Page 243 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
243
Олардың бір бөлігі Солтүстік Қара теңіз бойындағы далаларға қайтып келіп, бірте-бірте
отырықшы өмір салтына көшті; ноғай татарларының осы үлкен бөлігі Қырым соғысынан
кейін Түркияға эмиграцияға кетті.
Ресейге Қырым хандығын қосу кезінде пайдаланған әдістер алғашында бұдан екі ғасыр
бұрын Қазан хандығын бағындырған кезде қолданған әдістерге сәйкес болды. Соғыс
акциялары мен әкімшілікті біріктіруден кейін Петербург қырым татарларын өте абай
саясатпен өзіне тартпақшы болды. 1783 ж. 8 сәуірде жарияланған басып алу туралы
Манифестте: «Өз атымыздан және біздің тақтың мұрагерлері атынан, оларды өзімізді
табиғи қол астымыздағылардай ұстауға, олардың өздері мен мүліктерін, храмдары мен
табиғи сенімін күзету мен қорғауға... кейінірек олардың әрқайсысына өз жағдайларына
сәйкес Ресейде қолданылатын құқықтар мен артықшылықтарды пайдалануға берік және
бұлжытпай орындауға уәде береміз», — деп жазды. Хандықты басқару құрылымы
бұрынғы түрінде сақталып, Ресей губернаторлығына бағындырылды. Жер иелігі мен
артықшылықтарының сақталынатынына құқықтық тұрғыдан кепілдікке ие болған
татарлардың билеуші топтарымен Ресей шенеуніктері ынтымақтастықта болды. Олардың
Ресей императорына қызмет атқаруына немесе жергілікті басқаруға қатысуына мүмкіндік
берілді. Мұсылмандық татар билеушілері де далалық мемлекеттердің элиталарынан
өзгеше, бірақ отырықшы қазан татарлары сияқты, Империяның мұрагерлікке берілетін
дворяндық сословиесіне енгізілді. Алайда ол үшін татар ақсүйектері өздерінің шыққан
тегін көрсететін дәлелдер көрсету керек еді, ал бұл көбінесе олардың дворяндық
құқықтарға ие болуына кедергі жасайтын. Татар шаруалары да өздерінің жер иеліктерін
және помещиктерге крепостнойлық кіріптарлыққа түскен мемлекеттік шаруалардан бөлек
ерікті деген өз статусын сақтап қалды. Ағартушы абсолютизм кезінде исламға тозу
қалыпты жағдай болатын. Билік исламдық діни адамдармен ынтымақтастықтың барлық
түрлерін іздеді, оларға өздерінің жер иеліктеріне (вакуфтық жерлерге) құқығының
сақталатынына кепілдік беріп, Шығыстағы секілді «Тавриялық Мұсылмандық Діни
басқарма» арқылы мемлекеттік бюрократияға біріктірді және сол арқылы оның қызметін
бақылап, өз мүддесіне пайдалана алды.
Мұндай жұмсақ және прагматиктік саясат табысты болды. Қырым татарлары жүздеген
жылдармен есептелетін мемлекеттілігінен айрылғанымен, олардың орыс билігіне
қарсылығы бірде-бір рет қарулы көтеріліске жалғасқан жоқ. Шындығында 1780 жж.
бірнеше мыңдаған қырым татарлары «аяқпен қарсылық көрсетіп», Осман империясына
көшіп кетті. Мұндай эмиграциялық қозғалыс келесі онжылдықтарда өз жалғасын тауып,
Қырым соғысы мен соғыстан кейінгі жылдары өз апогейіне жетуі керек еді. Нәтижесінде
1783-1860 жж. аралығындағы қырым татарларының жартысынан көпшілігі өз отанын
тастап кетті.
Ал, XIX ғ. басынан бастап Қырымға шығыс славяндық шаруалар мен шетелдік
колонистер қоныстандырылғандықтан, ғасыр ортасына қарай түбекте татарлар азшылық
топқа айналды. Ресей үкіметі Қырымды отарлауды, енді қуатты түрде жеделдетті,
татарлар болса өз елінің бөліктерінен айырылды. Бірте-бірте әкімшіліктік бірігу де
қаталдау бола бастады, барлық басқару функциялары орыс әкімшілігінің қолына көшті.
Қырым татарлары қалалардан да қуғындалды. Қырым татарлары өздерінің әлеуметтік
тәртібі мен мәдени — діни ұқсастығын сақтай алғанымен, XIX ғ. ортасына қарай олар
саяси, демографиялық және экономикалық күші әлсіз жағдайға түсті, татар
билеушілерінің
соңғы
тәуелсіз мұрагерлері ресейдің үшінші разрядты қол
астындағыларына айналды.
IV.