Қазақстанның ашық кітапханасы
256
қатынастарын жүргізді. Көп уақытқа дейін мұсылман еместер Орта азиялық базарға кіре
алмады. 1717 ж. және 1839 ж. Каспий теңізі жағалауларынан Хиуаға қарсы Ресейдің
жүргізген жекелеген соғыс экспедициялары шөлейтте апатқа ұшырады. XIX ғ. I
жартысындағы елшіліктер мен жол сапарлар байланыстың кеңеюіне көмектесті, бірақ
бәрібір, ХІХғ. ортасына дейін ортаазиялық хандықтар Ресей үшін белгісіз, алыс,
экзотикалық Азия болып қалды. Тек қазақ далаларын түпкілікті қосу және олардың
оңтүстік шетінде бекіністерді тұрғызу ғана 50-жылдары Ресейді ортаазиялық
хандықтардың тікелей көршілеріне айналдырды. Қырым соғысы мен Кавказдың тау
халықтарын толық бағындыру үшін күрес жүргізу қажеттігі Ресейдің оңтүстіктегі жаулап
алуларын тағы да онжылдыққа тоқтатты. 1864 ж. черкестердің қарсылығын басып
жаншығаннан кейін ғана Орта Азияны жаулап алу басталды.
Отарлық жаулап алулар секілді, мұнда да экономикалық, стратегиялық және саяси себеп
болды. 60-жылдардың басындағы американдық азамат соғысы ресейлік тігін өнеркәсібіне
мақтаның жетімсіздігін туғызды. Сондықтан осы бір маңызды шикізаттың басқа да қайнар
көздеріне назар аудара бастады. Ортаазиялық сауда жолдары мен тауарды өткізу
рыногына бақылау жасаумен байланысты Ресейдің мүддесі де жанданды, себебі Шығыс
және Батыс Еуропада ресейлік өндіріс өнімдеріне деген сұраныс мардымсыз болатын.
Алайда осы кездегі ресейлік саясат, ең біріншіден, экономикалық емес, саяси-
стратегиялық себептермен анықталады деп көрсеткен көптеген кеңес және батыс
зерттеушілері шаруашылыққа негізделген себепті басты деуден бас тартты.
Ресейдің Қырым соғысындағы жеңілісінен кейін, оның Англиямен тайпаласы Азия
континентіне көшті. «Англиямен байланысты үзген жағдайда, — деп білдірді 1857 ж.
дипломат Н.П.Игнатьев өз пікірін, — тек Азияда ғана біз онымен күреске түсе аламыз».
Үндістанда бекініп алғаннан соң, британдықтар сол жерден Ауғанстанды өз бақылауына
алмақшы болды. Міне, осы жерде де екі ұлы отарлық державалар бір-бірімен қақтығысты.
Қажетті қорғанысқа байланысты пайда болған Ресейлік ой-пікір жаулап алушылық
ниетпен астасып жатты. Мысалы, генерал Скобелев: «Маған жүз мың түйе беріңдер,
сосын мен Үндістанды жаулап аламын», — деп мәлімдеген екен дейді.
Қырым соғысындағы кемсіткен жеңіліс Ресей элитасының, ең алдымен, әскери
басшылықтың намысына соққы болып, беделіне нұқсан келтірді, сол себепті олар оның
орнын толтырар жол іздей бастады. Азияда Ресей өзінің империялық күшін көрсетіп,
батыстық отарлық державалармен тепе-тендікке жетуі керек болды. Міне, осындай
пікірлер Петербургта кең тарады. Сондай-ақ Орта Азияны жаулап алуға қарсы дауыстар
да болды. Міне, осындай жағдайда, жекелеген перифериялық генералдар бастаманы өз
қолдарына ала алды. Жеке даңқын шығармақ болған олар кейде өз күшімен, ал үкімет өтіп
кеткеннен кейін ақылдасып, рұқсат берген бірнеше операциялар жүргізді. Бұл акциялар
Ресейдің кауіпсіздігін сақтау үшін қажеттілік болды деп негіздеу отарлық
басқыншылықтың басты құралы болатын.
Осындай соғысты тұтандырғандардың қатарына жатпайтын сыртқы істер министрі
Горчаков 1864 ж. жаулау механизмін былайша түсіндірді: Ресейдің Орта Азиядағы
жағдайы жартылай тағы, кезбе, тұрақты қоғамдық ұйымы жоқ халықтармен жұғысқан
барлық білімді мемлекеттермен бірдей. Бұндай жағдайда, шекара мен сауда
қатынастарының қауіпсіздігіне жабайы және сотқар әдет-ғұрып ыңғайсыздық жасамау
үшін анағұрлым дамыған мемлекет өз көршілеріне белгілі билік жүргізуі керек. Оны
шапқыншылықтар мен тонаушылықтарға тыйым салудан бастау керек. Осы нәтижеге қол
жеткізген жағдайда, соңғылары саябыр табады, бірақ өз кезегінде өздігінен алыс тұратын
басқа тайпалардың шабуылына ұшырауы мүмкін. Мемлекет оларды қарақшылықтан