Қазақстанның ашық кітапханасы
249
XVIII г. екінші жартысынан бастап Ресейдің батысқа бағытталуының күшеюі мен жаулап
алудың негізгі қозғаушы күші ретінде Алтын Орданың жерлерін жинаудың «маңызы»
екінші кезекке ығыстырылады. Сонда да, бұл әсіресе, XVIII ғ. бері бір бөлігі ресейлік
протектораттың қол астында болған казактармен болған жағдайда көрінгендей, XIX г.
орыстың азиаттық жаулап алуында өз жалғасын тапты.
Алайда қазақ даласын жаулап алудың негізгі кезеңі өзгертілген жағдайға сәйкес, XIX ғ.
ғана жүргізілді.
Бесінші тарау
XIX ғ. АЗИЯҒА ОТАРЛЫҚ БАСҚЫНШЫЛЫҚ
Орта ғасырлардан бері шығыс славяндар Азияның шабандоз-көшпелілері мен
мұсылмандармен тығыз байланыста болды: Азия Ресей үшін Дала әлемі мен Ислам әлемін
бейнеледі. Ресейдің азиялық көршілеріне деген қарым-қатынасы ертеден-ақ аумалы-
төкпелі (амбивалентті) болды: бір жағынан, көшпелілермен әскери қақтығыстар және
православие мен ислам арасындағы антогонизм көзге ұратын; екінші жағынан — Даламен
де, мұсылмандармен де тығыз, қарқынды экономикалық, саяси және мәдени өзара
байланыс пен Алтын Орданың жоғарғы билеушілеріне қатысты прагматикалық саясат.
Жүргізілетін істің мәніне келгенде Ресей далалық көшпелілер мен мұсылмандарды, бір
діндес емес болса да, тең құқықты серіктес деп таниды. «Алтын Орда жерлерін жинау»
кезінде осындай қатынас Мәскеу мемлекетінің қол астына кірген мұсылмандар мен
көшпелілерге де кең таралды, әдетте, олармен іскерлік қарым-қатынас антогонистік
жіктерге бөлінуден жоғары тұрды.
XVII ғ. екінші жартысы мен XVIII ғ. бірінші жартысында Ресейдің Далаға экономикалық
және әскери қысымы күшейді. Сол кездері Ресей Батыстық, Азиядан артықшылыққа
негізделген еуропацентристік сананы қабылдады, азиялықтарға қатысты дистанция
үлкейіп, «ислам», «көшпенді», «Азия» және «Шығыс» ұғымдары жактырмау сипатына ие
бола бастады. Осы әлеммен арадағы шекараны анықтаушы маңызды критерий ретінде дін
кызмет етті. «Бұратана» ұғымымен империяның барлық христиан еместерін белгіледі.
Батыс үлгісі бойынша, Ресейде пұтқа табынушылар мен мұсылмандарды, қажет болған
жағдайда, күш қолдану мен міндеттеу арқылы христиандандырмақшы болды. Сондай-ақ
Ресей башқұрт және қалмақтар секілді бүлікшіл көшпелілерге қарсы қатал әрекеттер
жүргізе бастады.
II Екатеринаның ағартушылық абсолютизмі саяси бағытқа жаңа өзгешелік әкелді;
сонымен бірге Ресейдің орыс емес халықтарының қиян-кескі қарсылығы Ресейді нәтижелі
жымысқы саясат түрін қолдануға қайта оралтты. Бірақ бұл Азия халықтарына деген
қатынасындағы кері шегініс емес еді, керісінше, еуропацентристік бағытталу мен Ресейдің
Азиядағы «Өркениеттілікті енгізу миссиясына» деген сенімі күшейді. Даланы шығыс
славяндар мен колонистермен қоныстандыру барысында көшпелілер олардың
өркениеттілік әрекетінің белсендірілуінің негізгі нысаны болды, ал олардың арасындағы
өзгешеліктердің ішінаралық маңызды критерийлерінің бірі діннен бөлек өмір салты
болды. Адамзаттың аңшылар мен табиғат сыйын терушілерден көшпелілік арқылы
отырықшылыққа қарай дамуы заңдылық деп қабылданып, осындай пікірге сай олар
жабайы, құрылымы ұйымдаспаған, моральдық бағалылығы да төмен көшпелілер бірте-
бірте еуропалық мәдениеттің жоғары деңгейіне «көтерілуі» керек деп есептеді. Далалық
облыстардың солтүстігін егіндік жер ретінде пайдаланудың практикалық мақсаты осымен
байланысты еді. Жабайы көшпенділердің өркениеттену ісіне олардың жерлерін шығыс
славяндардың жаулап алуы мен казактар арасындағы татар мұсылмандарының