Қазақстанның ашық кітапханасы
240
шығыста қазақтарға кірігіп кетті, ал орталықтағы «Үлкен Орданы» жекелеген әулеттердің
билік үшін күресі әлсіретті.
Мәскеу XV г. соңынан ноғай татарларымен тығыз дипломатиялық және сауда
қатынастарын орнатқан болатын. Еділдік халықтарды жаулағаннан кейін ногайлар Мәскеу
мемлекетінің тікелей көршілеріне айналып, оларға экономикалық тәуелділікке түсті.
Мәскеу ноғай татарларының бәсекелесуші әулеттерін біріне-бірін айдап салып отырды.
1557 ж. князь Исмаил патшаға адалдығы туралы ант берді, мұны Мәскеуде бағынғандық
деп түсінді. Ноғай татарлары орыс әскерінде жалдамалылар болып қызмет атқарды, кейбір
ақсүйектер патшаға қызметке тұрды, олардың ішінде Юсуповтар княздығы әулетінің
басшылары болды. Юсуповтар жоғарғы Еділ бойынан мыңдаған орыс шаруалары бар
үлкен жер иеліктеріне ие болды. Бәрібір Мәскеудің ногай татарларына қатынасы тұрақсыз
болды.
XVI ғ. соңында Мәскеу аманатқа адамдарды алып, 1600 ж. өз адамы болып табылатын
князьді таққа отырғызғанымен, жекелеген әулеттер қайта-қайта тәуелділік шырмауынан
шығып кетіп отырды. Сонымен, ноғайлық Үлкен Орда әлсін-әлсін Мәскеу
протекторатының астында болғанымен, XVII ғасырда да тәуелсіз болатын.
Ноғайлық Үлкен Орданың ішкі дағдарысы мен түпкілікті ыдырауы Еділден шығысқа
қарай далалы жерлерді қалмақтар жаулап алған кезде 1630 жылдары жүзеге асты. Ноғай
татарлары Еділден өтіп, Кубань мен Днепрдің аралығындағы далада ордаға қайта бірікті.
Олар Қырым ханының билігін таныды. Сол арқылы ноғай татарлары Қара теңізден
солтүстікке қараған кеңістіктегі соңғы шабандоз - көшпенділер болды.
ҚАЛМАҚТАР
Қалмақтардың Еділге дейін жылжуы ғұндар бастаған және өзінің шарықтау шегіне
Моңғол
империясы
кезінде
жеткен
Орталық-Азия
көшпелілерінің
Батысқа
шапқыншылығының соңғы толқыны болды. Қалмақтар, батыс моңғол тайпалары шығыс
моңғолдар мен қазақтардың ығыстыруынан кейін, XVII ғ. бірінші он жылдығында
бірнеше кезеңмен оңтүстік-батысқа жылжып, Каспий теңізінен солтүстікке қарай
орналасқан даланы мекендеді. Қалмақтардың «ноғай татарлары» секілді, «таза» бақташы-
көшпелілері және қорқыныш тудыратындай тәртіпті әскерлері болды. Қалмақтар «тойшы»
басқарған рулық одақ және ірі ордаға немесе тайпаларға (ұлыстарға) бірікті. Басқа
моңғолдар секілді қалмақтар ламаистер болды, олар монастырлар (хурулдар) салды,
Тибетпен қатынасты сақтады. Өз жазбаларындағы қайта жасалған батыс моңғолдық
алфавитті пайдаланады. Сол арқылы олар Еуропаның оңтүстік-шығыс шетінде
буддизмнің сыртқы форпостысы, далалық түрік тілдес ислам әлеміндегі бөтен дене болды.
Мәскеу мемлекеті ертеден-ақ қалмақтарды өзіне байламақ болды. 1655 ж. Қалмақ ханын
адалдық антымен бекітіп, тіпті бірікпекші болады: «Ұлыстағы барлық адамдардың
атымен, Ұлы билеуші патша мен Ұлы князь Алексей Михайловичтің мәңгілік айтқанын
тыңдаушысы екендігімізді айтамыз», — деп ант береді. Москва үкіметі тарапынан және
кеңес тарихнамасының көзқарасы бойынша, қалмақтар сол арқылы патшаның қол астына
кірді. Ал олардың өздері бұл актіні далалық саясат тұрғынынан алғандағы ерікті әскери
одақ деп қарады. Мәскеу оңтүстіктегі қалқан ретінде және қырым татарларына қарсы
қосымша әскери топ ретінде күшті әскерге мұқтаж болғандықтан, қалмақ элитасына
әрдайым сыйлықтар тартып, өздерінің сауда артықшылықтарын сақтауға рұқсат етті.
Қалмақтар әлсін-әлсін Мәскеуге аманатқа адамдар бергенімен, Далаға бақылау жасау
туралы ойлауы мүмкін емес еді. Қалмақ хандығының тәуелсіз болғандығын адалдыққа ант
берудің жиі қалпына келтіру фактілерінен байқаймыз. Аюке ханның (1670- 1724 жж.)
тұсында Еділ қалмақтары өздерінің саяси және әскери құдіретінің шыңына жетті. Олар