Қазақстанның ашық кітапханасы
224
шығыстағы қызыл әскерге қосылуға мүмкіндік алды, соның салдарынан 13 қыркүйекте
Ақтөбе майданы таратылды.
11 желтоқсанда Семей басып алынды, ал ақтар Жетісуды 1920 жылдың наурызына дейін
ұстап тұрды. Азамат соғысының ошақтары біртіндеп сөне бастады. Қазақстанның бүкіл
аумағы қызылдардың қолына өтті.
Алаш Орданың Кеңестерді қолдауы, алайда қазақтар арасына коммунистер билігінің
жеңіске жетуіне еш ықпал етпеді. Коммунистерді оларға алғаш таныстыру талаптарынан
ештеңе шыға қоймады. Амангелді мен Жанкелдин ұйымдастырған топтар мен рулардан
басқалары арасынан Кеңес үкіметін қолдайтындардың саны шамалы болды.
Кеңестердің алғашқы Торғай конгресі 1918 жылы наурызда өтті. Кеңестердің далада
алғаш орналасуынан бастап, большевиктер алғашында жергілікті билеу комитетіндегі 55
мүшелік орынның біреуіне, кейінірек қиындықпен үш орынға ие болды. Азамат соғысы
жылдары коммунисттік кадрлар қатарының өсуі байқалмады. 1927 жылы қазақ
коммунистерінің қатарында 1916 жылдан бері тек қана біреу (Жанкелдиннің өзі); 1917
жылы — 9; 1918 жылы — 148; 1919 жылы — 345 адам болды. 1917-1919 жылдар
аралығындағыны есепке алғанда, Р(б)КП—ның қатарына өткен қазақтардың саны 1927
жылы 503-ке жетті. Кейбіреулерінің 1920-1927 жылдар аралығында мүшеліктен
шығарылып, ал қалғандарының азамат соғысы жылдары өлтірілгені шындық еді. Алайда
1919 жылдың аяғында партияға мүшелікке өткен қазақтардың саны 700-850-ден асқаны
күмәнсіз. Көптеген қазақтардың коммунистік партия қатарына өтуінің себебі, олардың
марксизм іліміне деген шынайы бейімдіктері емес, олардың өзара рулық туыстықтары мен
кикілжіңдерінен еді. Олардың арасында ықпалы зор көсемдерінің саны шамалы ғана
болды. Алғашқы коммунистер Амангелді Иманов пен А. Майкөтов азамат соғысындағы
партия қатарына өткен қазақтар еді, ал қалғандарының Тұнғаншин, Жанкелдин мен
Мендешевтың беделдері қазақтар арасында кеңінен тарамай, Байтұрсынов пен басқада
Алаш Орда саясатшылары сияқты ауқымды ықпалға ие болмады. Яғни, Башқұртстандағы
жағдайға ұқсас, алғашында большевиктер қатарына Валидовтың автономиясы қатарынан
алынған сияқты, Қазақстанда да әкімшілік және мәдениет жұмысшыларының орталығына
тек Алаш Орда мүшелері ғана алынды.
1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақстанда азамат соғысының аяқталуына
қарамастан, Кеңес Одағының бүкіл аймақтарындағы сияқты, Қазақстанда да жағдай өте
қиын болды. Кеңес үкіметі көбінесе бұрынғы саясаткер ұлтшылдарға үміт артты, олар
бұрынғы татар социалистері Валидовшілер, бұрынғы Алаш Ордашылар және Орталық
Азияның Жадидтері еді. Олардың қажет еткендері үлкен, шын мәніндегі ұлттық
автономия — жергілікті орыс коммунистерінен (көбінесе жұмысшылар мен жана
қоныстанушылар) тұратын. «Дені сау, белсенді коммунистер қазақтар арасында бола
қойған жоқ», деп жазды кеңес тарихшылары. Жергілікті орыс коммунистерін шығыста
түрік топтарына жатпайтын, украин, еврей, латыш және армян сияқты ұлттар қолдап,
автономияның құрылуына қарсы шығып, түрік ұлтшылдарының жоспарын іске асырмау
үшін қолдарынан келген қарсылықтарын аямады. Алайда 1919 жылы қыркүйектегі және
1920 жылдың қаңтары аралығында жағдай өзгерді. Р(б)КП-ның Орталық Комитетінің
өркендеуімен, мұсылман коммунист жадидтердің қатарынан кетіп, Орталық Азияда
билікке ие болды. Тұрар Рысқұлов пен Нәжімедин Қожаевтың басшылығымен, бұлар өз
идеологиялары бойынша Валидовтың қолдаушылары башқұрттарға, Алаш Орданың
қолдаушылары қазақтарға жақын болып, Мәскеудегілерден әрекеттеріне көбірек
бостандық беруді талап етті. Бұл топтардың мақсаты Кеңес аумағында оңтүстік-шығыс
түрік одағын құру мен өз алдына жеке мұсылман коммунист партиясын құрудың
жолдарын іздеді. Кейбір мұсылман коммунистер бұл бағыттағы шешімдерін 1920 жылы