Қазақстанның ашық кітапханасы
238
алатынындай және Алтын Ордаға мұрагер болу жолындағы күресте белсенді рөл
ойнайтындай стратегиялық позицияны ұстануына мүмкіндігін берді. Бірақ Мәскеу бұл
жерде әскери күші жағынан басымдылыққа жете алмады, себебі орыс әскерлері XVI-XVII
ғғ. салт атты көшпелілер деңгейіне жете алмаған болатын. Сол себепті, Мәскеу патшасы
Даладағы өз позициясын біртіндеп нығайту үшін, ең алдымен, саяси құралдарды
пайдаланды. Көшпелілермен орнатылған дипломатиялық қатынастар «далалық
саясаттың» дәстүрлі үлгілеріне бейімделді. Ал бұл жеке одақ — коалицияның алым-салық
алу түріндегі тәуелділікті орнатуға және территорияларды жаулау түрінде емес,
жергілікті-таққа өзінің адамдарын отырғызып, оған билікті беру түрінде көрінді. Уақыт
өте Мәскеу Алтын Орданың мұрагері ретінде өз позициясын нығайта берді. Бұған Еуропа
мен Азияның ескі сауда жолының маңызын жойған Ұлы географиялық жаңалықтардың
нәтижесінде Даланың экономикалық жағынан құлдырауы себеп болды.
БАШҚҰРТТАР
Қазанды жаулап алғаннан кейін Мәскеу мемлекеті бір бөлігі хан билігінде болған
башқұрттармен тығыз байланыста болды. Кама мен Жайық өзендерінің арасындағы
оңтүстік Оралды мекендеген түрік тілдес мұсылман-башқұрттар «таза» далалық
көшпелілер емес-тін. Солтүстік пен Орал тауларындағы кейбір башқұрт тайпалары
ормандарда өмір сүрді, аң, балық аулаумен, ормандағы ара шаруалығымен, ал батыста
егін егумен айналысты. Оңтүстік пен шығыстағы көпшілік башқұрттар орманды-далалы
және далалы аудандардағы көшпелі және жартылай көшпелі малшылар болды.
Әлеуметтік ұйымына келсек, башқұрттар руларға (туыстық) және тайпаларға бөлініп,
олардың арасындағы анық жіктік бөлінісімен ерекшеленді. Басқа да салт атты көшпелілер
секілді, олар күші жағынан отырықшы тұрғындардың әскерінен асып түсіп, әлсін-әлсін
шекаралық орыс жерлеріне қарақшылық шапқындар жасап отырды. Алтын Ордаға кірген
басқа көшпелілерге қарағанда, башқұрттар саяси тұтас құрылым құрған жоқ, олар
солтүстікте Қазан және Сібір хандықтарымен, оңтүстікте ноғай татарларының ордасымен
және қазақтармен тығыз қарым-қатынаста болды.
Қазанды жаулап алғаннан кейін башқұрттардың кейбір топтары мәскеулік билеушіге
бағынды. Бірақ бағынуға байланысты оларға патшаның қойған талабы көпке дейін жүзеге
асқан жоқ. Солтүстік Башқұртстандағы Уфа бекінісінің негізі 1586 ж. қаланғанымен, XVII
ғ. ортасында ғана башқұрттар мекендеген территорияның солтүстік-шығыс шетінде
«башқұрттар мен қалмақтардан қорғану үшін» Кама бойындағы бекіністер шебі салынды.
Сонда да башқұрттарды билеу тұрақты болмады: жекелеген тайпа көсемдері мәскеулік
қызметтерге тұрды, олардың солтүстік пен Уфа бекінісіне жақын жердегі кейбір топтары
патшаға шағын ясак төледі. Сондықтан XVI ғ. II жартысынан деп мерзімі көрсетілетін,
кеңес ғылымында башқұрттардың Ресейге «өз еркімен қосылуы» дейтін ұғымның
күмәнділігі анық.
Тек, XVII г. II жартысы және XVIII г. басында мемлекет башқұрттардан жүйелі түрде
алым-салық алып, оларды қызмет етуге міндеттеді. Осы кезде Орта Волга бойынан татар,
мордва, чуваш, марийліктер мен орыстардың көпшілігі Орталық және Оңтүстік Оралға
ішкерілей еніп, бұрынғы башқұрт жайылымдарына егінші-шаруалар ретінде
отырықшылана берді, сөйтіп, башқұрттар XVIII ғ. бойында өздерінің ата заманнан
мекендеген жерінде азшылыққа айналды. Бірақ көптеген башқұрт ақсүйектерінің осында
көшіп келген орыс емес, ясак төлеуші қоныстанушылардың көпшілігін өздеріне тәуелді
еткені де рас. Оларды орыс деректерінде тептярлар мен соқа бастылар деп атады.
Отырықшы диқандар мен көшпелілер арасында жерді болу мәселесіне байланысты
жанжалдар жиі болып тұрды. Бірте-бірте өсе бастаған мемлекеттік қысыммен бірге бұл