Қазақстанның ашық кітапханасы
227
маңындағылар еді. Алайда, осы күнге дейін Алаш Ордасының идеологиясын ұстанып
отырған біздердің (Коммунист) партиясының қатарына қосылғанымыз ешкімді таң
қалдырмады... (Коммунист) қоғамының жиналысына барар алдында, біз Алаш Орда
көсемдерінен тапсырма алып, Р(б)КП-ның жиналысы өткеннен кейін онда не туралы
айтылғанын хабарлап тұратын едік».
Оппозиция, іскер Седельниковтің кетуіне байланысты көсемсіз қалып, біраз уақытқа
тынышталып қалады, себебі олардың түсінігі бойынша, Седельников кеткеннен кейін,
Орталық Комитет бұларды сынауын тоқтатады деп ойлайды.Тіпті, Байтұрсынов өз атынан
Кеңес жүйесін мадақтайды. Бұл жиналыста республиканың орталық комитеті сайланып,
оны «Халық Комиссарының Кеңесі» деп атап, оның «Жұмысшы Қырғыз (Қазақ)
Автономиялық Республикасының Құқықтық Декларациясы» деген конституциялық
манифестін басып шығарады. Бұл құжат Қазақстанның «автономиялық мүше ретінде
Федералды Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына, жалпы революциялық
отбасына енуіне мүмкіндік берді. Қазақтардың негізгі мәселесі, отарлау да Конгресте
шешілді. Бұдан былай Қазақстанда шаруалардың қоныстануына тыйым салынды. Осы
Сайлаушы Конгрестің кеңесінде шығыстағы коммунистік насихат пен халықаралық
жағдайды сақтау туралы мәселелер де көтерілді. Өзінің Конгресті ашуға қатысты сөзінде,
Сталиннің оң қолы және Ұлттар жөніндегі халық комиссарының көмекшісі Диманштейн
қазақтардың шығыстағы революцияның алдыңғы шебінде болулары керектігін айтып,
былай деді: «Қырғыз республикасы өз үлгісімен, үкімет пен әлеуметтік тәртіптегі жана
түрлерімен шығыс халықтарының арасында коммунистік идеяны таратуға міндетті».
Шығыс халқына тасталған бұл ерекше ұран оларды Кеңес революциясы үлгісінің артынан
жүруіне, бұрынғы империалистердің оларға құрған бұғауларын бұзуларына жігерлендірді.
Шығыстағы автономиялық кеңестік республикаларды ұйымдастыру, президент Вудро
Вильсонның ұлттың өзін-өзі басқару туралы қағидатын токтатып, оның Азия елдерінде
тарап кетпеуіне жол бермеу еді.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚАЗАҚ
ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ БІРІГУІ
Аграрлық саясатқа қатысты мәселелерді шешу өзінің алғашқы қадамын 1921 жылы
бастады. Сол жылдың ақпан айының 2-нде қабылданған жарлық мемлекет, шіркеу,
ақсүйектер, жекеменшік иелері қарауындағы бүкіл жерді қазақтардың меншігіне қайтарып
берді. 19 сәуірдегі жарлыққа байланысты Орал өзенінің сол жағалауындағы барлық жер
орал казактарынан тартып алынып қазақтарға қайтарылып берілді, ал Ертіс өзенінің
жағалауын он жетінші ғасырдан бері иеленіп келе жатқан, Сібір казактарына сол
жерлерден алты мильге ығысуларына мәжбүр етті. Қосымша заң қабылдау арқылы,
орыстар мен украиндықтар иемденіп отырған Жетісу алқабының 470000 гектар жері
қазақтар мен қырғыздарға қайтарылып берілді. Бұл жарлықтар көптен армандап келе
жатқан қазақтардың тілектерін орындап, Кеңес одағының жаулары-казактар мен кейбір
сөзге келмейтін қонысшыларға көрсеткен жұмырлығы еді. Ең басында құрылған кезде,
Қазақ Автономиялы Республикасы әкімшілігі астына тек қазақтар мекен еткен жерлер
ғана кірген еді. Солтүстік-батыс Қазақстан мен қазақтар ғана мекендеген Семей мен
Ақмола облыстарының үлкен аумағы Сібір аймақтық әкімшілігінің қол астында болды, ал
оңтүстік Қазақстанның кейбір бөліктері Ташкентке бағынған еді.
Аграрлық реформалар, жергілікті казактар мен орыс және украин шаруаларының
қоныстанған жерлерін қайтарып беруге мәжбүр етіп, қазақтар мен олардың арасындағы
қарым-қатынасты ушықтырып жіберді. Шаруалар көбінесе Кеңес үкіметінің тәртібін
сақтады, себебі Азамат Соғысы кезінде оларды қолдаған еді. Алайда Кеңес үкіметіне
қарсы шаруалардың бас көтерулері батыс Сібір мен солтүстік Қазақстанда болып өтті. Ал