Қазақстанның ашық кітапханасы
232
«Ұлттық» ұғымы, оның ағылшын тіліндегі және қазіргі неміс тіліндегі зерттеулердің бір
бөлігіндегі түсіндірмесінен өзгеше, ұлттықтың барлық аспектілерін қамтитын, бәрін
ұқтыратын кең нейтралды термин ретінде емес, неміс және орыс тілдерінде жайылған,
ұлттық шовинистік, басқыншы идеологияны сипаттайтын тар ұғымда қолданылады.
Келесі мәселе этнонимдерді қолдануға байланысты. Қазіргі ұлттарға байланысты,
қабылданған атауларды олардың өткеніне де апарамыз ба, жоқ әлде, өз дәуіріне сай
келетін этнонимдерді қайта қолына келтіреміз бе деген сұрақ туындайды.
Бұл жерде қатал бірізділікті жүйелікті сақтау мүмкін емес, себебі біз бас
айналдыратындай көп, бірнеше рет өзгерген этнонимдер мен Ресейдің жүзден аса
халықтарының құбылмалы, тұрақсыз, өзіне-өзін ұқсатуы процесімен кездесеміз.
Ал Кеңес дәуірінде енгізілген этнонимдерді, әдетте, мен пайдаланбаймын. Сонда, қазіргі
коми бұл кітапта зыряндар (патшалық Ресейде қабылданған этноним) деп беріледі,
марийліктер — черемистер және т.б. Ал егерде этностың ескі атауы, мысалы, қазақтарға
байланысты, патшалық Ресейдегі «қырғыз» атауы немесе көп мағыналы «татар» атаулары
түсініспеушілік тудырар болса, онда мен ескі атауларды пайдаланбаймын. Егер арнайы
этноним халықтың атауы ретінде 1917 жылға дейін кең таралған болса, онда ол
терминдерді қолдандым. Мысалы, украиндарды малоростар деп те, русиндар деп те,
немесе «рутендер» (ескі австралиялық әдеби нұсқада — «Ruthenen») деп айтпаймын.
Бессарабияның румын тілдес тұрғындарын, молдовандарды «румындар» деп анықтаймын.
Көп ұлтты мемлекет ретіндегі Ресейдің қазіргі тарихы әлі күнге дейін жоқ — ол орыс
тілінде де жазылмаған. Мұның басты себебі — «тар көзқарас», ел тарихын ұлттық
мемлекет тарихы шеңберінен шығара алмау. Нақ осындай көзқарас қазіргі тарих
ғылымының қалыптасу сәтінде үстем болды. Ағарту дәуірінде Ресейге деген, көпұлтты
державаға деген қызығу жоғары болатын. Алпыстан астам этникалық топтардың өмір
салты, діні, әдеті, тұрғын үйі, киімі мен басқа да көңіл аударарлары бейнеленген күйінде
XVIII ғ. соңында бірнеше рет басылып шықты. Негізінен басым бөлігі Георгидің
«Баяндауына» барып тірелетін «Орыстар билігінде болған әр түрлі халықтық тарихымен»
(«Histoire des differents peuples soumis a la domination des Russes») француз тарихшысы
Левек өзінің Ресей тарихына арналған үлкен екі томдық еңбегін толықтыруды қажет деп
тапты.
Сондай-ақ Генрих Шторх өзінің «Ресей мемлекетінің тарихи-статистикалық бейнесінде»
оның көп ұлтты кұрамына үлкен көңіл бөлген. Бірақ Ресей тарихына полиэтникалық
принциппен қараудың кейініректе беделі түсіп, қиратылды. XIX ғ. ұлы орыс
тарихшылары Карамзин, Соловьев, Ключевский және Платонов басқа елдердің басым
көпшілік тарихшылары секілді, шындығына келгенде, өз ұлтының тарихымен айналысты.
Көп ұлтты держава ретіндегі Ресей тарихы орыс тарихына айналды.
Бірінші тарау
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАР
Орыстың көп ұлтты державасының тарихы 1552 жылдан, Қазанды мәскеулік Қаһарлы IV
Иван патшаның жаулап алуынан басталады. Міне, ғылымдағы — Кеңес одағының іші мен
сыртындағы — билеуші пікір осындай, ол орыстың ұлттық аңыздарынан қолдау алады.
Бұл пікірді негіздеу үшін көптеген дәлелді ережелерді келтіруге болады: Қазан хандығын
жаулап алумен бірге орыс билігінің қол астына бірінші рет өзінің жеке тарихи дәстүрі,
ресми басқарушы дәулеті, қоғамдық элитасы бар, басқа тілде сөйлеп қана қоймай, тіпті