Page 252 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
252
монгол үлгісіндегі бұл құрылымдар тайпалардың әлсіз конфедерациясы болды. Жеке
ордаларда сайланып койылатын хандардан бөлек, күшті ру ақсүйектері өз қатарларынан
сұлтандар мен бектерді (билерді) де ұсынып отырды. Даладағы қазақтардың дәстүрлі
қарсыластары батыс монголдар (ойраттар) мен соларға жататын қалмақтар болды. XVIII ғ.
алғашқы онжылдықтарында ойрат әскерлері әрдайым Қазақстанға шабуыл жасап,
қазақтарды сан рет жеңді. Бұл қауіп қазақ хандарын батыстағы отырықшы көршілері —
Ресей императорларынан шығыстағы көшпелі жауына қарсы күресте көмек сұрауға
мәжбүр етті.
Ресейдің қазақ даласына шығуын XVIII ғ. далалық шекарадан асып кеткен, Ресейдің
құрамына оңтүстік көшпелілер — башқұрт, қалмақ және ноғай татарларын кіргізуге
әкелген «Алтын Орда жерлерін жинау» саясатының құрамдас бөлігі деп қарауға болады.
Қазақтардың дәстүрлі жазғы жайлауларына шабуыл Оңтүстік Орал жағынан басталып,
кейінірек Орынбор шебімен байланыстырылып бекіністер шебіне біріктірілген Ертістегі
Омбы (1716) және Семей (1718) бекіністерінің қабырғасын қалаудан басталды. Бір
мезгілде ресейлік-азияттық сауда қатынастарында маңызды болып табылатын
қазақтармен сауда қатынастары жылдам дами бастады. Хандардың өз тарапынан көмек
сұрауы Ресейге өз ықпалын әскери жолмен де бекітуге мүмкіндік берді.
1731 және 1742 ж.ж. аралығында Кіші мен Орта Орданың және Ұлы Орданың шығыстағы
кейбір тайпа көсемдері Ресейлік патшаға адалдық антын берді. Нақ осындай басқа да
оқиғалар секілді далалық көшпелілер патшаға бағынуды екі билеуші арасындағы уақытша
келісім деп есептеді, ал тайпа көсемдері өздерін осы одақпен байланып қалдым деп
есептемеді. XVIII ғ. екінші жартысында нақ осындай жолмен Маньчжурлық
императордың қолдауында болған Орта және Ұлы жүздердің хандары да бағынды.
Осыдан кейін 1757 ж. Батыс моңғолдарды Қытай жаулап алады. XVIII г. қазақ жүздері
Ресей империясының құрамдас бөлігі деп есептелмесе де, Ресейлік көзқарас бойынша,
хандардың адалдық жөніндегі берген анттары Ресейдің оларға билігін негіздеген
құқықтық актілер болып табылды. Олар кеңестік тарихнамада да «Қазақтардың Ресейге өз
еркімен қосылуының» бастапқы мерзімі деп карастырылды. Сонда да, қазақтардың Ресей
империясының құрамына кіруі туралы Ресейдің қысымы анағұрлым күшейген XIX ғ. I
жартысынан бастап қана сөз етуге болады. Бір мезгілде қазақ ордалары ішкі дағдарысты
басынан өткеріп жатты, ол кезде олардың саны Орал мен төменгі Еділ арасында 1801 ж.
Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылғаннан кейін төртеу болды. 1822 ж. Орта орданың ханы
тақтан тайдырылды, ал оның жері Сперанскийдің бұратаналық уставының негізінде
құрылған Сібір әкімшілігінің билігіне өтті. Орта Орданың жолын 1824 жылы — Кіші
Орда, 1845 ж. — Ішкі Орда қуды, тек Қоқан хандығына да қараған Ұлы Орда ғана
біртіндеп, кезеңдерге сай, 1848 жылға қарай Ресейлік билікті таныды. Жаңадан Көкшетау
және Ақмола бекіністерінің негізі қаланды және қазақтарды бақылап, олардың
жайылымдық жерлерін қысқартып отыратын бекіністі шептер күшейтілді.
Міне, осыдан кейін, XVIII ғ. соңынан бастап қазақтар ресейлік билікке қарсы бірнеше
бүліктер ұйымдастырды, сондай-ақ езгінің күшеюі мен ордалардың жойылуына қарсы
жауап ретінде Пугачев көтерілісіне де қатысты. Қазақтар ресейлік гарнизондарға,
казактарға, қоныстанушылар мен көпестерге шабуыл жасады, ал Орта ордадағы 1825 ж.
жағдай жаппай толқуға ұласты. Бұл толқуларды 1837 ж. басты тұлғаға айналған,
Абылайдың немересі, Орта Ордада ханның саяси күшіне ие болған Кенесары Қасымұлы
(1802-1847ж.ж.) басқарды. Ол қазақтарды Ресейге қарсы біріктіріп, хандықты қалпына
келтірмекші болды. 1846 ж. әскерлер Орта Ордадағы толқуды басып жаншыды, бірақ 50-
жылдары жана көтерілістер болып тұрғандықтан, жалпы алғанда бұл күрестің толқулары
жиырма жылға созылды.