Page 220 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
220
ұйғарды. Конференция сонымен қоса, қазақтардың өз алдына жеке діни әкімшілік құрып,
оның Татар мұсылман әкімшілігінен алыс болғанын қалады. Осы кезде Уақытша Үкімет
екі қазақты провинция губернаторларының бос орындарына тағайындады: Торғай
облысына —
Ә. Бөкейхановты
, Жетісуға —
М. Тынышбаевты.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТЫҚ
Алаш Орда қазақтың ең алдынғы қатарлы саяси партиясы болғандықтан, ол қарсылассыз
болмады. Оңтүстіктегі қазақ тобы, баспа органы Ташкентте шығатын «Үш жүз» газеті де
қазақ конференциясына қатысып, Алаш Орданың тактикасына қарсы шықты. Бұл әр
жақты топ пан-исламдық дін басшыларын, солшыл радикалдары, Алаш Ордадан гөрі
орыстарға қарсы шығушыларға жақын ұлтшылдарды қолдады. Алайда, бұл топтың әсер
ететін ықпалды көсемдері болмағандықтан, Сайлаушы жиналысқа тек Алаш Орда
партиясының мүшелері тағайындалды.
2-5 тамызда Ташкентте өткен жиылыста, оңтүстік қазақтардың орыстарға қарсы
радикалды көңіл-күйлері білінді.
Сырдария мен Ташкент аймақтарындағы қазақтар солтүстіктегі және батыстағы
ағайындарына қарағанда, Ресейдің ықпалына азырақ бейім болды. Ал Алаш Орданың
орыстарға қарсы бағыты олардың татарларға деген жауластықтарымен ғана шектеліп
қойған еді, ал оңтүстік қазақтары мұндай антогонизмнен еш запа шекпеді. Көпке дейін
Сырдария алқабы қазақ пен өзбектердің (сарттардың) ауыл шаруашылыққа арналған ортақ
отырықшы мекендері болды, сондықтан бұл екі ұлт өкілі кейбір өзгешеліктеріне
қарамастан, едәуір бейбіт күй кешкен. Сонымен қатар отырықшы өркениетке көбірек
бейім болған өзбектердің мәдениетінің оңтүстік қазақтарға әсері мол болды.
Оңтүстік қазақтардың өмірін түбегейлі өзгертуге себеп болған 1916 жылдың оқиғалары,
себебі ол қазақ сахарасының оңтүстігіне көптеген қайғы әкеледі.
1916 жылдың күзінде Қытайға қашып кетіп, енді қайтып оралып жатқан ағайындары мен
Жетісу қырғыздарына Сырдария қазақтары жанашырлық танытты. Олар көшіп кеткен
кездерде, орыс және украин қонысшылары олардың тастап кеткен жайылым жерлеріне
қоныстанып, ал бұрынғы қоныстарына кайтып оралғаннан кейін жаңа отаршылар оларға
айбат көрсете бастаған еді.
Орыс және украин шаруаларының қырғыздарды өлтіріп, байлықтарын олжалау 1917
жылдың жазында соғыс ашуға итермелеген негізгі себеп болды. Сондықтан Уақытша
Үкімет биліктен айырылғандарды қайтадан тағайындап, ішкі тартыстарды басу үшін
оларды қаруландыруға шешім қабылдады. Жетісудағы анархия осы тамыз
конференциясының ең негізгі мәселесіне айналып, билікке еш қақылары жоқ
қоныстанушылардың қоқан-лоқысынан қорғау мен Қытайдан қайтып келген
көшпенділерге бұрынғы мекендерін қайтарып беруді әкімшіліктен талап етті. Бұл
шешімді 5 тамызда Ташкентте өткен мұсылман шеруі де қолдады, олар орыс әскерлерінен
ағайындарын қорғау үшін Жетісуға жіберуді талап етті. Орталық Азиядағы орыс
билеушілері бұған жауап беріп, Керенскийге жіберген телеграммасында, қарусыз
қырғыздарға қарсыластық көрсетіп жатқан қоныстанушыларды орнына қою үшін, бұл
жағдайды тергеуге комиссия және әскерлерді жібергені туралы мәлімдеген. Комиссия мен
әскерлер бүлік пен тәртіпсіздікті кейбір жерлерде тыныштандырғанымен, жалпылай
Жетісудағы жағдай алаңдатушылық туғызды.