Page 234 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
234
жағындағы үлкен территорияны Алтын Орданың мұрагерлерінің бірі болатын сібірлік хан
биледі.
Қазан құлағаннан соң, ол мәскеулік патшаға бағынды, алайда бірнеше жылдан соң сібірлік
жаңа хан Көшім Мәскеумен одағын бұзды. Сібірді жаулау, міне сондықтан, «Алтын
Орданың жерін жинау» кезеңі болды. Бір мезгілде Новгород пен Мәскеудің ортағасырлық
Шығысқа жорығы жалғастырылды, аң терісінің соңынан қуып, солтүстік және солтүстік-
шығыс тайпаларды бағындыру қатал жүргізілді, басып алу алым-салық жинаумен
шектелді.
Дүние жүзілік тарихи маңызы бар Сібірді жаулап алу мен меңгеру процесін біз қысқаша
суреттеп, ішінен бізді қызықтыратын ресейлік көп ұлтты державаның қалыптасу
аспектісін ғана бөліп қараймыз. XVI-XVII ғғ. Сібірді жайлаған этникалық топтарды
олардың орналасу аймағы мен шаруашылық құрылысына байланысты екі негізгі:
солтүстік және оңтүстік топтарға бөлеміз. Солтүстік тайга мен тундраның этностары қиын
табиғи жағдайларда өмір сүргендіктен, оған сәйкес келетін экстенсивті шаруашылықпен
айналысты. Олар ру болып өмір сүрді, ішінара ғана ірірек рулық-тайпалық
қауымдастықтарға бірікті. Көшіп-қонып жүретін аңшылар мен тайганың балықшылары,
бұлар, ең алдымен, маньчжур тілді тунгустар мен палеоазиаттық тіл тобына жататын
юкагирлер: тундра мен орманды тундраның көшпелі бұғышылары — ненецтер, эвенкілер,
ал шығыста — палеоазиаттық этностар: чукча, камчадал және хоряктар. Балықшылардың,
морж бен теңіз мысықтарын аулаушылардың шағын тобы ғана отырықшы болды.
Климаты мен топырағы қатты суық болмайтын оңтүстік тайга мен орманды даланы
мекендеуші этностар, көбінесе, отарлы мал шаруашылығымен айналысты: жылқы, ірі
және ұсақ қара мал өсірді, негізінен, тайпалық құрылыста өмір сүрді. Маңызды этникалық
топ — Байкал көлінің ауданында өмір сүретін моңғол тілдес буряттар. Осы оңтүстік топқа
аңшылар мен балықшылардың кейбір түрік тілдес топтарымен (Алтайдағы телеуіттер
немесе көбінесе татарлар деп белгіленетін шорцы) бірге орта ғасырлар кезінде-ақ Даладан
Лена өзенінің орта ағысына көшкен түрік тілдес якуттарды жатқызуға болады. Олар Қиыр
Солтүстікте өздерінің бақташылық-көшпелі дәстүрлерін ұстанғанымен, жарым-жартылай
болса да сол жақта өмір сүруші тунгустық топтарға бейімделіп, жақындасты. Осы аталған
Сібірдегі этникалық топтардың барлығы саяси жағынан нашар ұйымдастырылды: олар
ұсақ бөліктерге бөлінген болатын. Жалғыз ғана ірі билеуші бірлестік — Батыс Сібір
хандығы болды. Онда мал шаруашылығы мен жыртатын жер шаруашылығымен
айналысып, шекаралық далалық облыстарға шоғырланған, Сібір татарларымен бірге
жасақ төлеуге міндетті, аң аулаумен және балықшылықпен айналысқан угротілді
хантылар мен мансилар өмір сүрді. Ислам дінін қабылдаған татарлардан өзге Сібірдің
барлық этностары бақсылықты және табиғат күштерін құдайландырған діндерді ұстанды.
Ресейдің Сібірге ішкерілеу бастамасы алғашқыда мемлекет тарапынан шыққан жоқ, XV
ғасырдың соңынан мәскеулік үкіметтің қолдауымен орыстық Солтүстікте жартылай
автономиялы «экономикалық айлақ» құрған, көбінесе түз өндіру мен бағалы аңдар
терісінің саудасымен айналысқан Строгановтар отбасының кәсіпкерлерінен шықты.
Терілерді іздеу жолында Строгановтар Орал қыраттарының екінші жағындағы бағалы
терілі андарға бай ормандарға көз тікті. Оның қызметіндегі казак отрядтарының, кейінірек
ұлттық аңыздарында батыр деп дәріптелген, Ермак басқарған тобы 1581-1582 жж.
Ертістің төменгі жағындағы Батыс Сібір хандығының астанасын басып алды. Әлі күнге
дейін осы әскери жорықтың себептері мен нақты жағдайлары айтысты болып қалып отыр.
Алғашында сасып, не істерін білмей, тоқтаңқырап барып, сонан соң Мәскеу мемлекеті
батыл шабуылдарға шығып, хандықтың территориясын көптеген бекіністермен сақтап
қалды (1586 ж. Тюмень, 1587 ж. Тобыл, 1604 ж. Томск негізі қаланды).