Page 226 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
226
Байтұрсынов пен Седельников Түрік Ұлттық ұйымына Иттабад ве Тачакки (Бірлік пен
Даму) қосылып, оның қатарында татар Сұлтанғалиев, башқұрт Валидов, өзбек
жадидтерінің көсемі Тұрсын Қожаев пен Тұрар Рысқұлов болды деген болжамдарының,
мүмкін, ешқандай негізі болмады.
Алайда осы көсемдердің мақсаттарының бірі болып, бір-бірімен қарым-қатынастарын
үзбеуі күмәнсіз еді. Байтұрсынов пен Валидов өте жақсы таныс болғандықтан, олар Қазақ-
башқұрт одағының іс жүзінде Кеңес билігі мен татарларға қарсы ниетін күшке
айналатынына жиі сенім арттыратынын айтатын. Орыс антикоммунисі Седельников те
осы жоспарды қолдап, оның шығыстағы Кеңес билігін әлсіретуінің айласы деп тапты.
Седельников Мәскеуге Орталық Комитетке, өзінің бұрынғы социал-демократиялық
партиясындағы жолдасы Ленинге хат жолдайды. Ол хатында коммунистік партия
қатарында ескі революционерлерден ешкім қалмағанын, ал қазіргі мүшелері көбінесе 1917
жылғы наурыздан кейін қосылған «марттықтар» деп жазды. Ол қазір коммунизмнің «ішкі
кадрлары» соғыс кезіндегі большевиктер мен «бонапартшылдықтардың» Мәскеуде билік
басына келгендеріне өте қынжылатынын айтты.
Седельников пен Байтұрсыновтың ашық қарсыластары жас қазақ коммунистері арасында
жеңіске жетіп, жергілікті партия бюросы Мәскеуге «Седельников қазақ ұлтшылдарының
көсеміне айналып, коммунизмге қарсы ашық шовинистік күрес жүргізуде», — деп
хабарлады.
ҚАЗАҚ АКСР-ның ҚҰРЫЛУЫ
Біраз уақытқа Орталық Комитет пен Кеңес үкіметі Седельников пен Байтұрсыновты
жайына қалдырды. Украинадағы жаңа қарсыластық танытқан поляктармен соғыс, генерал
Врангельдің Ақ армиясы Қырымға қарай жылжып келуі, Қызыл армияның барлық әскери
күшін талап етті. Майдандағы қауіп әлсірегеннен кейін, башқұрт ұлтшылдарын
биліктерінен айырып, орталық Азиядағы қобалжың азайды. Башқұрт, қазақ және Орталық
Азия қарсыластарының бірігуінің мүмкіндігі жойылып, большевиктер Қазақ
автономиясын мойындауға әрекет жасады. Оны олар 1920 жылы 26 тамыздағы жарлық
арқылы жариялады. Казак (Қырғыз) АКСР-ның ресми құрылуымен қатар, Орталық
Комитет Седельников пен Байтұрсыновты Кирревкомнан алып тастап, осылай
қарсыластарды республиканың ең жоғарғы органында отырған өз көсемдерінен айырды.
(Бірнеше айдан кейін Байтұрсынов, ұлтшылдықтан айырылғаннан кейін, Кирревкомға
мүшелікке қайта қабылданып, Қазақ АКСР-ның Халыққа Білім Беру Комиссары болып
сайланды. Ал Кирревкомдағы басқа қазақтарға тоқталатын болсақ, олардың саны тек бес
әшекей ретіндегі тұлғалардан тұрды. Қалған мүшелері не орыстан, не түрік емес
халықтардан болды.
1920 жылы 4-12 қазанда Қазақ (Қырғыз) республикасын құру туралы жарлық
жарияланғаннан кейін, Бірінші нақты Қазақ Кеңестер Конгресі Орынборда өтті. Оған 750
делегат қатысып, оның 273-нің сайлауға құқығы болды. Олардың 197-сі коммунистер еді.
Коммунистік Орал мен Торғайдан келген делегаттар, Жанкелдин мен Амангелді Кеңес
үкіметінің ықпалы туралы үгіт жүргізген адай мен қыпшақ рулары өкілдері Конгресс
мүшелерінің жартысынан көбін құрады. Қазақтардан тұратын басқа делегаттар —
коммунистер немесе партияға мүше еместер — әлі күнге дейін Алаш Орда көсемдері
Байтұрсынов пен Бөкейхановтың маңына жиналуда.
Делегаттардың бірі А. Нахимжан өзінің естелігінде, бірнеше жылдан кейін былай деп
жазды: «Біз алғашқы бүкіл — Қырғыз (Қазақ) Конгреске келдік... Алаш Орда
зиялыларының
маңына
шоғырландық,
делегаттардың
көбі
Байтұрсыновтың