Page 216 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
216
қолдануды сұрауға барды. Олардың арыздары 22-59 орындалмай, орнына Петерборда ат
басын бұрып жатқан кезде кадет партиясымен байланысып, жақындасуға тура келді. 1905
жылдың желтоқсан айында Бөкейханов Батыс Қазақстан зиялы ақсақалдары мен
ақсүйектері арасында конференция ашып, олардан кадеттермен тығыз байланыста болып,
тіпті сол партияның мүшелігіне өтулерін сұрады. Осыған ұқсас шешім Тынышпаевтың
басшылығымен Верныйда (қазіргі Алматы) өткен шығыс қазақ көсемдерінің жиынында да
қабылданды. Осы екі топтың да идеологы, «Қазақ» газетінің редакторы А.Байтұрсынов
болды, ол сайлау жұмысын басқарып Қазақ кадеттері жеңіске жетті. (Қазақтар мен
еуропалық тұрғындар Қазақстанда Думаға сайлау кезінде жеке-жеке дауыс берген).
Жас болғанымен дәстүрі жақсы қалыптасқан, Уәлиханов, Алтынсарин, Абай
көзқарастарын жалғастырған казак зиялыларын еске алсақ, қазақ көсемдерінің татарлар
басқарған түрік ұлттық қозғалысына қосылуға, оның ұйымы Иттафакқа мүше болуға
ешқандай көңіл бөлмей, қандары суық болып қала бергендері таң қалаларлық жағдай
емес.
Олардың дінге деген селқостығы, Таржұман мен Ысмайыл бек Гаспринский бастаған
жалпы исламдық ұрандарды сүйсіне қабылдауларына кедергі болды, керісінше, олардың
татар қызметкерлері, молдалары мен саудагерлеріне деген зерек көзқарастары, оларды
татарлардың билеушілігі мен мәдениетінің асқақтауынан сақтап қалды. Қазақтардың тілі
татар тіліне қарағанда түркі осман тілінен тіпті алыс болғандықтан, қазақтардың Осман
Түркиясының өкілі Гаспринский ұсынып отырған тілінен, өздерінің жаңадан қалыптасқан
әдеби тілін қалайтындығы тіпті де таңғажайып нәрсе болды.
1905-1906 жж. өткен 1-ші және 2-ші Бүкілресейлік мұсылман Конгресіне бірде-бір белгілі
қазақ көсемі катыспады. Үшінші конгресте Бөкей ордасынан шыққан, Думаның мүшесі
Шах Мардан Қосшығұлов деген қазақ талқылауларға қатысып, жаңадан құрылған
мұсылман Халық партиясының президиумына сайланды. Бөкей ордасынан шыққан
басқалары сияқты, ол да солтүстік және оңтүстік Қазақстандағы қазақтардың үлкен
бөлігімен шамалы байланыста болып, Байтұрсынов, Бөкейханов, Тынышпаевтар құрған
зиялылар тобының қатарына жатпады. Бұл зиялылар, кадеттермен бірігіп,
Байтұрсыновтың «Қазақ» газетін қолдап, қазақтың «Алаш Орда» ұлттық партиясының
орталық мүшелері болды, ал «Алаш Орда» 1917 жылы айқын көріне бастады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ОТАРЛАУЫ
1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ көсемдерінің кадеттермен тығыз байланысып
жүргендерінің бір себебі, көкейлерінде жүрген XX ғ. басындағы ең маңызды мәселе, қазақ
даласын Европалық Ресейден келген қоныстанушылардан азат етуді шешу еді.
Қазақстанда орыстардың аграрлық отарлауы өзінің көлемін тек 1890 жылдары ғана
ұлғайтты. Оған дейін орыс тұрғындарын құраған, ең алғаш көшіп келіп Орал мен Ертіс
бойын, Жетісу бойындағы таулы аймақтар мен қазақ даласының шеткері аумағына
қоныстаған, қазақтар ғана еді. 1857 жылы 77 мың Орал казактары, ал ғасырдың соңында
30 мың Жетісу қазақтары болған еді.
Еуропалық Ресейдегі 1891-1892 жылдардағы құрғақшылық пен егіннің шықпай
қалғанынан, жаңа қоныстанушылардың саны күрт көбейіп, Ресей үкіметі көшпенділерден
жаңа жер тартып алуға мәжбүр етті. (Орыс үкіметі, мұсылман заңы шариатқа сүйене
отырып, бұл жерлерді мемлекеттің меншігі деп түсінді). Жаңа қоныстанушылардың
орналасқан негізгі жерлері өте бай, құнарлы қара топырақты солтүстік батыс, солтүстік
және шығыс Қазақстанда еді, бұл жердің табиғаты мен егістік жері ауылшаруашылық
үшін өте қолайлы болды.