ашады.
1864 ж. мамырында полковник Черняев Верныйдың 2600 солдаты және Перовскіден
шыққан әскери бөлімімен бірге оңтүстік бағытқа қарай аттанды. Осы жылы Қоқан
хандығына қарайтын Шымкент қаласы алынды. Петербургтың нұсқауына қарамастан,
Черняев 1865 ж. ірі сауда орталығы Ташкентті жаулап алды. II Александр сол сәтте өз
бетінше жасалған бұл акцияға ризашылықпен бата берді. 1867 ж. Қоқан хандығының
солтүстік облыстары орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-
губернаторлығын құрды. Оның бірінші генерал-губернаторы генерал Фон Кауфман келесі
жылы батысқа аттанып, өзінен күші артық Бұқар әмірінің әскерін шауып, қашуға мәжбүр
етті. Самарқандты жаулап алды, бірақ, мүмкін Англияға қарағыштағандықтан болар,
белгілі бір символ секілді маңызды мәнісі бар Бұқарға тиіскен жоқ.
1873 жылы бір кездегі күшті, енді әскери күші жағынан әлсіз Хиуа хандығы жеңілді. 1875
ж. Қоқан хандығында қырғыз және өзбек көшпелілерінің орыстарға қарсы қасиетті
соғысқа айналған көтерілісі болған кезде, ресейлік әскерлер 1875 және 1876 ж.ж. бірнеше
әскери жорықтар жүргізіп, нәтижесінде Қоқан хандығының бүкіл оңтүстігін жаулап алды.
Ресейдің ең соңғы жаулап алған Орта азиялық аймағы батысқа қарай алыс орналасқан
Туркмения болды. 1869 ж. кейбір түркімен тайпалары ресей билігінің қол астында болған
Каспий теңізінің шығыс жағалауында Красноводск бекініс пункті салынды, бірақ толық
он жылдан кейін ғана Түркменстанды жаулау басталды. 1870 ж. Ресей әскерлері
түркімендерден әсерлі түрде жеңіледі. Кейінірек 20000 түйесі бар үлкен ресейлік әскері
генерал Скобелевтің басшылығымен түркімендерге қарсы шабуылдап, 1881 ж.
қаңтарында Гек-Тепе бекінісін алады, осы жерде 300 орыс пен 8000-нан аса түркімен қаза
табады. Осылайша, түркімендердің қарсылығы аяусыз басып жаншылады. 1884 жылы
Мерв оазисі, ал келесі жылы Гераттың жолында жатқан Кушка жаулап алынды.
Ауғанстанға кілт болып табылатын Мервтің алынуы Англияда ресейлік жаулап алулардың
одан ары Иран мен Үндістанға таралуы мүмкіндігінің қаупін оятады. Баспасөз
«мервозитет» және болуы мүмкін британ-ресей соғысы туралы сөйлей бастады. Бірақ
ағылшындардың батыл реакциясы ресейлік жаулаушылықтарды тоқтатты. Шекараны
белгілеу туралы бірнеше келісім-шарттар жасасқан екі держава өзара Орта Азияны
бөлісті, 1895 жылы бұл келісім-шарттар Памир келісімінде біржолата бекітілді. Бұл