Қазақстанның ашық кітапханасы
231
уақыт — тілдік-этникалық ортақтық пен адал ниет сословиелік, діни, аймақтық және
династиялық белгілермен салыстырғанда бағыныңқы рөл ойнады. Егер біз
зерттеушілердің орталық тақырыбы етіп этникалық факторды атап көрсетсек, онда біз
ұлттық тарихтың көпшілігі ұмтылатын ұлттық мағынадағы көрініске ғана бейімделген,
нақты тарихтан тыс, оны кесіп қана өтетін түсінікке тап болуымыз мүмкін. Сондықтан бұл
кітаптың басты міндеті Ресей империясының тарихын «ұлттық мемлекет» ретінде
қарайтын орыстық орталық тұрғысына да, орыс емес халықтардың ұлттық
тарихнамасындағы тар көрініске де қарсы тұратын, Ресей империясының суперұлттық,
полиэтникалық сипатын айқындауға мүмкіндік беретін көзқарасты анықтау. Сонымен
бірге орыс тарихнамалық әдебиетінде дұрыс бағаланбаған Ресей державасының тарихына
орыс емес халықтардың қосқан үлесі лайықты түрде бағалануы керек.
Сондай-ақ модернизация дәуіріне дейінгі этникалық топтардың, Ресей халықтары
тарихының XIX және XX ғасырлардағы ұлттың пайда болуына дейінгі тарих ретіндегі
маңызы зор. Модернизация дәуіріне қатысты да ұлттық элементтердің бағасы мен рөлін
асырып жіберу қаупі бар, сол себепті әлеуметтік және ұлттық факторлар арасындағы өзара
тәуелділік пен байланыс жүйесін ерекше мұқият зерттеу қажет. Маған осындай күрделі
мәселенің барлығын жүйелі түрде қамтуға мүмкіндік беретін теоретикалық әдіс белгісіз.
Батыс еуропалық державалардың Еуропадан тыс территорияларға жүргізген билігінің
тәжірибесінен шығатын түйіндер мен қорытындыларды ресейлік аграрлық автократияға
қолдана салуға негіз жоқ. Бұның еуропалық әлемдік жүйенің валлерштейндік моделіне де,
шектелген уақыт диапазоны бар тәуелділік пен империализм теорияларына да қатысы бар.
Ал, бұл осы теориялар, еуропалық басып алушылық пен ұлттық билік тарихы туралы
жалпы еңбектер Ресей империясы тарихының ерекшеліктері мен жеке тұстарын түсіну
және баяндаудың кілті бола алмайды деген сөз емес.
Жекелеген мәселелерді баяндау үшін «орта радиустық әрекеттегі» мысалы, Джон
Армстронг жасап шығарған ұлтшылдық, мобильді диаспора деген сияқты теорияларды да
пайдаландым. Кең теориялық жиынтықта алғанда, бұл кітап соңғы екі онжылдық бойы
пайда болған пародигмаларға жауап та болды, әрі пән ретіндегі жетекшіліктің саясаттану
мен әлеуметтанудан этнологияға өтуіне мүмкіндік берді.
Терминология мәселелері әдістемелік және теориялық мәселелермен тығыз байланысқан.
Батыс Еуропадағы дамыған отаршылдық моделін Ресейге ауыстыра сала
алмайтындығымыз секілді, «отар», «отарлық тәуелдік» ұғымдарын егжей-тегжейлі, дәл
талдамайынша, соған сәйкес жағдайларға қолдана алмаймыз.
Ал, американдық зерттеулерге тән «отаршылдық», «империализм» ұғымдарының Ресей
мен Кеңес Одағына сәйкес оңды-солды, жаппай қолданыла беруі мәселенің мән-жайын
ашудың орнына, шатастыра түседі.
«Ұлт» және «ұлттық» (ұлттық сана, ұлттық қозғалыс, ұлттар және т.б) ұғымдарын мен
Еуропа мен бүкіл әлемде XVIII ғ. соңынан басталып, сонан соң бірін-бірі алмастыратын
екі саты арқылы өтетін, қазіргі ұлттардың қалыптасу дәуіріне, жаңа заман кезеңіне сәйкес
қолданамын.
Модернизация дәуірінің алдындағы жағдай үшін, ал бұл Ресей империясының кейбір
облыстарында XX ғасырға дейінгі кезен, «этникалық топ» және «этнос» (этникалық
бастама, этникалық сана және т.б.) терминдерін пайдаланамын.
Неміс тіліндегі «халықтық» (volkisch) түсіндірмесі арқылы саяси беделін түсірген көп
мағыналы «халық» (volksbegriff) ұғымын мүмкіндігінше пайдаланудан қашамын.