Page 250 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
250
ағартушылық және миссионерлік қызметі де көмектесуі керек еді, яғни ислам жаңа
саясаттың құралы мен әдісі болды.
Отырықшылар мен көшпелілер арасындағы күрт айырмашылық 1767 ж. таратылған заң
шығарушы комиссияға олардың өкілдерін шақыруларда да көрінді: көшпелілер
қатысушылар қатарынан шығарылып тасталған кезде, отырықшы мұсылмандар мен пұтқа
табынушылар комиссия жұмысына қатыстырылды. Сол арқылы, көшпелілер анық түрде
екінші сортты азаматтар деп карастырылды. Комиссия «көшпелі өмір салтын ұстанушы
көшпелілер үшін» өз заңдарын даярлады, 1798 ж. Ресейдің қол астындағы «отырықшы
еместерге» арналған Ереженің жобасы ұсынылды. Ол арқылы көшпелілерді мемлекеттің
толыққанды азаматтарына айналдыру көзделді. Оларды алғаш рет осы жерде «бұратана»
(бөтен тайпа мүшелері, аллогендер) деген ұғыммен берді (кейінірек бұл ұғым «бөтен
сенімдегілер» ұғымын ығыстырды).
1822 ж. ғана реформатор-ағартушы М.М.Сперанский бұратаналар туралы жаңа ереженің
құқықтық негізін жасап шығарды. 1819 жылдан 1821 жылға дейін Сібірдің генерал-
губернаторы болған Сперанский Г.С.Батеньковпен бірге Сібірді басқару тәртібімен
«Бұратаналарды басқару туралы Уставты» жасап шығарды.
«Бұратана» деп аталатын жаңа құқықтық категория өркениеттілік дамуының кезеңдеріне
сай халықтың үш тобын қамтыды: Қиыр Солтүстіктің («қаңғығандар») аңшылары,
терімшілері және балықшылары, соның ішінде чукчалар ерекше статусқа ие болды; саны
жағынан ен көбі болып табылатын «көшпелі» бұратаналар; мемлекеттің толық құқықты
азаматтары жағдайына өтпелі кезенді бейнелейтін «отырықшы бұратаналар».
Реформалардың мақсаты Ресейдің өзге өркениеттілік көзқарас тұрғысынан артта қалған
деп қарастырылған этностарын жоғарғы деңгейде (отырықшы орыс тұрғындарының өмір
сүру деңгейіне) көтеру болып табылады. Сперанский бұл мақсатқа біртіндеп және өз
еркімен жетуді көздеді. Алдымен ол бұратаналарға олардың өмір салты мен
шаруашылығын ескере отырып, орыс әкімшілігінің бассыздығынан сақтайтын өздерінің
құқықтық уставын беру керек деп есептеді.
1822 ж. Устав бұратаналарға биліктің төменгі рулық-тайпалық құрылыс дәстүрлеріне
бейімделген деңгейіндегі, кең түрдегі өзін-өзі басқаруға кепілдік берді. Ең төменгі саты -
«рулық басқару», екіншісі — «бұратаналық басқарма», үшіншісі — «далалық дума»
болды. Аңшылар мен терімшілер үшін ең төменгі саты көзделді, көшпелілер үшін екінші
саты, ал ең ірі халықтар — якуттар мен буряттар үшін қосымша «далалық думалар»
қарастырылды.
Бұл институттардың міндетіне жергілікті өзін-өзі басқару, полицейлік функциялар,
(жергілікті дәстүрлі құқық негізіндегі) сот ісі және алым-салық жинау кірді. Оларды рулар
мен тайпалық одақтардың басшылары болып табылатын ақсақалдар мен старшындар
басқарды. Сонымен, Сперанскийдің реформасы дәстүрлі принципке негізделген статус
пен орыс емес элитамен ынтымақтастықты қамтамасыз етуі керек еді. Осымен
байланысты тағы бір жағдай — бұратаналардың билеуші топтары «қадірлі бұратана»
титулына ие болды және оларға барлық артықшылықтарының сақталуы уәде етілді. Бірақ
олар мұрагерлікке берілетін империяның дворяндары қатарына кіргізілмеді.
Бұратаналардың міндеткерліктері де сатыларына байланысты реттеліп, бөлініп берілді:
бұрынғыдай олар ясак төлеуге міндетті болды (бағалы тері немесе ақшамен), көшпелілер
үшін қосымша аймақтық земдік міндеткерліктер белгіленді. Бурят казактарынан өзге
барлық бұратаналар әскери қызмет үшін рекруттар беру міндетінен азат етілді. Негізінен,
орыс шаруаларына қарағанда бұратаналардың жүгі анағүрлым жеңіл болды. Одан бөлек,
оларға сенім, сауда және кәсіп бостандығының сақталатындығына кепілдік берілді.