Қазақстанның ашық кітапханасы
212
Шоқан Омбының кадет корпусында оқып, Сібір мен Орта Азиядағы орыс әскерінің
қатарында қызмет етіп, жас шағында-ақ географ пен антрополог болған. Оның еңбектері
осы күнге дейін Ресей мен Орталық Қытай Азиясын зерттеу үшін өте маңызды, ал оның
отандастарының өмірін зерттеуге арналған жұмыстары Қазақстанның әлеуметтік және
мәдени антропологиясы үшін өте құнды. Әскери қызмет атқарып жүрген кездерінде ол
көптеген орыс ғалымдары мен зиялыларымен танысқан, соның ішінде Достоевский,
Дуров, Потанин және Семеновпен жақын дос болған. Осындай достарының арқасында,
Петерборда өткізген екі жыл ішінде (1859-1860) ол сол кезгі Ресейдің зиялы коғамының
бетке ұстар өкілдері Некрасов,
Чернышевский, Майков, Григорьев, тарихшы Костомаров және басқаларымен бірден тіл
табысып, араласып кетеді. Бақытсыздыққа орай, климаттың өзгеруін қабылдай
алмағандықтан және де күніне көптеген сағат бойы оқу мен жазуға берілген Уәлиханов өз
денсаулығын төмендетіп, туберкулез ауруына шалдығады. Отыз жасқа келгенде ол қайтыс
болады.
Уәлихановтың Достоевскийге жазған хаттарынан оның орыс достары мен Ресейге деген
көзқарасы байқалады. Достоевский Уәлихановқа жазған хатында өзінің бұрын-соңды
Шоқаннан басқа ешкімге осындай ілтипат көрсетпегенін айтады. Тағы бір хатында орыс
жазушысы былай деген: «Ресейге бірінші болып өз жұртының, өз елінің, өз даласының
маңыздылығын таныстырып, сонымен бірге өз елі үшін қызмет етіп, солардың
сұраныстары үшін ресейліктермен қарым-қатынасқа түсуден зор да, қасиетті мақсат бар
ма?».
Уәлиханов, шын мәнінде, өз өмірін «өз отандастарының пайдасына қызмет ету мен
оларды орыс әкімшілігі қызметкерлері мен казак байларынан қорғауға арнаған». Артта
қалған көшпенді халықты ояту үшін, Уәлиханов ең алдымен, олардың ойы мен
экономикалық деңгейін көтеруі үшін білім беру мен Ресей және Еуропа мәдениеттерін
таныстырудың тиімді жолдарын іздеді. Ол бай қазақ ақсүйектерімен күресіп, қарапайым
қазақтардың өмірін жақсарту жолдарын іздестірді. Оның ойынша рулық жүйе мен озбыр
ислам мәдениеті қазақтардың ілгері дамуына кедергі болды. Білімсіздік пен кедейшілік
қазір Мауераннахрды [Орта Азиядағы Аму мен Сыр Дария өзендері аралығындағы жер]
басып алды... Татар вандалдары Самарқан, Ташкент, Фергана, Хиуа мен Бұқара
кітапханалары, Самарқан зерттеу орнын бұзып, Бұқара тергеушілері діннен басқаның
бәрін қарғап-сіледі. Тіпті орасан зор тарихи мұралардың өзін жоққа шығарып, оларды
адамзаттың Алланың жаратқанына қарсы жасалған күнәһарлығы деп есептеді. Уәлиханов
қазақ елін мұсылман діні әкімшілігінің шырмауынан аулақ болғанын қалап, Ресей
үкіметінен Қазақстан жерінде татарлардан тұратын молдаларды тағайындауға рұқсат
беруді доғаруды талап етті. Оның ойынша, қазақ елінде татарлардың орнына қазақтардан
ғана молда тағайындап қана қоймай, олардың санын қысқарту қажет деп түсінді.
«Татардан аулақ болып, қазақты діншіл қылдырмау».
Үкімет Уәлихановтың сұранысын құлағына іліп, 1868 жылы қазақтардың өмірін діннен
азат етуге шара қолданып, оларды Уфа мұсылман әкімшілігі басқармасының қарамағынан
босатты.
Уәлиханов көшпенділер арасында ағартушылық ісін көтеру үшін діни мектептердің
орнына орыс-қазақ мектептерін ашуды талап етті. Ол қазақтар біртіндеп өз мәдени
құндылықтарына батыстың салттарын сіңіріп алады деп сеніп, Ресей мен батыстың
тәжірибелері қазақтардың артта қалған ғасырларының орнын толықтыруға көмектеседі
деп үміттенді. Оның ойынша, «өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару мен өзін-
өзі ақтау» ең басты мақсаттар болып, бұны қазақтың өмірін дамытуға жеткізетін ең