Page 253 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
253
Қазақ дәстүрінде Кенесары Қасымұлы Шәмілмен салыстыруға болатын батыр тұлғаға
айналды, ал кеңес тарихнамасы кезекпе-кезек, бірде бұл көтерілісті прогрессивті
әлеуметтік және ұлттық-революциялық қозғалыс деп, бірде ақсүйектердің реакциялық бой
көтеруі деп түсіндірді.
XIX ғ. ортасына қарай Ресей қазақ даласының үлкен жерін басып алды. Бұл ресейлік жаңа
жерлердің кауіпсіздігін Арал теңізінің солтүстігіндегі Ырғыз, Торғай, Арал (1845-1847
ж.ж. қабырғалары қаланған), Сырдарияның төменгі ағысындағы Перовск (Қоқан ханының
бекіністерінің бірінің орнына 1853 ж. көтерілген) және Тянь-Шаньның етегінде
орналасқан Верный (қазіргі Алматы) бекіністері қамтамасыз етті. Алғашқыда үш ордаға
бөлінісіне байланысты сәйкестендіріліп «Орынборлық қырғыздар», «Сібірлік қырғыздар»
(орталығы Омбыда болғаны үшін) және Семейде басқару бірліктері құрылды. Оңтүстік
Орта Азияны жаулап алғаннан кейін қазақ далалары одан әрі әкімшілік бөліністерге
бөлінді. Сырдария мен Жетісудағы оңтүстік облыстар 1867 жылы құрылған Түркістан
генерал-губернаторлығына қарады, ал басты Солтүстік бөлік 1868 ж. екі облысқа бөлініп,
бірі — Орынбор генерал губернаторлығына, ал екіншісі - Батыс Сібір (1892 ж. бастап
Далалық) генерал-губернаторлығына берілді. Барлық далалық облыстардағы жергілікті
басқару жүйесі 1891 ж. арнайы Устав — Ереже бойынша реттелді. Басшылығында
орыстар отырған өлкелік басқармаларға дәстүрлі құқық негізінде әрекет ететін
«Ақсақалдар кеңесі» және соттар арқылы өз билігін жүзеге асыратын, жергілікті
басқаруда өз автономиясын сақтаған қазақтар да тартылды. Ресей бұл жерде де орыс емес
элитамен ынтымақтастықта болды, бірақ қазақ бектері, Кавказдың мұсылмандарды (толық
мәнінде болмаса да) тартқандай, Ресей дворяндарының қатарына кіргізілмеді.
«Бұратаналық» құқықтық категория 1822 жылы «Сібір қазақтарына» енді көшпелілер деп
есептелінетін барлық қазақтарға таңылып, сол арқылы олар толық құқықты азаматтар
қатарына кіргізілмеді. Бірақ түземдіктердің өзін-өзі басқарудан бөлек өзіндік
артықшылықтары да болды, мысалы, әскери қызметтен босатылды. 1860 ж. Кіші Орда
қазақтарының бір бөлігі ресейлік әкімшілік басқарудың жаңа тәртібіне көтеріліспен жауап
берді, бірақ ресейлік жазалаушы отряд бұл толқуды да қатал басып тастады.
1822 ж. Уставта белгіленгендей, қазақтарға байланысты Ресей саясаты көшпелілерді
«анағұрлым жоғары саты» болып табылатын отырықшылықты өмір салтына жақындату
мақсатын ұстанды. Басқарудың территориялық жүйесі, ақшалай салық пен жаңа жер
заңдары қазақтардың икемділігін, табиғи және жайылымдық шаруашылығын бұзды.
Мәдени және экономикалық салада Ресей үкіметі XVIII ғ. соңынан бастап қазан
татарларын казактарды «өркениеттілеуге» пайдаланды. Татар және орыс көпестері
ресейлік өнеркәсіп үшін өнімнің басты қайнар көзі мен жабдықтаушысына айналған
қазақтармен саудада анағұрлым белсенділік танытты. Осы кездері татар молдаларына әлі
де болса пұтқа табынушылықтың әсеріне қатты берілген көшпелілер арасындағы өз
позицияларын күшейту мүмкіндігі туды. Татарлардың қазақтар арасында батыстық
әсердің таратылуына мүмкіндік туғызғанымен, исламдық ұлттық қозғалыстардың
дамуына да жәрдемдескенін байқағаннан кейін шенеуніктер қазақтарды татарлардың
әсерінен арылту үшін, ориенталист Ильминскийдің жүйесі бойынша, аралас қазақ-орыс
мектептерінде оқытпақшы болды. Алайда бұлайша күш салу қазақтардың Ресей
империясымен біріктірілуіне қарағанда, көп уақытқа дейін олардың ұлттық
қозғалыстарының оянуына көбірек мүмкіндік туғызды.
Басқа да көшпелілер секілді, қазақтардың тұрақтылығын бұзған басты фактор олардың
жайылымдық жерлеріне орыс және украин егіншілерін қоныстандыру болып табылды.
Далалық шет аймақтарды, негізінен, казактар отарлап болғаннан кейін (бұлай орналасу
ұзақ және жай жүрді), XIX ғ. 60-жылдарынан бастап егіншілік белдеудің шекарасы бірте-
бірте Оңтүстікке қарай ішкеріледі. 1891 ж. Далалық Ереже қазақтық жер иеліктерін өте