Page 236 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
236
отарлауға көмектесу оқиғалары жиі кездесіп отырды. Ал басқалай жағдайда орыс өкіметі
Сібір этностарының ішкі істері мен қарым-қатынасына араласпады. Олар өздерінің
экономикалық құрылысын, өмір салтын, бақсылық сенімі мен ғибадаттарын сақтады.
Орыс мемлекеті тіпті көптеген пұтқа табынушы — якуттардың XVIII ғ. басында монгол
және тибеттік миссионерлердің уағыздары мен ламаистік сенім — буддизмнің кіруіне де
жол берді.
Мәскеудің мұндай ұстамды, сақтықпен жүргізген саясаты Сібір воеводаларына берілетін:
«орыс еместерге «қайырымдылық пен жұмсақтықпен қарауы, ясакты зорлық-
зомбылықсыз, күштемей жинау қажеттігін» ескерткен ескертулерінде өз көрінісін тапты.
Сонда да жергілікті әкімшілік өкілдері, сондай-ақ бағалы тері аулаушылар, көпестер,
қазақтар мен әр түрлі авантюристер жиі-жиі бұндай нұсқауларды ұстанбады. Мәскеу
алыста, ал жергілікті сыбайластар, әкімшіліктің зорлық-зомбылығы, қорқытып алу,
әсіресе әйелдерді заңсыз түрде құлға айналдыру, қарақшылық пен күштеу актілері
әдеттегі жайларға айналды. 1663 ж. колымалық юкагирлердің бір тобы патшаға:
«Қайырымды тақсыр! Өзіңнің әскери адамдарыңмен аң өндірісімен айналысатын
адамдарыңа бұдан былай біздерді, жетімдерді ренжітпеуді, тонамауды, өз тауарларын
қымбаттатпауды, өздерінің қымбат тауарларын алдыру үшін міндеттеп, түрмеге
отырғызып, киіз үйлерді аралап, соңғы киімдерге дейін тартып алып, әйелдеріміз бен
балаларымыздан айырмауды бұйыруыңызды сұраймыз», — деп жазды. Орталық Волга
бойына қарағанда сәл әлсіздеу болса да, мұнда үкіметтік саясат теориясы аймақтық іс-
тәжірибемен сәйкес келіп отырды.
Алғашқыда орыстардың отарлауы - Сібірге елді қоныстандыру — бекіністер мен кіші
қалаларды салумен шектелсе, XVII г. бойы орыс шаруаларының көбісі, ең алдымен,
гарнизонды нанмен қамтамасыз ету үшін Сібірге қоныс аударды. Сөйтіп, XVIII г. басында
орыстар сан жағынан Сібірдің орыс емес тұрғындарынан асып түсе бастады. Алайда орыс
шаруалары тек қана Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі құнарлы қара топырақты белдеуінде
шоғырланды. Бұл аймақ сол уақытқа дейін Ресей мемлекетіне кіргізілген болатын. Ал
Солтүстік пен Шығыстағы үлкен территориялар аңшылардан, балықшылардан,
бұғышылар мен бақташы-көшпенділерден тұратын саны шағын тұрғындармен бірге
бекіністер мен әкімшілік орталықтарға әлсіз тартылып, экономикалық тұрғыдан езгіге
түсті: олардан кейінгі, анағұрлым тереңірек әлеуметтік және мәдени-діни интеграциясы
алғашқы кездері есепке алынбады.
XVIII ғ. орыс мемлекеті Орта Волга бойындағы секілді, Сібірде орыс емес тұрғындарды
қосуға өз күшін белсендірді. Алайда, православтық шіркеудің миссионерлік қызметінің
Орта Волга бойына қарағанда Сібірді ертерек қамтығанына қарамастан, аңшылардың,
балықшылардың, көшпелі-малшылардың ресейлік қоғамға әлеуметтік интеграциясы
туралы сөз де болған жоқ. 1706 және 1710 жылдары-ақ I Петр Сібірдің жаңа
архипископына материалдық тұрғыдан азғырудың көмегімен, тіпті керек болса, күш
қолдану арқылы остяктар мен вогулдарды (хантылар мен мансилар) шоқындыруды
бұйырған болатын. Олардың табанды қарсылығына қарамастан, бұл угротілді
этностардың екеуі де православиеге кіргізілді. 1731 ж. Иркутск қаласында шіркеу
эпархиясы құрылғаннан кейін, көптеген якуттар, тунгустар мен солтүстік-батыс буряттар,
сондай-ақ чукчалар мен коряктар келесі онжылдықтарда осындай әдістермен
христиандыққа кіргізілді. Якуттардың бір аңызында былай дейді: «Осы уақыттан бастап
солтүстік қаладан священниктер келе бастады. Олар барлық жерлерді аралап адамдарды
бір жерге жинап, төбелерінен су құйып шоқындырды және оларға орыс есімдерін берді.
Сонда ұзын бұрымды батыл ерлер жылап, бастарын иді; жігерлілерінің кейбіреулері өзен
жағалауына қашпақ болып әрекеттенді». Алайда Сібірді зорлап христиандандыру
Орталық Волга бойына қарағанда анағұрлым формалды сипатта болды және орыс емес