Қазақстанның ашық кітапханасы
230
Сондай-ақ мұнда саны аз, тарихы белгісіз, «тарихсыз халық болмайды», - деп кезінде
Энгельс айтқандай, «кіші халықтар» туралы да әңгіме болады.
Коп ұлтты держава ретіндегі Ресей тарихын жинақтау көптеген әдістемелік мәселелерді
шешумен байланысты. Алдындағы Ресей тарихының концепциясын анықтаушы
«Орыстық орталық көзқарас» деп аталатын билеуші бағытқа қарсы тұрмақ
болғанымызбен Ресей мемлекетінің тарихымен байланысты мәселелердің «Орыстық
орталық» түсінігі мен ұғымның тұтқынынан шығуы мүмкін болмады.
Себебі, ресейлік билік пен осы мәселеден тыс жағдайда поляктар мен якуттардың,
эстондар мен өзбектердің, чуваштар мен грузиндердің ұлттық болашағы тұрғысынан
тарихи ортақтығы жоқ.
Ресейдің езілген халықтарының өздерінің ұлттық тарихын зерттеуді бастапқы және негізгі
тақырып етуге, коғамдық пікірдің ортасына қоюға деген табиғи және әділ талқысын бұл
еңбектің төңірегінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Ол жекелеген ұлттық тарихи зерттеулер мен баяндаулардың міндеті. Ал бүкіл мемлекетке,
көпұлтты державаға қатысты зерттеуді жүргізу осы тақырыптың тұтастығынан өрбуі
керек. Алайда «шеткері аймақтардың этностары» бізді тек мемлекеттік саясаттың
нысандары ретінде ғана қызықтырмайды: біз оларды тарихи даму барысына мәнді әсер
ете алатын, тарихи процеске белсенді түрде бірге араласатын күштер ретінде бағалаймыз.
Ресейдің орыс емес халықтарының Ресей империясының құрамына кіргенге дейінгі
тарихы қысқаша очерк-түйіндеме түрінде, мысалы: Закавказье мен Орта Азияның бұндай
тарихы орыс тарихына қарағанда ғасырлар тереңіне анағұрлым сұғындырыла және
жалпылай беріледі.
Бүкіл империяның халықтарын салыстырмалы түрде қарастырудың артықшылығы сонда,
ол ұлттық тар көкжиектің шекарасын ысырып, тарихқа деген көзқарасты кеңейтеді.
Әрбір ұлттық тарих өз халқының, этникалық тобының тарихи тағдырын ерекше,
қайталанбас, бірегей етіп көрсетуге құштар. Басқа ұлттармен салыстарғанда жалпы сәттер
мен өзгерістер анық айқындалып, ұлттық түсініктемелер үлкен тереңдік пен өткірлікке ие
болады. Жекелеген халықтардың Ресей империясының құрамына кіруін, жекелеген
аймақтардың әлеуметтік, этникалық және экономикалық дамуын ұйымдастыру, әр түрлі
ұлттық қозғалыс пен арнайы бір халыққа деген ұлттық саясатты жүргізу процесі мен оның
сипатын жеткілікті, толық талдау және жан-жақты зерттеу аясында ғана мүмкін.
Бірақ, біз тұтастай мемлекет-империяның тарихына көз аударсақ болғаны мағлұматтармен
қамтамасыз етілудің бір жақтылығын байқаймыз. Маңызды деректер «Орталықтан»
шығады, соған сәйкес бір жақтылықпен боялады, ал «орыс емес жақтан» шығатын
деректер сараң түрде, көбіне тарихи тар үзіктерге қатысты болады. Деректердің қай тілде
жазылғандығы да мәселенің ашылуына қиындық туғызады. Мен, мысалы, тек славян және
батыс еуропалық тілдерде жазылған деректерді ғана пайдалана алдым. Ресей
империясының шеткері аймақтарының көпшілігінің тарихын түсіндіруде мен батыс
тарихшыларының өз тілдерінде жазған арнайы зерттеулері мен орыс тілде жарияланған
кеңес авторларының еңбектеріне сүйендім. Тіл мәселесінің шешілмеуі орыстық орталық
компоненттердің қосымша түрде көбеюіне әкелді, бұл грузин, татар, бурят және белорусь
есімдерінің орыстық транскрипциясында көрінді.
Ресей тарихына деген орыстық орталықтық әдісті «полиэтникалық көзқарас» тұрғысына
бейімдеу ұлттық феномендерді айрықша дәріптеуге әкеліп, анахроникалық асыра
бағалауға жеткізуі мүмкін «Ұлттыққа дейінгі» кезеңде — Ресей үшін бұл XIX ғ. дейінгі