Page 255 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
255
біртіндеп түріктендіру басталды, парсы тілімен бір мезгілде шығыс түрік жазба тілі
шағатай тілі де қолданылды.
Орта Азияның этникалық және тілдік қатынастары әрдайым дамуда болды. Қала халқы
көбінесе екі тілді болды: этникалық және тілдік белгілеріне қарағанда рулық немесе
аймақтық ұқсастық, дін мен өмір салты (көшпелі немесе отырықшы) маңыздырақ болды.
Жекелеген этнонимдер көп мағыналы және өзгеріске бейім болды, сол себепті
халықтардың қазіргі атауларының бұрынғы бейнеленуін іздеу адастыруларға әкелуі
мүмкін. Мысалы, отырықшы тұрғындарға байланысты қолданылған «сарттар» мен
«тәжіктер» терминдерінің арасындағы шекара онша анық болмай қалды. Себебі, өзбектер
деп, әдетте, Орта Азияға шайбанидтердің басқаруымен келген көшпелі тайпалар
есептелінді. Ал кеңес дәуірінде басқа да түрік тілдес және түркілендірілген отырықшы
этникалық топтарды өзбектер деп атады.
Орта Азияның орталық облыстарын иран тілдес, бірқатар түркілендірілген тәжіктер мен
ең алдымен өзбектерден тұрған әр түрлі түркі тілдес халықтар мекендеді. Шығыста,
тауларда бақташы-көшпелілік өмір салтын ұстанған қырғыздар (орыстар оларды қара-
қырғыздар деп атады) өмір сүрді, ал Памирді парсы тілінің әр түрлі диалектінде сөйлейтін
және бірқатар исламданған әр түрлі кіші халықтар қоныстанды. Батыста, Каспий теңізі
мен Амудария аралығындағы Қарақұм шөлінде, тілі азербайжандар мен осман
түріктеріндікіндей, түрік тіл тобының оғыз тармағына жататын түркімендер көшіп қонып
жүрді. Орта Азиялық аймаққа сонымен бірге қазақтардың оңтүстік тайпалары мен
қарақалпақтар да жатты.
Ресейлік жаулап алуларға дейін Орта Азияда басында өзбек әулеттері тұрған үш мемлекет
болды: Орталықтағы Бұқар әміршілігі, Арал теңізінен оңтүстікке қарай ескі Хорезмнің
солтүстік-батысына қарайғы жерлерді қамтыған Хиуа хандығы және оңтүстік шығыстағы
қырғыздардың да көпшілігі бағынған Қоқан хандығы. Түрікмендердің бір бөлігі Хиуа мен
Бұқардың билігінде болды, бір бөлігі Иранның, алайда іс жүзінде олар тәуелсіз болды.
Деспот билеушілері бар барлық үш ортаазиялық мемлекеттердің жіктелген әкімшілік және
киын салық жүйелері болды. Бұл жердегі тұрақсыздықтың қайнар көзі — хандар
арасындағы соғыстар мен жекелеген тақ мұрагерлерінің, отырықшы және көшпелілер
арасындағы ішкі қақтығыстар болды. Өзен жағалаулары мен оазистерде дамыған суару
жүйесі бар жер шаруашылығымен айналысты. Кейде ондаған мың тұрғындары бар
қалаларда сауда мен қолөнердің түр-түрі дамыды. Қоғамның басшылары хандар, әмірлер,
сұлтандар және тағы басқа ақсүйек өзбектерден тұрды. Иран тілдес және түрік тілдес
шаруа-егіншілер мен қолөнершілер көптеген алым-салықтар төлегенімен, жеке бас
бостандығы болды. Тұтқынға түскен басқа да халықтарды, мысалы орыстар мен
парсыларды құлға айналдырды. Консервативті исламдық (суннит) діни адамдар
мәдениетті өз қолдарында ұстады, Құранды оқытатын бастапқы діни мектептермен, орта
және жоғарғы оқу орындарын (медресе) қамтитын мектептік білім берумен де солар
айналысты. Сонымен бірге сопылар бауырластығы да белгілі бір рөл атқарды. Ислам
түрікпендер мен қырғыздар арасында халықтың отырықшы тобына сіңгендей етіп
орнықпады. Мұнда әлеуметтік құрылымды рулық құрылыс анықтады және әлсіз түрде
жіктелді. Шөл және шөлейтті далаларды мекендеген түркімен бақташы-көшпелілер қой,
жылқы және түйе бақты, ержүрек әскер ретінде атақтары жайылды, сондай-ақ
қарақшылар ретінде қорқыныш туғызды. Кейбір түркімен тайпалары оазистердің
отырықшы тұрғындарын құрады. Отар қойлары мен табын-табын жылқылары бар
қырғыздардың көпшілігі Тянь-Шаньның биік тауларында көшіп жүрді.
Ресей XVI ғасырдан бері ортаазиялық көпестер мен Волгалық татарлардың
делдалдығының арқасында Орта Азияның мұсылмандық орталықтарымен сауда