Қазақстанның ашық кітапханасы
24
ол ойлап тапқыш, жасампаз, шығармашыл жанға айналады. Ол осы бір үйлесімді ырғақты
табысымен, онысынан көптеген жаңа нұсқалар туындайды, өйткені жасампаздықта бәрі де
өзара байланыста болады.
Алайда маған: «Осы өнердің, жаңалықтар мен өнертабыстардың бәрі қалай қолданылды?»
- деген сұрақ қоя алады. Адамдардың іс жүзіндегі ақыл-ойы мен әділеттілігі, шынайы
мәдениеті мен нағыз бақыты солардың арқасында гүлденіп, көркейді емес пе? Біздің
жалпы жаратылысымыздағы кез келген бейберекеттіктің тағдыры туралы жоғарыда
айтылған ойларға жүгінейін: табиғаттың ішкі заңына сәйкес,ретсіз нәрсенің қай-қайсысы
да ұзақ тұра алмайды, сондықтан барлық заттар өзінің ішкі болмысына қарай реттілікке
ұмтылады. Өткір пышақпен ойнаған сәби өзін жарақаттап алуы мүмкін, бірақ пышақты
және оны қайрауды ойлап тапқан өнер өмірге ең қажетті ұсталықтың бірі болып қала
береді. Пышақты пайдаланғанда қолын кесіп алғанның бәрі бірдей, — мейлі ол бала, тіпті,
сәби болсын, — енді бұл өткір құралды дұрыс пайдалануды үйреніп кетпейді. Егер
қатыгез әмірші билікті өз қолына жасанды түрде жинап алса, егер халық шетелдік сән мен
байлыққа үйір болып, заң мен тәртіпті білмесе, онда билік те, байлық та өлімге
ұшырататын қарумен бірдей болып шығады; өзіне-өзі зиян келтіру алайда ерте ме, кеш пе
ақылды болуға үйретеді, ал өмірге шексіз билеуді де, сән-салтанатты да әкелген өнер,
бұлардың екеуін де өз шегінде қалуға мәжбүр етеді, содан кейін оларды шынайы игілікке
айналдырады. Қандай да бір дөрекі түрен ұзақ пайдаланудан өткірленеді, ал жаңа, бір-
біріне әлі үйлеспеген доңғалақтар да, тіпті тұтастай беріліс механизмдері де жұмыс
барысында ғана бір-біріне қиюласып, оңтайлы, үйлесімді қимылдайтын болады. Адам
күштері де солай, — олар да бастапқыда жамандықтарға барғанымен, әр түрлі артық
кетулер жасағанымен, уақыт өте келе, қолданылу мөлшеріне қарай, жақсылыққа айнала
алады: шектен шығып кетулер, екі шектің арасындағы шайқалулар, ақырында, тамаша
орта тұсқа, қозғалыстың дұрыстығына, ұзақ уақыт орнықты, тұрақты жағдайға алып
келеді. Бірақ адамдар патшалығында бәрі де адамдардың өз қолымен жасалуға тиісті:
біздің ұзақ уақыт төзуімізге тура келген жәйтке өзіміз кінәліміз, бірақ ақырында өз
күшімізді дұрыс пайдалануды өзіміз үйренеміз, сөйтіп, бұған құдай құдіретінің араласуы
керек болмайды.
Сондықтан біз адам ақыл-ойының қандай да бір ізгі қызметі міндетті түрде адамгершілік
рухына өріс ашатынына да, оны дамытуға көмектесетініне де күмән келтірмеуге тиіспіз.
Егіншілікпен айналысқаннан кейін адамдар бірін-бірі жеуді, емен жаңғақтарымен
азықтануды қойды; адам Церераның тәтті тартулары оның бауырларының денесі мен емен
жаңғақтарына қарағанда тойымды, сіңімді әрі адамгершілікті екенін байқады, сол кезде
неғұрлым ақылды адамдар өз заңдарын белгіледі, адам оларды орындауға мәжбүр болды.
Үй салып, қала орнатуды бастаған адамдар енді үңгірде тұруды қойды, адам
жатақханасының заңдары бойынша, бейшара жат елдікті өлтіруге тыйым салды. Сауда-
саттық адамдарды жақындастырды, адамдар сауданың артықшылықтарын игерген сайын
бүл істегі кісі өлтіру, арамдық, алдау сияқты теріс қылықтар азая түсті. Пайдалы өнер
түрлері көбейді, меншікке қол сұғылмауы қамтамасыз етілді, адамдардың еңбегі
жеңілдеді, еңбек жемістері жер бетіне таратылды, соның нәтижесінде мәдениет үшін,
адамгершілік рухы үшін негіз қаланды. Кітап басу ойлап табылғанда қаншама еңбек
шығыны қажет болмай қалды десеңізші! Оның адамдар арасындағы ақыл-ой, ғылым, өнер
айналымын қалай жылдамдатқанын айтсаңызшы! Қытай императоры Сян-Ти мықты
болса, енді Еуропаның барлық кітаптарын жойып көрсін — мұны істеу мүлде қолдан
келмес шаруа. Егер финикиялықтар мен карфагендіктер, гректер мен римдіктер кітап басу
өнерін білген болса, бұл жерлерді тонаушылар олардың жазба ескерткіштерін толық
жойып жібере алмаған болар еді; бұл, сірә, мүмкін де емес. Тағы халықтар Еуропаға енді
лап қойып көрсін - олар біздің әскери өнерімізді игере алар деймісіз, жаңа Аттила енді