Қазақстанның ашық кітапханасы
217
1904 жылғы Қоныстану туралы әкімшілік құрылғанымен қатар, 1905 жылғы
революциядан кейінгі Ресей экономикасының күрт дамуы қоныстанушылардың екінші
толқынына себеп болды. Ресей премьер-министрі Столыпиннің аграрлық саясаты
бойынша Ұлы Ресей мен Украинаның ауыл тұрғындарының санын азайту туралы шешімі
көшіп келушілердің санын көбейтті. 1906-1912 жылдар арасында 438 мыңнан астам орыс
және украин отбасылары Қазақстанға көшіп келіп, 43 000 000 акр көшпенділерге тиесілі
жерлерін иеленді. Бірінші дүние жүзі соғысының қарсаңында қазақ даласы Ресейді
бидаймен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды қор болды.
Кәмпескелеудің өсуі, өз кезегінде, қазақ экономикасында едәуір өзгеріс тудырды. Кейбір
көшпенділер отырықшы өмірге бейімделе бастады, алайда ауылшаруашылыққа
икемдерінің жоқтығы мен көшпенділік дәстүрдің бұрмалануы отырықты тұрғындардың
өзгеріс ендірулеріне кедергі болды. Көбі кедей, құнарсыз орталық және оңтүстік
Қазақстан жерлеріне көшіп, отырықшыл жұртқа өздерінің жайылым жерлері мен қоса,
қыста малдары тұратын қыстақтарын да тастап кетулеріне мәжбүр болды. Соның
себебінен, мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді өмір күйреп, қазақтар арасына
ашаршылық ене бастады.
XIX ғ. басы мен ортасында қазақ даласының Ресей империясына қосылуы, дал ада
тыныштық сақтауға тура келуі мен тұрғын санының көбеюі салдарынан, қазақтар үшін
өздерінің көне көшпенді экономикасын сақтап қалуға қиындық тудырды. Ресей
мамандарының айтуы бойынша, 1860-1870 жылдары көшпенділердің көп бөлігі аштық
жағдайында болды. 1896 жылы бүкіл дала өңіріндегі малдың жартысынан астамы қазақ
тұрғындарының 7%-на ғана тиесілі еді, ал 50- 70% қазақ көшпенділері тұрғындардың
кедей бөлігін құрады. Орыс аграрлық жүйесінің тұрақталғанынан басталған мұндай
айырмашылық көпке созылды. Қазақ тұрғындарының өмірінің күрт төмендеуі қазақ
көсемдерін қатты алаңдатты, олардың ойынша, Ресей отарынан толық азаттану ғана
көшпенділерді осындай киын жағдайларынан құтқарады деп сенді. Қазақ өкілдері 1907
жылы Троицк, Орынбор, Қостанайда жиын өткізіп, қазақ даласына шаруаларды әкеліп
орналастыруын, олардың экономикалық және әлеуметтік жағдайларының күрт
төмендеуінің бірден-бір себебі деп түсінді.
1907 жылы көшпенді жерлердегі қоныстанушыларды тез арада тоқтатып, қазақтардың
Думаға қатысуын қысқарту туралы бұйрықты қайта қарауды талап ету туралы шешім
қабылданды. Бұл шешімдерді Ресейдің либералды партиялары қостады, ал үкімет болса
отарлау мәселесіне қарасты ешбір мәселені қазақтармен бірлесе отырып қарастыруды
өзіне міндет қылмады. Оның себебі, Ресей ең алдымен өзінің экономикалық жағдайы еш
пайда әкелмейтін, төмен деңгейде болғандықтан, бай қазақ даласынан кетуді мүмкін емес
деп санады. Қоныстанушылар дегеніміз, ен алдымен, Ресейге бидай жіберетін қор көзі,
екіншіден, ауқымды Ресей деревняларының жағдайын жақсартуға деген мүмкіндік еді.
Даланы отарлау саясаты көшпенділер мен жанадан келген шаруалар арасындағы қарым-
қатынасты ушықтырды. Мұндай егестердің қайта-қайта өрби беруіне келесі жағдай да
әсер етті, ол орыс әкімшілігінің кейбір мәселелерді қарастыруында, қазақ көшпенділері
мен орыстардың арасын байланыстыратын жаңадан сайланған қазақ ақсақалдары мен
тілмаштарға сүйенуі еді. Соның кесірінен, қазақтардың көпшілік мұқтаждықтары
әкімшілікке толық түсіндірілмей қалатын.
Сонымен қатар қазақтардың ішінен сайланған қызметкерлер де өз жұмыстарына
немқұрайлы қараған, ауылдық немесе аймақ басшыларының өздері де көбінесе
рубасыларының ықпалы мен ақшаға деген қызығушылықтан арыла алмайтын-ды. Ресей
басшыларының қазақ даласына демократты түрде сайлау жүргіземіз деген талпыныстары,