Қазақстанның ашық кітапханасы
223
қырылысады. Алаш Орда үкіметі тек қағаз жүзінде болды. Сэр Олаф Кароның байқауы
бойынша, «Алаш Орданың қызметі ешқашанда конгрестер мен манифестер
ұйымдастырудан ғана аса алмады». Алғашында ол Кеңеске қарсы, социалист Комучқа,
кейіннен Колчак армиясына сенеді. Башқұрттар мен бірнеше өзбектер оңтүстік-шығыс
Алаш Орда Түрік-Қазақ одағын құруға қажеттілік туды деп дауыс көтере бастады. Ол
Орал мен Орталық Азияның оңтүстік шекарасын алып жатқан аумаққа созылып, оны
Орынбор казактарының басшысы генерал Дутов басқармақшы еді. Алайда бұл
жоспарлары қиял болып қалады. Себебі осы түрік халықтарының не дұрыс басшысы, не өз
территорияларын қорғауды ұйымдастыратын құралдары да, қаражаттары да болмады.
Орыс социалистері Қазақстанда болып жатқан шытырман оқиғаларға алаңдады. 1918 ж. 4
қарашасында Омбыдағы үкімет большевиктерге қарсы Қазақ автономиясын бұдан былай
қолдамаймыз деп жариялады, осыдан кейін Алаш Орда үкіметі толықтай өз күшін жоя
бастады.
Омбы үкіметі мен кейіннен адмирал Колчактың көзқарастары қазақтар мен басқа ұлттың
автономияларына да осындай әсер етті. Башқұрттар сияқты қазақтар да өз автономиялары
жойылғаннан кейін естен танып, өздерінің саяси бағыттарын түсіне бастады. Олардың
Кеңестерге деген ниеттерінің жылдам өршігені 1918 жылы 7 желтоқсанда батыс Алаш
Орда үкіметі кеңестерге қарсы көтеріліс бастауға мәжбүр болғандығынан бірден
байқалды. Алайда майданнан артта қалу себептерінен, қазақтар үшін Қызыл армия
қатарына қосылу башқұрттарға қосылудан да күрделі болды. Жанкелдин Орскідегі Алаш
Орда тобымен тек 1919 жылдың наурызында ғана байланысуға мүмкіндігі болып, ол
Байтұрсыновты қызылдарды қолдаудың дұрыстығына сендірді. 22 наурызда сол кездегі
Торғай Кеңес әкімшілігінің басшысы Жанкелдин Мәскеуге қуана телеграмма жіберіп,
былай деді: «Қазақтардың барлық жүмысшы табын жұмысшы-шаруа үкіметінің қызыл
жалауының астына біріктіру толығымен аяқталды». Алайда шын мәнінде бірігу үдерісінің
толық аяқталуына бірнеше ай қажет еді. Сол кезде қазақ әскерлерінің жартысы майданнан
далаға қарай қашып, ал қалған бөлігі ақ әскердің қатарында өз күресін жалғастырды.
Досмұхамедовтың Батыс Алаш Ордасы Кеңес үкіметін тек 10 қарашада ғана мойындады.
Оның өзінде де адмирал Колчактың жеңіліске ұшырауына байланысты еді. Бірнеше
аптадан кейін Бөкейхановтың басшылығындағы Шығыс Алаш Орда да қызылдарға
қосылды.
ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТІ
Алдын ала келісімге қол қойылғаннан кейін, Алаш Орда атынан Байтұрсынов,
Кеңестерден Жанкелдині Қазақ делегациясының қатарында Мәскеуге аттанды. Бұл жерде
олар Ленин және Сталинмен Қазақстанның болашақ статусы туралы келісімсөз жүргізді.
Соның нәтижесінде, 1919 жылы 10 шілдеде болашақ Қазақ КСР-інің үкіметі Қырғыз
(Қазақ) Революциялық комитеті құрылды, С. Пестковский оның басшысы болып, ал
мүшелері ретінде Жанкелдин (қазақ), Мендешев (қазақ), А. Кулаков, Ж. Хайкус, С.М.
Диманштейн тағайындалды. Қағаз жүзінде Кирревкомның билігі бүкіл қазақ даласына
тарағанымен, іс жүзінде оның қызметі Бөкей Ордасының шетінен аспады. Оған қазіргі
Қазақстан аумағындағы Жайық пен Орал өзендері орталығы ғана енді.
Шынына келсек, Жанкелдин мен Мендешевтің аттары олар қазақ болғандықтан, көбіне
бүркемелеу үшін қолданылды... Негізгі рөлді болашақ Ұлттар жөніндегі халық комиссары
Сталиннің оң қолы С.М. Диманштейн мен С. Петровский атқарды.
Колчактың жеңісі мен ақтардың Сібірден қуылуы, шығыс Ресейдің босатылуы тек қана
1919 жылы мамырда мүмкін болды. Бұл кезде Ақ армияның әскерлері шығысқа қарай
ұшы-қиырсыз қаша бастаған. Оралдағы және Орталық Азиядағы қызыл армиясы