Қазақстанның ашық кітапханасы
222
Торғай облысында Қызыл партизандарды 1916 жылғы көтерілістің көсемдерінің бірі —
Амангелді Иманов басқарады, ал А.Н. Жанкелдин казактардың қыпшақ руының басшысы
болады. Қызыл орыс әскерлерімен одақтаса отырып, Амангелді Шығыс пен Батыс
Қазақстан арасындағы байланысты үзіп тастайды. Кеңес тарихшыларының сипаттауы
бойынша, Амангелді ұлы қолбасшы болып, халық батырына айналады. Ал тарихи
шындық шамалы, Амангелдінің табысы өзінің ауылы мен аймағының көлемінен аса
қоймайды. Оның мекендеген аймағының жолдың торабында болғандығынан, оның
даладан өтетін жолдарды бақылауға мүмкіндігі болады. Ал Жанкелдиннің
қыпшақтарының кеңестік бағытта болуы оның руының басқа көршілес көшпенділермен
дұшпандастығын одан әрі ушықтыруға себеп болады.
Алаш Орда көсемдері 1916 жылғы көтеріліс кезінде Орыс әкімшілігін, 1918 жылы
большевиктерге қарсы күресті қолдаған кезде, Амангелді, Жанкелдин және қыпшақтар
1916 жылы патша үкіметінің жарлығына қарсы шығып, 1918 жылы большевиктер жағына
ауғаны өте орынды болды.
Тағы да бір кеңес қазақтарының бекінісі Каспий теңізіндегі Манғышлақ пен Бұзаушы
түбегінде орналасты. Мұнда Адай руы большевиктерді қолдап, Ақтөбе майданындағы
Қызыл армия күресін толықтыруға, Жанкелдинге көмек көрсетеді. Адайлардың кеңестік
көзқараста болуына «дәстүрлік» себептер де ықпал етті. Соңғы екі жүз жыл ішінде олар
Орал казактарымен үнемі соғыста болып, Орыс үкіметіне жағымсыз болды. 1918 жылы
Орал казактары Кеңестерге қарсы қозғалыс жүргізе бастағанда, адайлар өздерін бірден
қызылдармыз деп атай бастады.
Үшінші және ең басты кеңестік, Алаш Ордаға қарсы Қазақстандағы топ жоғарыда аталған,
оңтүстік одақ немесе Үш жүз (Үш Орда) партиясы еді. Оның органы Ташкентте
шығарылатын газет болады. Сібірді большевиктердің күштеп алуынан кейін, Үш жүз
тобы Бөкейханов үкіметінің басшылығын сөгіп, айыптап, 1918 жылы оңтүстік пен
оңтүстік-шығыс Қазақстандағы кеңестік басшылықты жабдықтауға кіріседі. Сырдария
мен Жетісу жерлеріндегі жайылымды мекендеген әр түрлі рулардың арасындағы тамырын
кең жайған антоганизм де саяси жағдайларда өте маңызды рөл атқарады. Яғни бұл тек
идеологиялық қажеттілік қана емес, сонымен қатар көне рулық қатынастар мен жаулас
қазақ руларының Кеңес саясатын қолдауына итермелеуі еді.
Осындай рулық және туыстық жауластық пен ерегестің ауқымды болғаны соншалық, тіпті
1951 жылға дейін бұл мәселе қазақтарды коммунистік партияның қатарына алу туралы
шешім қабылдауда басты рол атқарған. Кеңестер 1917 жылдың жазында-ақ Қазақстанға
ерекше көңіл бөлген, сол себептен Петроград Кеңесі Жанкелдинді Торғай өңіріне
қазақтарды үгіттеуге жіберген. 1916 жылғы орыстарға қарсы шыққан Орта Азиядағы
көтеріліске қатысқан қыпшақ руының айтуы бойынша, оларды большевиктер туралы
насихат жүргізу барысында туатын жағымсыз элементтерден қорғау еді. 1918 жылы
наурызда Жанкелдин мен Орал және Қазақстанда көп жылдар бойы уәкіл болған С.М.
Звелинг қосылып, Торғайда алғашқы кеңестік топ ашады. 1918 жылы 12 мамырда
Наркомнат арнайы Қырғыз (Қазақ) бюросын құрып, Жанкелдин дала аумағының төтенше
комиссары болып тағайындалады.
ҚАЗАҚТАРДЫҢ АҚ АРМИЯМЕН ҚАҚТЫҒЫСЫ
1918 ж. ортасы мен 1919 ж. жазы аралығындағы азамат соғысы кезінде Қазақстан орасан
зор анархиялық күйде болды. Олардың қалаларын не ақтар, не қызылдар ғана ұстап
тұрады. Дала мен ауылдар қалтарыста қалып, кейде ғана оларды не қызыл, не ақтар, не
жасыл (Жұмыссыз шаруалар) партизандары билейді. Жаңадан қоныстанушылар
қазақтарға және «ескі» қоныстанғандарға қарсы күресіп, тіпті әр түрлі рулар бір-бірімен