Қазақстанның ашық кітапханасы
251
1822 ж. бұратаналар уставы Мәскеу мемлекетінің аз халықтарға қатысты қамқорлықтың
ағартушылық мақсатымен бірге дәстүрлі прагматикалық саясат пен өркениеттілік
миссиясын («mission civilisatrice») біріктірді. Бұндай реформаторлық бағдарлама көп
ұзамай Сібірлік шындықпен, әкімшіліктік астамшылықпен, жемқорлық пен бақылаудың
жеткіліксіздігімен соқтығысты да, аз ғана бөлігі жүзеге асырылды. Соған қарамастан, бұл
бастаманың маңыздылығы орыс емес хал ықтарды империяның «табиғи»тұрғындарынан
айыратын құқықтық жаңа категорияның пайда болуында деп есептейміз. Бұратаналар
бірқатар артықшылықтар мен арнаулы қорғауға ие болғанымен, олар екінші сортты
азаматтар болды. Осы арқылы Ресей үкіметі империяның орыс емес тұрғындарын
иерархиялық екі топқа бөлуге көмек беретін құралға ие болды. Мәселе Сібір
халықтарынан өзге қандай этникалық топтардың отарлық басқыншылықтан кейін
бұратаналарға жатқызылатыны, ал қайсысының жатқызылмайтындығында болды. Бірте-
бірте «бұратана» ұғымы бұл құқықтық категорияларға қатысы жоқ халықтарға да тарай
бастады. Орыс публицистикасында алғашқыда Шығыстағы барлық орыс еместер,
кейінірек империяның орыс еместерінің барлығы жиі «бұратана» деп атала бастады. Бұл
ұғым өзінің алғашқы бейтарап мәнісінен бірте-бірте айырыла бастап, «мемлекеттік
халық» ұлтшыл идеясымен қамтылып, өзге ру, тайпа, өмір салты, өзге нәсілге
жататындарды жеккөрінішті мағынада айтуға қызмет етті.
III.
ӘР ҚАДАМ САЙЫН ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ІШКЕРІЛЕЙ ЕНУ
Батысында Оңтүстік Орал мен Каспий теңізі, Шығысында Алтай және Тянь-Шань
тауларына дейін 3000 км-ге, Оңтүстік Сібір мен Орта Азия оазистеріне дейін 1500 км-ге
созылып жатқан орасан үлкен далалық кеңістік қазақтардың мекендеген жері болып
табылады. Қазақ тарихының манызды факторы — көшпелілік болды және қазақ тіліндегі
«қазақ» және «көшпенді» ұғымдары бір сөзбен берілетін. Қазақтар жайылымын маусымға
сай ауыстыратын: жаздың ыстық күндерінде даланың солтүстік бөлігінде (Оңтүстік Сібір
мен Оралдың оңтүстігінде), суық қыста — Оңтүстік облыстардағы жартылай шөлейтті
жерлерде мал шаруашылығымен айналысты. Жетісудың таулы аудандарында, шығыста
олар отарлы мал шаруашылығымен айналысты. Олардың маңызды байлығы жылқы, қой,
ешкі, сирек — ірі қара мал (оңтүстікте түйе) табындары мен үйірлері болып табылды.
Олардың әлеуметтік-саяси құрылысы рулық құрылыс болды. Рулық құрылымда — көшіп-
қонуға икемді ауылдың барлық әлеуметтік байланыстары мен барлық көшіп-қонуды
ауылдың бай әулеттері ұйымдастырды. Басқа көшпелілер мен отырықшы көршілеріне
қарсы жиі қарақшылық және әскери жорықтар жүргізіп отырды. Патриархалды дәстүрлі
құқық пен пұтқа табынушылық түсініктер ата-бабалар аруағы мен андардың аруағына
ғибадат ету жүйесімен бірге исламдық діни құлшылыққа қарағанда тереңірек және кең
тараған. Ноғай татарлары, башқұрттар мен қалмақтардан кейінгі бақташы-көшпелілер мен
отырықшы-егіншілікпен айналысатын тұлғалар арасындағы конфронтацияның келесі
мысалы қазақтардың Ресеймен жанасуы болды.
Түрік тілді қазақтардың этникалық тобы деректерде қазақ хандығына байланысты XV
ғасырдан бастап қана айтыла бастайды. Орыстар оларды кеңес дәуірінің басталуына дейін
«қырғыздар» деп, ал нағыз қырғыздарды «қарақырғыздар» деп атады. Қазақтарға туыстық
жағынан жақыны — қарақалпақтар да көшпелі өмір салтын ұстанды.
Қазақтың ақсүйек топтары XV ғасырда Өзбек хандығынан бөлініп, далалық өз хандығын
негіздеді. Кейінірек хандық үш ордаға, нақты айтқанда — Кіші немесе батыстағы Кіші
ордаға, Үлкен немесе шығыста, Жетісудағы Үлкен немесе Ұлы ордаға және олардың
ортасында жатқан далалық жердегі Орта Ордаға бөлінді. Үлкен кеңістікті қамтып жатқан