Қазақстанның ашық кітапханасы
221
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ЕНУІМЕН ДАЛАДАҒЫ КОНТРРЕВОЛЮЦИЯ
Қазан төңкерісі Қазақ даласында өзінің әсерін бірден байқатпады. Орынбор, Орал, Жетісу
казактары, Қазақстан аумағының шеткерінде мекендегендіктен, осы аумақтардағы билікті
өз қолдарына алады. Сондықтан қазақтар бірнеше ай бойы жеке қалып, Кеңес өкіметінің
ықпалын сезбеді. Башқұрттар сияқты Кеңес төңкерісінен кейін қазақтар да өздерінің жеке
автономиясын құруға ниеттенді. Генерал А.Н. Дутов пен казак әскерлерінің қолдауымен
үшінші Бүкіл қазақ Конгресі 1917 жылы 5-13 (18-26) желтоқсан аралығында Орынборда
өтті. 10 (23) желтоқсанда мұнда Қазақ Автономиялық аумағы жарияланып, оның
басшылары ретінде Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, Танашев және басқа Алаш Орда
мүшелері сайланды. Семей астана болып таңдалады да, 1918 жылдың жазында өзара
келісімі күшті болғанымен де, қатынасуы қиын болғандықтан, Алаш Ордасы жеке екі
үкімет құрады. Батыстағысының орталығы Орал облысындағы Жамбейту қаласы болып,
оны Досмұхамедов басқарады. Ал шығыстағысы Бөкейхановтың басшылығымен Семейде
орналасады. Олардың екеуі де антикоммунистік бағытта болып, тек қана «Алаш
Орданың» идеяларын қолдайды. Қазақ автономиясының негізгі мақсаты қазақтардың жеке
мемлекетін құру емес еді, себебі қазақ көсемдерінің ойынша, бұған әлі дайын болмады.
Досмұхамедов былай деп жазды: «бұл әрекет большевиктердің ықпалының далаға енуіне
қарсы түру үшін еді». Кеңес үкіметі кезінде кеңестердің басып алған ең бірінші қаласы
Қостанай еді. Ол 1918 жылы 7(20) қаңтарда басып алынады. Ақтөбе 8 (21) қаңтарда,
Орынбор 18(31) қаңтарда, Семей 21 қаңтарда (3 ақпанда) басып алынады. Жетісу бойын
көпке дейін қазақтар ұстайды. Большевиктер Верныйға тек 3 (16)наурызда кіреді. Бұған
қарамастан, антикоммунистік қарсыластық тоқталмады. Генерал Дутов пен казактар
өздерінің коммунизмге қарсы партизандық соғысын қазақ даласында жалғастыра береді.
Кеңестердің Қазақстандағы бірінші басып алған жерлеріндегі биліктері көпке дейін
созылмайды. Алматыда Кеңес өкіметінің орнағанына екі апта өтпей жатып, шығыс
майдандағы қазақтар мен батыстағы Орал казактары антикоммунистік көтерілістерді
бастап жібереді. 29 наурыздың түнінде казактар Орал қаласын басып алады. Мамыр
айында Ақ орыс пен Чехословак әскерлері Жайық маңына жорығын бастайды. Маусымда
бүкіл Орынбор казактары генерал Дутовқа қосылады. 1918 жылы жазда Сібір, Орал,
Жайық аумағының басым бөлігі, бүкіл Қазақстан территориясы Кеңес басшыларынан
толық босатылады.
Казактар қазақтарға оңтүстік-шығыс (Жетісу) пен батыста (Орал өзені бойы) Қызыл
армиядан қалқан болады. Казактар, бір жыл бойы, шекарасын ойрандатқан азамат
соғысының белсенді қатысушылары болғаннан гөрі көбінесе ұстамды куәгерлер болып
қала береді. Орталық Азиядағы большевиктерге қарсы Балқаш көлі мен Қытай
шекарасына дейінгі аралықтағы оңтүстік-шығыс майданды Жетісу казактары басқарады.
Кеңес басқыншылығы кезеңінде Алаш Орда үкіметі Орынбордан далаға қашып кетіп,
кішігірім әскери топтар ұйымдастырады. Олар орыс әскерлерінің анти-коммунистік, кеңес
үкіметіне қарсы соғысында шамалы рөл атқарды. 1918 жылы наурызда Досмұхамедов
басқарған батыс Алаш Орда Орал казактарымен бірлесіп, Орал маңында Қызыл армияға
қарсы әскери операциялар жүргізу туралы келісімге қол қояды. Самарда Комуч
құрылғаннан кейін Досмұхамедов осы орыс антикоммунистік ұйымға қосылады. Шығыс
Қазақстанда Бөкейхановтың үкіметі Сібір әкімшілігінің «ақтарымен» тығыз байланыста
болады. Осы шығыс бөліктегі әскери қақтығыс тек Жетісу казактарының
қозғалыстарымен ғана шектеледі, өйткені осы аумақтағы қоныстанушылар Кеңес үкіметін
қолдап, ал қазақтар болса бұл күреске шамалы ғана қатысады. Большевиктерге қарсы
күрестен гөрі Қызыл партизандарға қарсы күрес қазақтар мен орыстардың күштерін
едәуір көп талап етеді.