Page 225 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
225
қаңтарда болған башқұрт бас көтеруі арқылы ашық көрсете алды. Оның мақсаты Алаш
Орда мен Валидов арасындағы ескі байланысты кайта жаңғыртып, оңтүстік-шығыс түрік
одағын құру туралы идеяға башқұрт-қазақ одағының бірлескен аяқ басуын көкседі.
Алайда Кеңес үкіметі әлі де Мұсылман коммунистерінен қол үзгісі келмей, уақытты
создырды. Мұны олардың Қазақ автономиясы туралы сұрақтың шешімін кейінге
қалдырғандарынан көруге болады.
ОППОЗИЦИЯ
Қазақстанда ескі коммунистер мен бұрынғы Алаш Орданы қолдаушылар, кейіннен
коммунистік партия қатарына өтіп, Кеңестерді жақтаушылар арасында күрес басталды.
Бұл күрес қазақ аймағының басты әкімшілік органы Кирревкомда белгілі болды. 11
қазанда Кирревком Қазақстан кеңесшілеріне ең маңызды конгресс ұйымдастыру туралы
ұйғарып, сайлау туралы заңға қатысты сұрақтарды талқылады. Сайлауды дайындайтын
ерекше комитет құрылды. Кейбір коммунистер сайлауға түсушілер қатарынан
дінбасыларын, патша мен Алаш Орда әкімшілігінің мүшелерін, байларды, бұрынғы ауыл
мен ру басыларын сызып тастауды ұсынды.
Бұған Байтұрсынов қарсы болып, былай деді: «Мұндай әрекет адамдарды саяси
құқығынан айыру. Қазақ халқын өз өкілдерінен айыру, олардың өз еріктерін сөзі өткізе
алатын өкілдері арқылы жеткізу құқығына сенбеушілік». Ол осы әлеуметтік топқа сайлау
құқығын қалдыруға кепілдік алып беруге әрекет етіп, жеңіске жеткенімен, Кирревкомның
төрағасы Пестковский Кирревком мүшелігін ауыстырып, Кирревкомның соңғы
жиналысында бұл топты барлық саяси құқықтарынан айырды.
Ұлтшылдар мен Пестковский тобының қатарын құрайтын коммунистер арасында ең
негізгі күрес 1919 жылы 1 қаңтарда өткен жергілікті коммунистік жиылыста басталды.
Ұлтшылдардың көсемі ретінде Байтұрсыновтың өзі, оның негізгі көмекшісі бұрынғы орыс
социал-демократы Седельников болды.
Жергілікті партияның Орталық комитетінен еш байланыс ала алмаған бұл екеуі
Мәскеудегі Р(б)КП-ның Орталық комитетіне 1920 жылдың наурыздың соңында хат
жолдады. Хатта олар реформа туралы бағдарламаны ұсынып, Қазақстан, Башқұртстан мен
Орталық Азиядағы жергілікті партия ұйымының жалпы платформасын белгілеп, Орталық
Комитеттен «Қазақ, Башқұрт, Түркістан автономиялық республикаларындағы халықтарға
өзін-өзі басқаруға нақты кепілдік беруді» талап етті. Тағы да олар «жергілікті экономика
кеңестері мен комиссариаттарының азық-түлікпен қамтамасыз еткізіп, жергілікті
халықтың алғашқы мұқтаждықтарын орындауға автономиялық аймақта индустриялды
және ауыл шаруашылық саясат» жүргізуді ұсынды.
Кеңес жазушысының байқауы бойынша, олардың ең негізгі мақсаты Орталық Комитеттен
келесіні талап ету еді:
1.
Осы республикаларда Кеңес одағының билік жүргізбеуі;
2.
Кеңес үкіметінің «пролетарлық диктатура» деген принципін шығыс аймақтарға
қатыстырмауы;
3.
Жергілікті үкімет жергілікті әкімдерден, немесе «буржуазиялық ұлтшылдардан»
Кеңес терминологиясы бойынша құралуы керек еді. Кеңес деректері оппозициялық
әрекеттің маңызын асыра бұрмалады.