Page 244 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
244
ДАЛАНЫ ИГЕРУ:
КАЗАКТАР МЕН HEMIC КОЛОНИСТЕРІ
Башқұрттарды түпкілікті бағындыру, Қалмақ хандығын жою және Қырым хандығын
басып алу ертеден көшпелілердің иеліктерінде болып келген Каспий мен Қара теңіздің
солтүстігіндегі құнарлы далалық жерлерге шаруалардың қоныстануына мүмкіндік берді.
Шығыс славяндық казактар XVI ғ. бастап-ақ Далаға ішкерілеген болатын, бірақ олар өзен
жағалауларына ғана қоныстанған-тын. Казактар Даламен шекаралас аймақта шығыс
славяндардық татарлар мен басқа да этникалық элементтермен араласуынан пайда
болғанымен, XVII ғ. бастап олар тек православтар болды, ал этникалық жағынан орыстар
мен украиндар болды.
Бұл жерде әңгіме орыс казактары туралы болады. XVI ғ. бастап Дон, Еділ, Жайық және
Терекке отырықшыланған казактар, ең алдымен, алым-салықтың ауыртпалығы мен
крепостниктік салттың күшейе бастауынан Даланың шетіне қашқан орыс және украин
казактарынан тұрды. Алғашында олар өздерін мемлекет пен помещиктерден қауіпсіз
сезінді. Казактар өзен жағалауларында орналасқан, бекітілген лагерлерде тұрып, балық
аулаумен, аңшылықпен және ормандағы омарташылықпен айналысты. Одан өзге кіріс көзі
— көшпелі дала тұрғындарына тұрақты жүргізілетін қарақшылық шабуылдар мен Мәскеу
мемлекетінің көпестері мен қызмет атқарушыларына шабуылы болды. Ресей казактарды
далалық көшпелілерге қарсы күресінде шекара күзетшілері мен тыңшылар ретінде,
сондай-ақ әскери қызметіне жалдау жолымен пайдаланды. Сонда да, жекелеген казак
әскерлері жоғары дәрежедегі автономиясын сақтады. Далалық көшпелілер секілді,
казактар орыстар үшін сенімсіз одақтастар болды. Казактардың өз орталарынан көсемдер
мен XVII және XVIII ғғ. ірі халық көтерілістері кезінде көтерілісші күштердің ядросы
болған әскери топтарды құрғаны тегін емес.
Далалық жағдайға жауап беретін өзіне тән өмір салтына қарамастан, казактар Ресей
автократиясынан принципті түрде айрықшаланатын өзіндік әлеуметтік-саяси тәртіпті
қалыптастырды. Олардың әскери-демократиялық құрылысындағы орталық бөлім
маңызды шешімдер қабылдап, басқарушы атаманды сайлайтын казактардың жалпы
жиналысы болды. XVII г. бастап, әсіресе Донда шекараға ұмытылған шаруалар көбейген
сайын, казактардың жікке бөлінуі күшейе түсті.
Ресей үкіметі XVIII ғ. өн бойында олардың басшыларын өзіне жақындатып алып,
тынымсыз казактарға бақылау орната алды. Бәрібір Дон казактары XVIII ғасырда
Ресейден әкімшілік және әлеуметтік-саяси жағынан өзгешелігін сақтап қалды, бірақ,
көшпелілерді Ресей империясына кіріктірген кезде казактар өздерінің басты
функцияларынан айырылды. Олардың автономиясы біртіндеп шектеле берді және оларды
«шаруаландыру» процесі басталды. Сонда да XIX ғасырда дондық казактар анық көрінген
өзіндік санасы бар әскери сословие ретінде әлі де сақталынды. 1776-1780 жылдарға
қатысты Георгидің «Ресей мемлекеті ұлттарын баяндауында» казактардың алты тобы
келтіріледі: кейініректе империяның этникалық топтарын ресейлік есепке алуларда
казактар жеке жолға жазылып, бір топ ретінде аталды. Бірақ олар ұлт болған жоқ.
Дала кеңістіктерін одан ары игеруде Ресей мемлекеті шығыс славяндық казактар мен
шаруалардан бөлек шетелдік колонистерді де пайдаланды. Бұл арқылы ол, бір жағынан,
шығыс жерлерді қоныстандырудың еуропалық, ең алдымен, немістік дәстүрін
жалғастырды. Ол бойынша, дамыған орта ғасырлар кезеңінен бастап, Орталық Еуропаның
шаруалары мен қала адамдары шығыс еуропалық билеушілердің үндеулері мен
шақыруларына сәйкес шығысқа қоныстанды. Екінші жағынан, бұл қоныстандыру
абсолюттілік саясатына жауап берді.