Қазақстанның ашық кітапханасы
235
Жеке бастамадан мемлекеттік әскери бастамаға өту бүкіл Сібірді жаулап алу тарихына тән
болды. Бағалы терілер, елтірі аулаушы орыс «кәсіпшілері», аң ұстаушылар, қызық оқиға
іздеушілер, саудагерлер, казактар мен олармен бірге жүрген, жергілікті әкімшілік
жіберген қарулы топтар XVIII ғ. бірінші жартысында Сібір өзендері арқылы одан да ары
— Шығысқа бет алды. Сөйте тұра, олар қазақтар мен моңғолдар билік жүргізген Далаға
кіруден қашты. 6000 километрден астам жерді алып жатқан территорияны
таңқаларлықтай қысқа мерзімде жаулап алудың басты ынталандырушы, қозғаушы күші
бағалы тері өндіру, ең алдымен, аса бағалы бұлғын терісіне қызығушылық болды. Оңай
қол жететін жерлердегі бағалы терілі андарды аяусыздықпен қыру оның тез жойылып
кетуіне, ал бұл бірте жаңа аймақтардың көптеп игерілуіне және тұрақсыз экологиялық
тепе-тендіктің одан ары бұзылуына әкелді. Морждардың сойдақ тістері мен бағалы
металдар да күткен олжа болды. Мәскеу патшасы осындай барлық олжаларға мүдделі
болды да, осы бағытта тез ішкерілей қозғала берді; бекіністер салуды бұйырып, алым-
салық түрінде өзіне түсетін экономикалық пайданың жоғарғы үлесін қамтамасыз етті.
1607 ж. Ресей Енисейге шықты, 1632 ж. Ленада Якутск бекінісінің қабырғасы қаланды,
1639 ж. алғашқы орыс әскери топтары Тынық мұхитқа жетіп, 1648 ж. Охотск гаванының
негізгі қаланды. Осы жердей орыс бөлімдері Амур өзені бассейініне барды, бірақ бұл
жерде жергілікті отырықшы халықтың қарсылығына тап болып және маньчжурлардың
қарулы күштерімен қақтығысқа түсіп, көп ұзамай кейін шегінуге мәжбүр болды.
Оңтүстікті, Даланың шет жағын отарлау баяуырақ қарқынмен жүрді: 1643 жылға қарай
Байқалға жетті, 1652-61 жж. Иркутск бекінісі салынады. Осы жерде де орыстар 1644 ж.
бастап Қытайға өз билігін орнатқан моңғолдар мен манчжурлармен қақтығысқа түсіп,
күшті әскери тойтарысқа душар болды. 1689 ж. Нерчинскіде XIX ғасырға дейін сақталған
орыс-қытай шекарасының желісі орнатылды. XVIII ғ. I. жартысында орыс басқыншылығы
Чукотка мен Камчатканы қамти отырып, Евразияның Қиыр солтүстік-шығысына жетті.
Сібір этностарының көпшілігі орыстарға табанды қарсылық көрсетті. Бұрынғы Сібір
хандығының татарлары XVII ғ. басында «Аласапыран кезен» дәуірінде хантылар мен
Батыс Сібірдің басқа да этностары қатысқан сепаратистік сипаттағы бірнеше ірі
көтерілістерге шықты. Якуттар да, буряттар да, Солтүстік Шығыстың юкагир, чукча,
камчадал және корягтары секілді Ресейге формальды түрде бағындырылғаннан кейін
толқулар ұйымдастырады. Күресте күші тең болмағанымен, ұсақ топтарға бөлінгенімен,
қарулану техникасы жағынан орыстардан кеш қалған Сібір этностары көптеген жағдайда
бірнеше жүздеген адамдардан тұратын топтары бар Мәскеу солдаттарының аяусыз
зорлық-зомбылығына ұзақ уақыт төтеп бере алмағандықтарына қарамастан, қайта-қайта
жанданған Сібір этностарының қарсылығы Мәскеу үкіметінің жаңа жерлерді
интеграциялаудағы саясатты абайлап жүргізуіне мәжбүр етті. Мұндай ұстамдылық негізгі
мақсат - тұрақты түрде бағалы тері ясак алып тұруды қауіп-қатерге ұрындырмау үшін
қажет еді. Міне, осы жағдай қарулы әдістен қалыптасқан тәртіпті сақтау кепілдігін беруге
және жергілікті тайпалардың басшыларымен ынтымақтастыққа ұмтылуға әкелді.
Ереже ретінде әдетте, Мәскеу жергілікті ру басылары мен тайпа көсемдерінің барлық
артықшылықтарын бекітіп отырды, оларға соттың іс қарауын және ең бастысы, бағалы
терілерді алым ретінде жинау түріндегі ясак жинау түрінде көрінетін жергілікті өзін-өзі
басқару міндетін артып қойды. Алайда Сібір татарларынан өзге түземдік ақсүйектер
өкілдері Ресей мемлекетінің мұрагерлік дворян сословиесіне қабылданбайтын. Орта
Волгадағы сияқты, мұнда да қауіпсіздікті сақтау үшін орыс гарнизондары бар бекіністер
қызмет етті, сондай-ақ аманатқа адамдар ұстау секілді репрессивті әдісі қолданылып,
қаруға тыйым салынды. Сонымен бірге әбден тексерілген ұрымтал әдіс — жекелеген
рулар мен тайпаларды біріне-бірін айдап салып, әдейі араздастыруды қолданды: орыс
емес тұрғындардан құралған әскери топтардың орыстардың басқа этностарды жаулап,