Қазақстанның ашық кітапханасы
233
орыстардан өзге, жат әлемдік дін және исламдық жоғары мәдениетке жататын жекеше
мемлекеттік құрылым кірді.
Екінші жағынан, этникалық тұйық және біртектіліктен көп этникалық, Ресейге өтудің
дәстүрлі мерзімін белгілеуге Москва мемлекеті мен басқа да шығыс славян княздықтары
халықтарының ертеден әр түрлі, бұл халықтарға полиэтникалық және мультидіни оң
беретін элементтерден құралғандығы кедергі келтіреді, себебі Ресей Федерациясының
кейбір халқы ортағасырлық уақыттан бері орыс билігінде болатын.
Тіпті Киев Русі деп аталатын шығыс славяндар одағының — алғашқы мемлекеттік
бірлестіктің тұрғындарының құрамына финдік және балтық тілді тайпалар мен шағын да
болса, скандинавиялық тектен шыққан түрік тілдес әскерлер (ерте дәуірде) варягтар
болды. Тура осылайша XII ғ. Киев Русі ыдыраған кездегі алғашқы княздіктер этникалық
жағынан біртектес болған жоқ.
Русьтің солтүстік-шығысында, орыс тарихшысы В.О.Ключевский баяндағандай, шығыс
славяндар мен финтілді тайпалардың аккультурациясы процесінде жаңа ұлыстар
этникалық тобы қалыптасты.
XI-XIV ғғ. Новгород қала-республикасының айналасында, шығыс славяндардың
орналасқан жерінен солтүстік-батысқа қарай көптеген славян емес халық мекендеген
үлкен мемлекет пайда болды.
Солтүстіктің финтілді тайпаларының алғашқы тобының аясында карельдер, водь
(вожандар), ижорлықтар (ингридтер) және вепстар тікелей Новгородқа бағынды. Ал ол
топтан тысқары жерде әлсіз, тек алым-салық төлеумен шектелген, жанама түрдегі
тәуелділік болды. Бұл топқа Қиыр солтүстіктегі финтілді саамдар, одан арырақ солтүстік-
шығыстағы финтілді комилер (зырандар) мен пермяктар, угротілді остяктар (ханты) және
вогулдар (мансы), олардан бөлек самоедтер (ненец) жатты.
Новгород солтүстік-шығыс өлкеден қарулы күштің көмегімен аңшылар мен
балықшылардан алым жинап отырады. Бұл алымның басты құрамдас бөлігі бағалы
терілер болды, оларды Новгород ганзейлік қалалар арқылы Батыс Еуропаға экспортқа
шығарды. Сол терілер үшін, ең алдымен, бұлғын терісі үшін, орыс әскерлері мен
кәсіпшілері мыңдаған километрлерге дейін, тіпті Солтүстік Оралға дейін ұмтылды.
II.
СОЛТҮСТІК АЗИЯҒА ЖЫЛЖУ:
СІБІРДІ ЖАУЛАП АЛУ ЖӘНЕ ИГЕРУ
Қазан және Астрахань хандықтарын жаулап алғаннан соң, Мәскеу Ливон соғысының
барысында өзінің Батысқа жаулау жорығын жүзеге асырып, Балтық теңізіне шықпақшы
болды. 1580 жылдың басында бұл бағытта бұзып-өте ала алмаған Ресей, қайтадан үлкен
күшпен, өз назарын «Алтын Орданың жерін жинауға» аударады. Астраханьнан ары қарай
Далаға, Каспий және Қара теңіздеріне жол ашылды. Мәскеу князі осы бағытта ерекше
саяси белсенділік көрсете бастады. Алайда, орманды белдеудің тұрғындарында ашық
Даланы құрметтеу мен олардың алдындағы қорқыныш зор болатын, әскери күші-қуаты
жағынан да XVIII ғасырға дейін орыстар көшпелі шабандоздардан артта қалған еді.
Міне, осылайша, Қазанның құлауынан кейін Шығысқа жол ашылып жаулаудың екінші
бағыты таңдап алынды. Мұнда тұрғындар аз қоныстанған Обь маңының жоғарғы