Page 239 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
239
оқиғалар 1662-1664, 1678- 1682, 1705-1710 жылдардағы, көбіне орыс қоныстанушыларына
қарсы бағытталған, башқұрт қарулы көтерілістерінің басты себебін және тарихи мәнін
құрады.
Ресей мемлекеті бұл көтерілістерге қамшылау (аманатқа адам ұстау) мен арбау (мысалы,
жерге иелік құқығына кепілдік беру) саясатымен жауап берді. Башқұрттарды бағындыру
XVIII г. 30-жылдарына қарай аяқталды. Ол уақытқа қарай жағдай өзгерген болатын. I
Петрдің реформалары аркасында әскері күшейген мемлекет өзінің шеткері
аймақтарындағы ресурстарды түгендеп, пайдалануды жүйелі саясатқа айналдырады.
Оңтүстік Оралдың башқұрттар мекендеген құнарлы жерлері мен жер қойнауында
жасырылған қазынасы Ресей мемлекетін қызықтырды және мүддесіне айналды.
1734 ж. басталған Орынбор экспедициясына сол кезде Орта азиялық болашаққа жол
ашқан, қазақтармен жаңа қарым-қатынас тікелей себеп болды. 1735-1740 жж. Еділдегі
Самарадан Жайықтағы негізі қайта қаланған Орынбор бекінісі арасында созылған
шекаралық шеп башқұрттарды Даладан бөліп тастады. Бұған жауап ретінде башқұрттар
бірнеше күшті қарулы көтерілістер жасады, бірақ оларды бес жылға созылған қатыгез
соғыстың нәтижесінде, осы жерлерге қоныстанған орыс емес, ясак төлеуші адамдардың
көмегімен, орыс әскерлері басып-жаншыды.
Кейінгі он жылдықтарда башқұрт көтерілістері қайта жанданғанымен, Оңтүстік Орал
Ресейдің әскери бақылауында болды. Әкімшілік жағынан да Ресей империясының
құрамына кіргізілді. Бұдан кейінгі бірігу тексерілген, сенімді үлгілер бойынша жүргізілді:
башқұрт элитасының орыстардың соғыс жорықтарының құрбаны болмаған бөлігі мен
мұнда Орта Волга бойынан қоныс аударған татар мишарлары (мешеряктар) өздерінің
меншіктері мен артықшылықтарына деген құқықтарын растатып алды, сондай-ақ олар
Ресейдің әскери қызметіне, атты әскерге (кавалерияға) қабылданды. Олардың негізгі
көпшілігі бұрынғыдай, қоныстанған басқа этникалық топтарға қарағанда аздау болса да,
ясак төледі. Ал орыс емес тептярлар мен соқа бастылар орыс мемлекеттік шаруаларынан
аздау төледі.
Жеке меншік құқығына ешкім тиіспейтініне кепілдік алғанымен, башқұрт жерлері
айналасындағы жанжалдар бұдан кейін де өрбіп отырды, сөйтіп, башқұрттар мекендеген
жерлерде этникалық және әлеуметтік тұрғыдағы жарылғыш материалдар жиналып қалды.
Қазан хандығындағы орыс емес тұрғындарға қарағанда башқұрттар XVIII ғасырда да, XIX
г. бірінші жартысында да ресейлік мемлекеттің құрамына біріктірілмей, өзіндік ерекше
жағдайын сақтады. XVIII г. соңында мишарлармен бірге олар орыс казактары секілді,
олар жалпы бағынбай, ерекше әскери статусқа ие болды, өздерінің басқармалары бар,
тұрақты емес «башқұрт әскеріне» біріктірілді. Олар Орынбор шекарасында қызмет етті;
1806-1813 жж. аралығында Батыстағы әскери жорықтарға қатысты.
НОҒАЙ ТАТАРЛАРЫ
1556 ж. Астраханды жаулап алғаннан соң Мәскеу мемлекеті Даланың қақ ортасынан
қолдау тірегіне ие болды. Мұнда исламды ұстанған түрік тілдес «Үлкен Орданың»
мұрагерлері, Волга мен Арал теңізі аралығындағы Алтын Орданың орталық жеріне билік
жүргізген ноғай татарлары көшіп жүрді. Бұлар ірі отарлары, үйірлері бар кәдімгі көшпелі
шабандоздар болатын болды; олар маусымдық орын ауыстыруларға негізделген үлкен
территорияларда отарлы мал шаруашылығымен айналысты, жекелеген туыстық, тайпалық
бірлестіктерге аздап ұжымдасқан: кейде бір немесе бірнеше ордаларға біріккен еді.
Мәскеулік жаулап алулардан кейін тұрақсызданып, әлсіреген ноғай қауымдастығы үш
ордаға ыдырады. «Кіші Орда» Еділден ары өтіп, Қырым ханына бағынды; екінші орда