Қазақстанның ашық кітапханасы
246
жағдайынан артықшылығының басты себептері болды. Жер иеліктерін не бөлуге, не
өзгертуге мүмкіндік бермейтін жерді иелену құқығының ерекшеліктері, сондай-ақ
экономикалық және білім беру алғышарттарының артықшылықтары Қара теңіз
жағалаулары аймақтарында неміс шаруашылықтарының (әсіресе, меннониттерге
жататындары), қауым мүшелері арасында жерді қайта-қайта өзгерте беретін орыс жүйесін
қабылдаған Волга бойындағы болгар, грек және немістерге қарағанда, әдетте, анағұрлым
жетілген, табыскер болуына әкелетін.
Протестанттық және католиктік тұрғындары бар неміс колониялары православты
ортадағы анклавтар болып қала берді. Олар ауыл шаруашылығы мен қолөнерін дамыту
арқылы өздеріне артылған сенімді ақтағанымен, шығыс славяндық шаруаларға үлгі
боларлықтай ешбір әсері болған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ
XVIII ғ. соңында Қалмақ және Қырым хандықтары өмір сүруін тоқтатқан соң, «Алтын
Орда жерлерін жинау» аяқталды деуге болады. Днепр мен Жайық (Орал) арасындағы Дала
ресейлік бақылау астында болды, ал Шығыста Ресей Монгол даласы мен Қытай
шекараларына дейін жетті. Ресей енді Алтын Орданың — еуразиялық державаның сөзсіз
мұрагеріне айналды.
Мұрагерлік үшін бұл күрес үш ғасырдан аса уақытқа созылды. Оның алғашқы фазасы
дәстүрлі далалық саясат шеңберінен шыққан жоқ. Қазанды жаулап алғаннан бастап ол
ертеректе орыс жерлерін жинаған секілді, Алтын Орда территориясын ресейлік
державаның құрамына кіргізу мақсатын көздеген империялық басқыншылық саясатқа
айналды.
Бірнеше онжылдықтар ішінде Тынық мұхитқа дейінгі Сібірдің орманды кеңістігі жаулап
алынды және бұл жерлерде Мәскеу Солтүстікке шапқыншылықтың ортағасырлық
новгородтық дәстүрін жалғастырды.
Үшінші фазасы, Далаға билік жүргізу мен Каспий және Қара теңізге шығу үшін күрес
ұзағырақ жүрді: Ресей 1556 ж. құрамына Астраханды қосқаннан кейінгі екі ғасырдан
астам уақыт бойы, өзінің күшті бақталасы — Қырым хандығын 1783 ж. жолынан
жойғанға дейін қадамдап алға жылжи берді. Бұл қадамның ерекше ауыр болғаны қырым
татарларын Алтын Орданың мұрагерлерінен үміткер басқа күшті еуразиялық мемлекеттің
қолдағанына байланысты еді. Күреске Осман империясы араласқаннан бастап Ресейдің
Алтын Орда жерлерін жинауы еуропалық саясатының негізгі тақырыбына айналды.
Жекелеген облыстарды жаулау кезіндегі Ресейдің пайдаланған әдістері қарсыласының
әскери және саяси күшіне байланысты өзгеріп отырды. Мақсатқа қадамдап, біртіндеп
жету дәстүрлі далалық саясат рухына сай, әдеттегідей жайт болды. Ең алғашқы міндет —
таққа бейтарап итаршысын отырғызып, адал болуға ант беру түрінде көрінетін біршама,
жарым-жартылай протекторат орнату. Ресейдің көзқарасы бойынша, бұл бірте-бірте қатал
бола бастаған билік пен бағыну 25-59 қатынасын орнату болып табылады, ал екінші
жағынан, бұндай келісім актілері жеке өзіне ғана тән және белгілі уақыттың шеңберіндегі
уақытша бағыну деп есептелді.
Біртіндеп жаулап алу барысында Ресей орыс еместерді біріне бірін айдап салып,
жауласқан элитаның бір бөлігін өзіне тарту арқылы, «Бөліп ал да, билей бер» саясатының
әдістерін шеберлікпен пайдаланды.