Қазақстанның ашық кітапханасы
215
қазақтың өзіндік жеке, тәуелсіз жолын жақтаушы, қорғаушылар болып қалды.
Қоғамшылдық, өзін-өзі құрбан қылушылық идеалға сенушілік пен білімге деген
құштарлық оларды суреттейтін нақты мінездеме еді. Мысалы, қазақ жазушысы М.С.
Қашатов өзінің «Қазаққа түсініктеме» (1908) деген еңбегінде «Бізге ғылымды, дінді,
сауданы үйренуге рұқсат беріп, біздің елімізді әлемге әйгілі етуге бастаңдар» ұранын
айтқан. 1910 жылы Дулатов «Оян, қазақ!» ұранын тастаған. Қазақтың баспасы
Б.Аблайханов редактор болған қазақтың әдеби журналы «Дала уалаятынан» басталады, ол
1899 жылы Омбыда алғаш рет пайда болған. Бұл басылым ешқандай саясатты мүлде
етпесе де, оның негізгі бағыты — ұлттық-либералдық болды. Оның қазақтың әдеби тілін
қалыптастыру мен қазақ қоғамшылдығын құруына тигізген әсері орасан зор болды.
Кейіннен, ғасырдың ең соңында Орынборда «Торғай газеті» шыға бастады. 1905 жылдан
бастап қазақ тіліндегі газеттер саны көбейгеніне қарамастан, олардың бәрінің ғұмыры
қысқа болды. Орынборда — «Серке», Ордада — «Қазақстан» мен «Үш жүз», Ташкентте
— «Заман тілі» мен «Алаш», Троицкіде — «Айқап», Семейде — «Абай» жарық көрді.
Бірнеше қазақтар татар баспасында да өз мақалаларын жариялай бастады. Орынбордағы
ағайынды татар Рамеев баспасында - «Шуға және Троицкіде — «Ақмола» дүниеге келді.
1913 жылы А.Б. Байтұрсыновтың басшылығымен Орынборда «Қазақ» газеті шыға
бастады да, тез арада қазақ зиялылары мен ұлттық көтерілістің басты органына айналды.
Бір жылдың ішінде «Қазаққа» жазылушылардың саны үш мыңға жетті, кейіннен 8 мыңға
дейін көбейді, екінші сұраныстағы газеттер «Қазақстан» мен «Айқаптың» саны бірнеше
жүзден аса қойған жоқ. Осы баспалардың ішінде, оңтүстікте шыққаннан кейін, тек қана
«Үш жүз» дінге қарсы көзқарасқа қайтты айғақ айтып, оңтүстік қазақтардың
консервативті және ұлттық дәстүрлерімен үндес болды.
«Қазақ» газетінің бірінші басылымында Байтұрсынов былай деген: «Өз ұлтымыздың
бірігуін сақтап қалу үшін ағарту ісін дамытып, әдеби тілімізді қалыптастыруымыз керек».
Өз тілін қалыптастырып, әдебиетін дамытатын адамдардың ғана тәуелді өмір сүруге
құқықтары бар екенін ұмытпаған жөн. Байтұрсыновтың көрсеткені бойынша, егер
қазақтар өз мәдениетінің деңгейін көтермесе, онда олар орыс өркениетіне тәуелді болмақ.
Ол қазақтарды орыс мектептерінде оқуға итермелеген, олардан өздерінің қазақи рухын,
тілін сақтап, орыс немесе татар ықпалынан, мәдениетінен аулақ болуды ұмытпауды
ескертті. Ол өз отандастарын, қазақ тілін басқа тіл үшін менсінбеушіліктерін қатты
сынады.
ҚАЗАҚСТАН 1905 ЖЫЛЫ
1905 жылғы революциялық жағдай Қазақстан үшін толқулы болды, алайда революциялық
ағымдар мен бағыттар көбінесе орыс және украин отаршылары орналасқан аймақтарда
көптеп тарады. Солтүстік Қазақстанда қоныстанған еуропалықтардың Екінші Думаға
сайланған депутаттарының үшеуі социал-демократтар (большевиктер) болды.
Көшпенділер арасында пролетарлық партияның еш ықпалы болмады, тіпті социал
демократтардың ішіндегі біраз үгітшілерінің өздері де қазақ тілін білмеді.
Тек қана қазақ газеттерінің бірнеше журналистері, соның ішінде Троицкіде
И.Мұхаметшиннің басшылығымен шығатын «Айқап» газеті, жергілікті халық арасында
революциялық жұмыс орындауға әрекет етті. Қазақтардың 1905-1907 жылдардағы
революциялық оқиғаларға қатысулары революциялық ағымдағы қонысшылардың басым
болып жатқандарына қарсы бірнеше демонстрациялар мен социал-демократтардың,
немесе басқа революционерлердің кездейсоқ жиналысына қатысуларымен, жаңа
мектептер ашылсын деген петицияларға жүгінулерімен ғана шектелді. 1905 жылы қазақ
зиялылары мен рубасы-ақсақалдардан құралған топ Петерборға Николай ІІ-ден қазақ
даласын отарлауды қысқарту және қазақ тілін орыс тілімен қатар соттар мен әкімшілікте