Қазақстанның ашық кітапханасы
218
рулық қатынасқа байланысты дамып отырған жергілікті халықтың арасында еш жеңіске
жетпеді, қайта соның нәтижесінде сайлау жалған болып, сайланған әкімшілік ерегес пен
сөгістен басқа ештеңеге ие бола алмады.
Ресей әкімшілігі де осындай нәтижеге жеткені үшін айыпталды. Себебі әкімшілік
мүшелері Қазақстан мен Орта Азияға келген орыс бюрократиясының көрнекті өкілдерінің
қатарына жатпайтын еді. Олар Еуропа орыстарымен де еш келісімге келе алмаған, тек
барлық қолдан келер амалдарын қолдана отырып, жылдам табысқа жетуді көздеушілер
еді. Орталық әкімшіліктің дұрыс бағыт бермеуі мен жергілікті халықтың артта қалуы
себебінен, Орталық Шығыстағы орыс үкіметі көбінесе заңсыз әрекет көрсеткен. Алайда
көшпенділер амалсыз, тағдырға, империя мәртебесіне, «ақ патшаға» бас иіп, оларға ашық
қарсы шығып, өздерінің наразылығын көрсетпеген.
ҚАЗАҚТАР ЖӘНЕ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
Ресейдің біраз бөлігінде, әсіресе қазақ даласында халықтың әлеуметтік құрылымы мен
географиялық жағдайына революциялық жағдай мен азамат соғысы қатты эсер етті. 1,
001,111 шаршы мильге созылып жатқан Қазақстан аумағы, Америка Құрама
Штаттарының үштен бір бөлігіндей еді. Жайықтан Алтайға дейін 1800 мильге,
солтүстігінде Оралдан, оңтүстігінде Ташкенттен 900 мильге созылып жатқан. Осындай
аумақта, халықтың сирек орналасуы мен байланыс құралдарының нашар дамуы себебінен
ұлттық әкімшілік ұйымын құру мүмкін болмады. Қазақстан халқының үштен бір бөлігі
орыстар мен украин шаруалары, не қала тұрғындары құраса, қалған екі бөлігі көшпенді,
не жартылай көшпенді қазақтар еді. 1920 жылы олардың 1,5 пайызы қала тұрғындарына
айналып, оның 5 пайызы ғана сауатты еді.
«Пролетарлық революция» дәуірінде көшпенділік тұрмыс пен сауатсыздық, рулық
қатынастар қазақтарды саяси салғырттыққа икемдеді. Қазақтардың жоғарғы табына
жататындар көбінесе идеалистік көзқарастағы зиялылар, ру басылары, байлар болды.
Зиялылардың саны аз болғандықтан, олар қазақтар арасында басты рөл атқара алмады, ал
артта қалған рубасылары, ақсақалдар мен байлардың, керісінше, революциялық
оқиғаларды түсінуге қабілеттері жетпей, саяси күрес орталығынан алшақ болуды қалады.
Орта қолды қазақ, татар мен башқұрт шаруасына қарағанда, олардың ешқандай саяси
қызметке икемдері болмады. Соның салдарынан, азамат соғысы жылдарында қазақ даласы
Қызыл және Ақ орыстар арасындағы кикілжіңнің алаңына айналды, ал қазақтар болса
өздері ұлт ретінде ешқандай бас көтермеді. Саяси оқиғалар туралы жаңалықтар даладағы
жайлаулар мен қыстақтарға өте кеш жетіп, идеологиялық ұрандар көшпенділерге өз әсерін
тигізе алмады. Оның себебі, олардың әлі де болса, өткен ғасырларда қалыптасқан салт-
дәстүр аясында өзіндік өмір сүрген қалпында болулары еді. Сондықтан көптеген жиылыс,
шешімдер мен бағдарламаларға қарамастан, қазақтардың басым көпшілігі 1917-1920
жылдардағы оқиғалардан бейхабар болды.
Алайда 1917 жылы қазақ өмірінің негізгі мәселесі — орыстардың отарлауы — қазақ
зиялылары мен көшпенділерін қатты толғандырды. Соғыс пен 1916 жылғы оқиғаларға
қарамастан, жаңадан қоныстанушылардың саны тоқтамады. Олар жергілікті экономиканы
әлсіретіп, көптеген көшпенділердің өмір сүруіне қауіп төндірді. Тіпті, кейбір қазақтар
қазақ
даласының
шеткері
аудандарына
қоныстануларына
мәжбүр
болды.
«Седентаризация» үдерісі өте баяу болғандықтан, олардың жаңа жағдайға бейім болу
мәселелері қарастырылмады. 1917 жылдың көктемінде өткен конференциялар мен
конгрестерден кейін ғана, қазақтар өз болашағын ойлауға ұмтылды. Революциялық
ұрандар отарлауды жоюды, қазақтардан тартып алынған жерлерді қайтару мен мал
шаруашылығының жағдайын жақсартуды талап етті.