Page 228 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
228
бір жағынан, батыс Сібірдегі Коммунистік партия мен Кеңес аппаратының мүшелерінің
құрамының басым көпшілігі шаруалардан тұрғаннан кейін, Семей мен Ақмола
облыстарын Қазақстанға қосуларына тура келді. Шарулардың арасында, олардың барлық
меншік заттарын қазақ әкімшілігі тартып алады деген түсінік болды. Қазақ
Республикасының орталық комитетінің 1921 жылы ақпанда өткен бірінші жиналысында
комитеттің төрағасы Мендешов былай деді: алайда Қазақ Халық Комиссариаттары өз
қызметтерін бастап кеткендеріне қарамастан, шығыс Қазақстан аумағы әлі де Сібір
кеңестерінің қол астында. Сол айдың аяғына таман, Сібір аймақтық әкімшілікпен Семей
мен Ақмола облыстарын Қазақстанға қайтару туралы келісімсөз өткізуге Қазақ
делегациясы Омбыға аттанады. Сібір коммунистері бұл аумақтағы биліктерін тоқтатуға
еш ниет білдірмей, оңтүстік-шығыс аумақтарды Қазақстанға қайтарып беруден 1921
жылдың жазына дейін бас тартады, кейіннен бұл жерлерді қазақтар Мәскеудің қысымы
арқылы ғана өздеріне қайтарады.
Сырдария мен Жетісу өңірінің қазақтары үш жыл бойы Түркістан автономиялық
Республикасының әкімшілігінің қарамағанда болады. 1921 жылы Әулиеатада өткен
оңтүстік қазақтар жиналысында осы аумақтарды Қазақстанға қосу туралы сөз
болғанымен, ол мәселе еш нәтижеге жетпейді. Тек, 1924 жылы Р(б)КП-ның XII партия
съезінде Коммунистік партияның ұлттық мәселеге деген көзқарасының өзгеруімен
оңтүстік қазақтар өз республикаларына қайта қосылады. Республиканың қазіргі аты Қазақ
КСР 1925 жылы беріледі.
Қазақ аумақтарының бір республиканың қарамағына енуі қазақ ұлтшылдарының жеңіске
жетулеріне себеп болмайды. Алайда республиканың алғашқы жылдарында қазақ
ұлтшылдары Алаш Орда өте маңызды рөл атқарғанымен, коммунистер ұлтшылдықтың
терең бойлауына еш мүмкіндік бермейді. 1921 жылғы аштықтан 2 миллион қазақ қаза
тауып, қазақтардың күштерін де башқұрттардың күштері сияқты әлсіретіп жібереді.
Ұлтшылдар мен интернационалист коммунистер арасындағы дау-дамай шиеленісе түседі,
қазақ тілі Қазақ автономиясының мемлекеттік тілі болып бірден қабылданбайды. Кейбір
төмен лауазымдағы шенеуніктер мен қызметкерлерді санамасақ, үкімет толықтай орыстар
мен түрік емес коммунистердің қолында болған. Тек, Р(б)КП-ның XII съезінен кейін ғана
Кеңес аппаратының қатарына қазақтарды алуға нақты шешім қабылдана бастады.
Қазақтар әлі де өздерінің ұлттық тәуелсіз өркендеуін армандауда. 1922 жылы қазақ
ұлтшыл коммунисі былай деп жазды: «Болашақта біздің әдіс-тәсілдеріміз мынадай
болады: біз (Қазақстанда) жоғарғы билікке жету үшін күресіп жатқан жоқпыз, дегенмен
бұл біздің мақсатымыз. Тіпті біз сол үшін арнайы күрескен күннің өзінде де еш жеңіске
жетпес едік. Сондықтан да біздің ең үлкен мақсатымыз жастарды оқу мен болашақтағы
күштің негізі болуына ынталандыруымыз керек». <...>
Тәржімалаған
Ф.Қ. Атабаева
КАППЕЛЕР АНДРЕАС
(1943 ж.)
РЕСЕЙ - КӨПҰЛТТЫ ИМПЕРИЯ
Пайда болуы. Тарихы. Ыдырауы.
КІРІСПЕ