Page 245 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
245
XV ғ. бері Ресейге Батыс Еуропадан мамандар шақырылатын және Ұлы Петрдің кезеңінен
бастап олардың саны елеулі түрде өсті. Олар қалаларда, ең алдымен, жаңа астана —
Санкт-Петербургке қоныстанды. Шетелдердің колониялары сонымен бірге, елдің
оңтүстігі мен шығысындағы басқа да қалаларда болды. Мысалы, Астрахандағы армяндық
шығыс көпестерінің колониясы. Мұнда Императрица Елизаветаның кезінде Осман
империясынан келген провославты эмигранттар украин далалық шекарасын қорғау үшін
қоныстандырылды.
«Ново-Сербия», «Славо-Сербия» әскери қоныстарында 1750 жж. басынан бастап, ең
алдымен, румындар, сербтер және болгарлар өмір сүрді.
Жаңадан ие болған далалық кеңістікке шетелдіктерді орналастыруға шешуші күш, әрі
импульс болған II Елизветаның 1762 және 1763 жж. екі манифесті болды. Шетелдік
колонистерге жер, ақша және несие берілуі, «отыз жылға олардың әрқайсысы барлық
алым, міндеткерлік және салықтардан босатылуы» керек болды. Бұған қосымша олар
әскери қызметтен есепсіз уақытқа босатылды, оларға дін және әдет-ғүрыпты уағыздау мен
ішкі өзін-өзі басқару еркіндігіне кепілдік берілді. Императрицаның шақыруына ең
алдымен бұдан кейінгі жарты ғасыр бойы Ресейге эмиграциаланған оңтүстік-батыс
Германиядан шыққан немістер жауап берді. Олардың ұрпақтары әлі күнге дейін бұрынғы
Кеңес Одағының территориясында өмір сүруде.
1775 ж. дейін қоныс аударғандардың алғашқы тобының құрамындағы 30000 адам Төменгі
Волгадан батысқа қарай, башқұрттар мен қалмақтардан қорғалған далалық аудандарға
орналасты. Волга бойына келген алғашқы немістердің ішінде 1765 ж. Царицыннан
оңтүстікке қарай, Сарептерде үлгілі колонияны негіздеген гернгуттерлік бауырластық
(діни секта) мүшелері де болды.
Осы мезгілде украиндық далалық шекаралық облыс қайта өзгертіліп, «Новороссия» деп
атала бастады. 1775 ж. днепропетровскілік казактар автономиясының соңғы тірек пункті
Запорожье Сечі таратылғаннан соң, 1783 ж. Қырым хандығы жеңілгеннен кейін мұнда да
украин, орыс және шетелдік қоныстанушылар легі ағылды. 1780 жж. бастап төменгі
Днепрде Батыс Пруссиядан келген иммигранттары — неміс — меннониттері негізін
қалады. Новороссияның құнарлы облыстарына келген көп мыңдық неміс
қоныстанушылары күшті ресми үндеулер мен шақырулардан кейін, 1803 ж. ғана Қара
теңіз маңындағы немістер қауымдастығын қалыптастыруға негіз қалады. Немістермен
бірге, бүл аймаққа XVIII ғ. соңы — ХІХ ғ. басында Осман империясынан шыққан —
болгарлар, гректер және румындар, швейцарлықтар, шведтер, корсикандар мен
итальяндар секілді ұсақ топтар да қоныстанды.
Қоныстанушылардың жаппай ағылуына орай I Александр үкіметі 1804 ж.
міндеткерліктерден босату мерзімін 10 жылға қысқартып, қабылдау талаптарын
қаталдатып, колонистер ретінде тек тәжірибелі егіншілерді, жүзім өсірушілер мен шарап
жасаушыларды, тұт ағашынан жібек өндірушілерді, малшылар мен деревня
қолөнершілерін ғана қабылдауға көшті.
1819 ж. колонистерді ресми шақыру толығымен тоқтатылды. Осы уақытқа дейін келген
көптеген шетелдіктер Новороссияның қалаларына, ең алдымен 1794 ж. негізі қаланған
Одессада мекендеп қалды.
Колонистер XIX ғ. бірінші жартысында көптеген украин және орыс шаруаларымен
салыстырғанда артықшылықтарға ие, құқықтық және әлеуметтік жаңынан бөлектенген
топ болып қала берді. Жер иелігінің үлкендігі, өзін-өзі басқару, салықтық артықшылықтар
мен әскери қызметтен босатылуы — колонистер жағдайының шығыс славяндық шаруалар