Қазақстанның ашық кітапханасы
237
этностар өздерінің діни сенімінде қалды, ал әлеуметтік қатынастары бақсылықтың
әсерінде болды.
Сібірді Мәскеу мемлекетіне қосуда тікелей емес, басқарудың орталықтың қатал әскери,
әкімшілік және экономикалық байланысы орнатылған әдісі мен Орта Волга бойында
Мәскеу қолданған, Новгородтың саясатына сай келетін модельдері байланысып, араласып
жатты.
Орталық билік Сібірді Қазан хандығымен біртұтас қарастырып, Сібірді Мәскеулік
әкімшіліктің Қазан приказына бағындырды, 1637 ж. ғана Сібір үшін Сібір приказы деп
аталатын канцелярия ашылды.
Кейде орыстардың Сібірді жаулап алуын американдықтардың батысты жаулауымен
салыстырады, шынында да, ұқсастық байқалады. Дүние жүзілік тарихи маңызы бар осы
екі процесті баяндауларда ұқсас формалар мен бейнелер беріледі: жабайы Шығысты игеру
сияқты жабайы Батысты игеруді еуропалық қоныс аударушылардың мұрагерлері —
болашақ ұрпақ қалыпты да заңды деп таныстырып, батырлық деп бағалап ақтап алды.
Қарудың, арақ пен эпидемиялардың аркасында, дәстүрлі өмір салты мен тәртібі
қиратылған жергілікті этностарға қатысты қаталдық, сондай-ақ табиғатты хайуандықпен
қанау (мыс, бағалы терілі андар мен бизондарды қыру) көп уақытқа дейін есепке
алынбады.
Бұл мәселе әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ, оған куә ретінде, ең алдымен, табиғи
газ бен мұнайлы жер бөліктерін өндіру кезінде табиғатқа жасалған зияндық, жергілікті
халықтың басынан өткізіп жатқан дағдарысы жайлы Ресейде (Америкада да) өткізіліп
жүрген айтыс сөздерді жатқызамыз. Алайда Солтүстік Америка мен Сібірдің
географиялық өзгешеліктерімен санаспасақ болмайды. Бұл тұрғыдан алғанда, Сібірді
Канадамен салыстырғанның жөні бар. Сондай-ақ мұхиттың ар жағына қоныс аударған
еуропалықтардың тарихи дәстүрлері көптеген ғасырлар бойы Сібір этностарымен
байланысы бар орыстардың тарихи дәстүрінен өзгешеленеді. Сол себепті, Америкаға
қарағанда, Сібірде еуропалықтар мен еуропалық емес аңшылар мен көшпелілер арасында
онша қатал емес, «адамшылығы молдау» байланыстың моделі қалыптасты деу айтысты
мәселе болып табылады.
III.
ҚАДАМДАП - ДАЛАҒА ЕНУ
Сібірдің жаңа орманды аймақтарын орыстардың жаулап алуы бірте-бірте жүргіліп Киев
Русінен бергі шығыс славяндық дәстүрге арқа сүйеді. Қара және Каспий теңіздерінен
солтүстікке қарай созылған жазық, ормансыз Дала орыстар үшін жат, жау, қорқыныш
тудыратын территория болды: казактар мен мәскеулік әскери адамдар өз бекіністерін өзен
жағалауларына ғана орнатуға шешілетін. Даланың орыстарға тән өмір сүретін жерлері
жайлы XIX ғасырдағы өлеңдер мен көркем әдебиеттерде айтыла бастады. Оған дейін Дала
көшпелі шабандоздарға тиесілі болатын. Олардың үлкен кеңістікте маусым сайын орын
ауыстыруға бейімделген, жайылымды шаруашылыққа негізделген өмір сүру салты
далалық аймақтың табиғи жағдайларына сәйкес келетін. Көшпелі шабандоздардың
жоғарғы әскери өнері мен туыстық, рулық қатынастарға негізделген, орталықтанбаған,
тұрақсыз әлеуметтік — саяси құрылысы да осы жағдайларға сай келетін. Олардың ертеден
шығыс славяндармен орнатылған тығыз байланысы, бір жағынан далалық көшпенділердің
қарақшылық, тонаушылық шапқыншылығы түрінде көрінсе, екінші жағынан
экономикалық өзара байланыстың тығыз дамуынан көрінді. Қазан және Астрахань
хандықтарының Волгадағы жаулап алулары Мәскеудің Далаға елеулі әсер ете