Page 241 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
241
Осман империясы мен Қытаймен байланысты дамытқанына қарамастан, Ресеймен
мызғымас одақ құрды, ал Ұлы Петрдің кезінде қалмақтар далалық аймақтағы «тәртіп
күштері» ретінде қызмет етті. Мысалы, башқұрттардың көтерілісін басып-жаншығанда,
және қосалқы әскер ретінде Солтүстік және Парсы соғыстарына қатысқанда.
Аюке хан қайтыс болғаннан кейінгі онжылдықтарда, орыстардың қалмақтарға қысымы
күшейді. Оның мұрагерлерін Мәскеу тағайындады және олар өз балаларын аманат ретінде
жіберуге тиіс болды. Астрахандық губернаторлар хандықтың ішкі істеріне араласты: орыс
украины және неміс шаруа-егіншілері қалмақ жайылымдарына қоныстанды, сөйтіп, бірте-
бірте қалмақтардың көшпелі шаруашылығы күйреді. Қалмақтардың өз жерлері мен
өздерінің бұрынғы қақтығыстарын қорғамақшы әрекеттері ешбір табыс әкелмеді, сол
себепті қалмақтардың өздерінің ескі отанына қайтуға деген даярлығы өсті. Кейінірек,
батыс моңғолдарға қирата соққы берген Қытай қалмақтарға Жонғарияның адамсыз қалған
жайылымдықтарын иемденуді ұсынған кезде, олардың үштен екісі осы үндеуді қолданды.
1771 ж. Обашы бастаған 100000 аса қалмақтар Шығысқа аттанды, бірақ олардың аз бөлігі
ғана мақсатына жетті, қалғаны қазақтар мен қырғыздардан қырылып, даланың
құрбандары болды. Ал Каспий теңізінен солтүстікке, Еділден батысқа қарай орналасқан
далада қалып қойған аз бөлігі Ресей державасының басқаруына кіруге тиісті болды.
Хандық жойылды, әрбір ұлыс астрахандық губернаторға бағындырылды, ал батысырақ
орналасқан қалмақтар Дон казактарының әскерінің құрамына кірді. Көшпелі қалмақтар
ресейлік қоғаммен бірігіп кетпеді, олар XIX г. да өздеріне тән дәстүрлі әлеуметтік-саяси
құрылыс пен тәртіпті сақтады. Алайда олардың автономиясы мен оларға тән жайылымдық
территориясы бірте-бірте қысқара берді.
ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ
XVI ғ. бірінші жартысында Алтын Орданың мұрасы үшін күресте Мәскеумен тайталасқан
мемлекеттер мен күштерден XVIII г. тек Қырым хандығы ғана ресейлік биліктің қол
астына түспеген еді. Түрік тілдес, ислам дінін уағыздаушы қырым татарлары өздерінің
көрнекті әскери жеке ұйымдастырушылық қасиеті мен тылдағы қорғанышы - Осман
империясының көрсетіп отырған қолдауының арқасында Қырым теңізінен солтүстікке
қараған үлкен далалық территорияға билік жүргізді. XV ғ. соңында түрік османдары
Қырымдағы ірі генуялық Кафу сауда қаласы мен басқа да бекіністерін (ішінде Дон
сағасындағы Тану (Азов) бар) басып ала отырып, бүкіл Қара теңіз жағалауларын өз
бақылауына алды.
Қырым хандығы XVII ғ. дейін үлкен кеңістік пен даладағы дербес ірі держава рөлін
сақтай отырып, өз жағынан өте қатты болмаса да осман империясына тәуелділікте болды.
Қырым татарлары және олармен одақ құрған ноғай татарлары далалық шекараға жақын
орналасқан отырықшы шығыс славяндарға тұрақты түрде шапқыншылық жасап отырды.
Шапқыншылыққа қатысушылар бұл шаруалардың мүлкін тонап, қораларында түк
қалдырмай, құлдыққа сату үшін мыңдап тұтқынға алып кетті. Мәскеумен жанжалдасқан
соң, Қырым татарларының әскери тобы 1521 ж. бастап Ресейдің ішкі аудандарына да тиісе
бастады, ал 1571 ж. тіпті Мәскеуді өртейді. Қырым хандығы Польша — Литва мен
Мәскеуден алым жинап отырды және осы арқылы өзінің Алтын Орданың мұрагері деген
талабын көрсетті. Сол себепті, орыс әдебиетінде қырым татарларының пайда табу мен
өлтіруді, өздерінің жабайылығынан бейбіт христиан халықтарын қырып, құлдыққа
айналдырып қинауды аңсаушы қатал қатігез қарақшы ретінде көрінуі таң қаларлықтай
жайт емес. Түрік көшпелілердің орыстардың жауы екендігі туралы түсінік XX ғ. дейін
сақталды, тіпті Екінші дүние жүзілік соғыстың соңында нақ сол қырым татарлары мен
қалмақтардың Азияға депортацияланған халықтың ішінде болуы да кездейсоқ емес.