Қазақстанның ашық кітапханасы
219
1913 жылдан бастап «Қазақ» газетінің маңына жиналған қазақ зиялылары 1917 жылы
наурызда жаңа қазақ ұлттық партиясын — Алаш Орданы құрды. Бұл партия өз
бағдарламасы бойынша, Кадеттерге жақын еді. Бұл партияның көсемдері жиырмасыншы
ғасырда өтіп жатқан жағдайлардың көшпенділік тәртіпті толықтай өзгерте алмайтынына
көздерін жеткізді. Қазақтардың бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан көшпенділік әдеттері,
олардың жаппай отырықшылыққа жылдам айналу үрдісіндегі ешқандай жеңе алмайтын
кедергі екенін Алаш Орда басшылары сезіп, түсінді. Сонымен бірге оларды күштеп
отырықшылық өмірге жүгіндірсе, халықтың қырылып қалатынын түсінді. Кеңес
үкіметінің
1930
жылдары
қазақтарды
күштеп отырықшыландыруына деген
талпыныстарының өлімнің көбейіп кетуіне себеп болғандығы олардың болжамының
дұрыс екендігін дәлелдеді.
1917 жылы ең алғашқы Қазақ жиылыстары көбінесе ауыл шаруашылығына қатысты
мәселерді ғана қарастырып, негізгі саяси мәселелерге көңіл бөлмеді. Сәуірдің 28-інде
Орынборда болған Бүкіл Қазақтық Конгреске қазақ сахарасының түкпір-түкпірінен
өкілдер қатысып, осы жерде ғана алғаш рет ұлт және конституцияға қатысты мәселелер
қарастырылды.
Осы Конгрестің шешімдері көбінесе қазақ тілін мектеп бағдарламасына енгізу қажет
екендігін, жергілікті әкімшіліктер мен соттардың қазақ тілінде жұмыс істеуін, білім беру
саласын кеңейтуді, қазақтар мекендеген аумақтарда өзін-өзі басқаратын земстволарды
орнатуды көздеді. Конгресс Уақытша Өкіметті қолдайтынын және «соғыстың жеңіспен
аяқталуына» тілектес екендігін білдірді.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов пен X. Досмұхамедов басқарған Алаш Орда
партиясы қазақтардың арасынан саяси билеуші топ құрды. Оның мүшелері 1917 жылы
мамырда Мәскеуде өткен Бірінші Мұсылмандар Конгресіне қатысып, ол оның басқарушы
органы Бүкілресейлік Мұсылман Кеңесіне қатысты. Кеңестің делегаттары У. Танашев пен
X. Досмұхамедов те татарлардың қол сұғушылығына қарсы табан тіресе күресіп,
қазақтардың тәуелсіз жолмен саяси дамуын қолдады. Татарлар Екінші Бүкіл Ресейлік
Мұсылман Конгресінде қазақтардың мәселесі туралы сұрақ көтеріледі деп, олардың жеке
Қазақ конференциясын ұйымдастыруларына қарсы шығады. Алайда қазақтар оған
қарамай, өздерінің жеке ұлттық конференциясын ұйымдастырып, өткізеді.
Екінші Бүкіл Қазақ Конгресі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында, татарлардың
Қазанда өткен Конгресімен қатарлас, өткізіледі. Осындай өнегемен қазақтар
башқұрттармен бірлесе отырып, өздерінің татар билігінен бөлек, тәуелсіздікке ұмтылыс,
құлшыныстарын көрсетті. Бұл кезде ұлттық саясат мәселесі төңірегінде көптеген пікір
айтылып, оның шешімдері Ресейдің жаңа демократиялық және федералдық негізде қайта
құруын талап еткен. Ресейде мекендеп жатқан басқа ұлттық топтардың конгрестерінен
бұл конгрестің ерекшелігі — бұл не жеке автономиялық үкіметті, не қазақтардың басым
көпшілігі мекендеп отырған аумақтарды біріктіруді көздемеді. Өзін-өзі басқаратын
земстволар мен төменгі әкімшілік орындар, мектептер мен сот органдарына қазақ тілін
енгізумен шектеліп қана қойған олар, қазақтардың ұлттық дамуын көксемеді. Қазақ
көсемдерінің осындай орташа талап қою себебі, олардың Қазақстанның тарихын,
географиясы мен мұқтаждықтарын шынайы түсінушіліктерінен еді.
Халықтың автономиялық үкіметке әлі пісіп-жетілуі дайын емес екендігін, сахараның өте
үлкендігін, қазақтардың әрқашан ордаға бөлінуге деген ыңғайларын, провинциялардың
біріктіріп басқаруына үлкен кедергі болатынын да түсінген. Татарлардың қолдауымен
өткен Бүкіл Ресейлік Мұсылман Конгресі шешкен түрік тілін мектептерге енгізу туралы
қаулыны бұл конгресс қолдамады, керісінше, орыс тілін орта мектептерге енгізуді