Қазақстанның ашық кітапханасы
214
үкіметі олардың айыптарын негізге ала отырып, ақынды қауіпті революционер ретінде
кінәлап, сағын сындырып, күшін ерте әлсіретті.
АЛТЫНСАРИН
Қазақтың алғашқы ағартушыларының үшіншісі Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
оқытушылық қызмет атқарып, қазақ тіліндегі бірнеше оқу құралдарының авторы болған.
1859 жылы ол Орынборда өмір сүріп, қазақ әліппесін құрастырып жатқан орыс педагогы
Н.И. Ильминскиймен танысады. Көп жылдар бойы татар мен мұсылман ықпалын жоюды
іздестірген Ильминский қазақ мектептерінде татар тілінің орнына қазақ тілін енгізуге
құштар болды. Ол Алтынсаринге қатты әсер етті. Олар өлгенше жақын дос болады.
Ильминскийдің ықпалының арқасында, Алтынсарин қазақтың сөйлеу тілінің теориялық
және тәжірибелік жетістіктерін әдеби тілге негіз етеді. Ол тұңғыш рет жазбаша қазақ
әңгімесін қағазға түсіріп, орыс классиктерін қазақшаға аударған. 1874 жылы Торғай
облысы мектептерінің нұсқаушысы болып тағайындалғаннан кейін, Алтынсарин оларға
қазақ тілін енгізуді нұсқау етіп, қазақ білім беру саласында едәуір жетістікке жетті. 1905
жылы 128 қазақ-орыс мектептері болды, мұнда дәріс қазақ тілінде жүрді, сонымен қатар
135 мұсылман медреселері де болған еді. Қазақтардың басым бөлігі орыс мектептерінде
оқыды, 2011 бала таза орыс тілінде оқытатын мектептерден дәріс алды. Сол себептен,
Қазақстанда Ресейдің білім беретін орындарында оқитын түрік балаларының саны
мұсылман оқу орындағыларға қарағанда басым болып, Қазақстан ислам мәдениеті
көлеңкеленіп, орыс мәдениеті астында қалған Ресейдің жалғыз мұсылман мемлекетіне
айналды.
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақтарды татар ықпалынан аулақ ету үшін және де қазақ-орыс мектептерінің санын
көбейтуді жеңілдету үшін Ресей үкіметінде екі жана ереже қабылданды. Біріншісі —
«Далалық әкімшілік басқарудың Уақытша Ережесі» 1868 жылы дайындалып, қазақ
сахарасында тарату мақсатында ол татар тілінде шығарылды. Бұдан әрі татар тілін
даладағы әкімшілік органдарда қолдануға тыйым салынып, үкімет басшылары
арасындағы татар тілмаштары саны күрт азайды. «Орыс емес Ұлттардың Білім алу
ережесін реттеу» атты екінші жарлық 1870 жылы жарияланды. Бұл ереже бойынша
мұсылман мектептеріне орыс тілі сағаттарын енгізу талап етілді, оның себебі кейіннен
орыс мектептерінде білім алатын қазақтардың жағдайын жеңілдету еді. Бұл шаралар
кейіннен 1906 жылы 14 қазанда қабылданған жарлық арқылы күшейтілді де, мұсылман
мектептерінде татар тілінің орнына, дәріс қазақ тілінде жүргізілуін және оқушылар қай
ұлттан болса мұғалімнің де сол ұлттан болуын талап етті.
Осы шаралардың нәтижесінде, яғни қазақ, орыс оқытушыларының белсенділігінің
арқасында XIX ғ. аяғында қазақ әдеби тілі көтеріле бастады, сонымен бірге қазақтың
ұлттық санасы оянды.
Уәлиханов өмір сүрген кездерде қазақтар, татар мәдениеті әсерінен, өздерін айқындайтын
белгілерді жоғалтып алды деп айтылатын, ал XX ғ. басында ондайға мүмкіндік берілмеді.
Орыс-қазақ мектептері қазақ мәдениетін татарлардікінен айрықша етуге қолқабысын
тигізді, жергілікті халықты орыстандыру үрдісі кеңінен өріс ала алмады, әкімшілік
орыстандыру саясатына таянғанына қарамастан, өзіне тән ерекше психологиясы мен
мәдениеті бар қазақ халқының әрі қарай қалыптасуына жағдай жасалды. Әрине, қазақ
зиялылары ғасырдың соңында сөзсіз орыс мәдениетінің ықпалында болды, дегенмен олар
ешқашанда нақты ұлтшыл, не орыс, не татар, не түрік болуды қаламады. Олардың бәрі —
Байтұрсынов, Дулатов, Қаратаев, Бөкейханов, Тынышпаев және басқалары да «Қазақ»
газетінде мазақы болып жатса да, орыстар мен татарлармен достықтарына қарамастан,