Page 254 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
254
қатты шектеді, келесі екі онжылдық бойына жүз мыңдаған қоныс аударушылар
Еуропалық Ресейден Қазақстанның солтүстігіне ағылды. Олар даланы Солтүстік
шеттеріндегі, жазғы қуаңшылық кезінде малды сақтау үшін қажет болатын құнарлы
жайылымдық жерлерді өз иеліктеріне алды. Жайылымның маусымдық ауысуы осылайша
шектеліп, бақташы-көшпелілер оңтүстік қуаңшылығы мол аудандарға тықсырылды. Бұл
қазақтарға өте ауыр экономикалық мәселелерді туғызып қана қойған жоқ, олардың
көшпелілікке негізделген бүкіл әлеуметтік жүйесін шайқалтты. Сондықтан қазақтардың
бір бөлігі отырықшылық жағдайға көшті, бірақ көпшілігі өздерінің дәстүрлі өмір салтына
адалдығын сақтап, жер өлшеушілерге, әкімшіліктің өкілдеріне, солдаттар мен шаруаларға
қарсылық көрсетті. Көшпелі қазақтар мен отырықшы шығыс славяндар арасындағы дау-
жанжал мүмкіндігі күшейіп, 1916 ж. ірі көтерілісте анық көрінді. Отырықшы тұрғындар
мен көшпелілер арасындағы конфронтация кеңес өкіметі тұсында да жалғасты. 30 ж.ж.
Сталин Ресейдің «өркениеттілік миссиясын» өзінің логикалық шыңына жеткізді: өте бір
қаныпезерлікпен қазақтарды отырықшылыққа күштеп өткізді.
IV.
ОҢТҮСТІК ОРТА АЗИЯНЫ ЖАУЛАП АЛУ ЖӘНЕ ҚОСУ
Ішкі Азияның тарихын оппозиция мен оны толықтырушы малшы-көшпелілермен теңіз
жағалаулары мен оазис тұрғындарының симбиозы арасындағы өзара қатынас анықтайды.
Қазақ далаларынан оңтүстікке қарай өз суын Аралға жеткізетін Сырдария мен Амудария
өтіп жатқан үлкен шөл далалар (Қарақұм, Қызылқұм) жатыр. Гректер Яксартес және Оке
деп атаған екі өзен өз бастауларын Тянь-Шань мен Памир тауларынан алды. Басқа онша
биік емес таулармен бірге олар батыста аймақтың оңтүстік шекарасын құрайды. Өздеріне
тән шөлді даласы, оазистері және таулары бар бұл облысты бұдан ары қарай мен «Орта
Азия» деп атаймын, ал Сыньцзян, Ауғанстан және Монғолияны қамтитын үлкен
территорияға «Орталық Азия» ұғымын қалдырып, «Түркістан» атауын ресейлік әкімшілік
бірлікке қолданамын.
Орта Азияның оазистері мен теңіз жағалаулары біздің эрамызға дейін көп ілгері суармалы
егіншілік пен саудаға негізделген ұлы мәдениеттердің даму орны—бесігіне айналған
болатын. Ішінде Қытайға қарай ұлы Жібек жолы болған керуен жолдарының қиылысында,
Сырдария мен Амударияның орталығындағы Трансоксания немесе Мавереннахрда
қалалық орталықтар — Самарканд пен Бұқара, солтүстікке қарай — Ташкент, Хорасанда
оңтүстік-батыста Мерв, Арал теңізінен оңтүстікке қарай, Хорезмде Үргеніш пен Хиуа
пайда болды. Бұл өлкеге мәдени әсер еткен маңызды екі фактор — Иран мен ислам болды.
Ертеде Орта Азия Парсыға тиесілі болды, ал Александр Македонскийдің Сырдария
аудандарына жорығы оны эллинизммен тоғыстырды. Арабтар жаулауынан кейін Орта
Азия, X ғ. Саманидтер кезінде Иран — исламдық мәдениеттің ең жоғарғы гүлденген
шағында болды, ал астанасы Бұқара мұсылмандық ғылыми әлемнің орталығы болды.
Орта Азияның саяси тарихын көбіне-көп көшпелілердің шапқыншылығы айқындайтын.
Кейінгі кезеңде монғол-татарлар мен оның мұрагер мемлекеттері шешуші роль атқарды.
Ұлы жаулаушы Темір кезінде XIV ғ. соңы — XV ғ. басында Орта Азия тағы да гүлдену
дәуірін басынан өткізді. Самарканд тимуридтер мемлекетінің жарқыраған астанасына
айналды. Жүз жылдан кейінгі соңғы жаулап алушылар — даладан шыққан өзбек
Шайбанидтер болды. Олардың билігінде болған Орта Азия XVII-XVIII ғ.ғ. экономикалық
және мәдени дамуы жағынан құлдырады. Бұған әкелген жағдай ұлы географиялық
ашулардан кейін континентаралық керуендік сауда жолының маңызының, теңіз сауда
жолына қарағанда төмендеуі, сондай-ақ орта азиялық сунниттердің иран шейіттерінен
оқшаулап қалуы болды. Өзбектердің билігі кезінде Орта Азияның отырықшы халқын