Қазақстанның ашық кітапханасы
213
лайықты мүмкіншіліктер ретінде түсінді. Ол орыс сотының даладағы заңды тәртіптерін
өзгертуге кеңес береді, себебі оларды жергілікті жағдайда қолдану тиімді емес деп, үкімет
қызметкерлері мен қазақ ақсүйектерінен тұратын заң басқармаларының орнына өзін -өзі
басқаратын қазақ қоғамын белгілеуді ұсынады; ондағысы қарапайым қазақтарды орыс
және казак ақсүйек күштерінің төрелік етуінен қорғайтын жолдарды іздеу еді.
Орыс радикал зиялылары — Чернышевский, Писарев, Белинскийлердің Уәлихановтың
либералдық және атеистік көзқарастарына жігер бергенін түсіну қиын емес.
«Чернышевский деген өте тамаша адам, ол тек орыстардың өмірін ғана емес, басқаларды
да жақсы білген. Онымен әңгімелескеннен кейін, біздің, қазақтардың Ресейсіз дұрыс
жолға түспейтіндігімізге толық сендім. Ресейсіз біз сауатсыз, қараңғы және озбыр болып
қала береміз. Ресейсіз біз тек Азия болып қана, еш дәрежеге жетпейміз. Чернышевский
біздің досымыз». Уәлихановтың дүниеден ерте кеткеніне қарамастан, оның еңбектері мен
философиясы қазақ зиялылары көзқарастарының негізі болып табылады. Оның
ағартушылықты, теңдестікті және әділеттікті қажет деп ұғынуын көптеген жас қазақ
ұрпақтары да қабылдап, кейіннен казак зиялыларынан тұратын «русофилизм» деп
аталатын негіздің кеңінен тарауына себеп болды. Әрине, қазақтар арасында басқа да ағым
болды, әсіресе Оңтүстік Қазақстанда, онда дәстүрге байланысты солтүстік пен батысқа
емес, мұсылмандық оңтүстікке қарай бет бұрған бағыт болды. Бұл туралы 1860 жылдары
Г.Н. Потанин «дала екі топқа бөлінді» деп жазған. «Орысшыл және ұлтшыл
қолдаушылары көп болған мұсылмандық далаға жақын орналасқан оңтүстікті жайлады
[олар көшпенділер еді]. Екі жақтың арасындағы тартыс барлық нышандар арқылы сезілді,
тіпті қазақ ақындарының айтысында да». Алайда, он тоғызыншы ғасырдың аяғында
мұсылманшыл қазақ билеушілерінің сандары азайып, олардың ықпалы шамалы болды.
АБАЙ
Уәлихановтың көзқарастарын бөліскен тағы да екі қазақ ағартушылары, даланың ақыны
Абай мен оқытушы Алтынсарин болды. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай
Құнанбаев (1845-1904) орыс зиялылары және орыс әдебиетімен Семейде танысады.
Мектепте оқып жүрген кезінде орыс әдебиетіне деген қызығушылық танытып, оны ол
қарапайым қазақтарға халық өлеңдері мен айтыстар арқылы жеткізді. 1880 жылдан Абай
қазақтар арасында жазушы мен ақын рөлінде көріне бастап, орыс халық әндері мен
өлеңдерін қазақ тіліне аударады, олардың арасында Евгений Онегин (әйгілі Татьянаның
хаты) де бар. Абай арқылы қазақтар тек Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстоймен ғана
танысып қоймай, басқа көптеген Батыс Еуропалық жазушылар, Байрон мен Гетемен де
танысады. Абай халқын мектепте оқуға үгіттейді. «Орыс мәдениеті мен әдебиетін
оқыңдар. Өмірдің кілті осында. Егер оны оқысаңдар, өмірлерің жеңілірек болады ...
Алайда қазіргі кезде бай адамдар балаларын орыс мектебіне беріп, орыс тілі арқылы білім
береді, оның өзінде өздерінің емес, басқа қазақтардың шығынын пайдалану арқылы. Бұл
дұрыс емес».
Абай қазақ білімінің негізі қазақ тілінде деп есептеді: «Балаларға білім беріңдер, бірақ
алғашында олардың ана тілінде оқығаны дұрыс, сонымен бірге грамматика мен алғашқы
есепті үйрету керек». Тек казак тілі әліппесін меңгергеннен кейін ғана, оларды орыс
мектептеріне беруге болатынын ұсынды. Абайдың көзқарасы бойынша татар
мектептерінде білім алудың ешбір құндылығы жоқ. Ол «тек байлар ғана араб пен парсы
тілдерін оқи алады», себебі бұл тілдерді үйрету Шығыстың мұсылмандық мәдениетін
меңгеруге ғана қажетті деп жазды. Уәлихановтың үлгісімен, Абай да рулық қатынастар
мен ақсүйектермен күрескен, ондағы мақсаты халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту
еді. Абайдың қарсыластары — жергілікті қазақ байлары оның үстінен шағым айтып, Ресей