Қазақстанның ашық кітапханасы
210
көшпелі қырғыздар мен түркмендер сияқты, қазақтар да өз қарым-қатынастарын әдет-
ғұрып заңы, яғни әдетке сүйеніп, негіздеген еді. Дегенмен Ресей империясы құрамына ену
қарсаңында Орталық Азияның көгал жерлерін мекендеген өзбек пен тәжік халықтарына
жақын орналасқан оңтүстік қазақтардың арасында ислам діні кеңінен тамыр жайған.
Алайда, көшпенді қазақтардың көбінің шашылып кетуіне байланысты, солтүстік пен
батыста ислам діні олардың Ресейге бағынғаннан кейін ғана өз күшіне енді.
Уәлихановтың жазғаны бойынша: «Мұсылман діні ешқашанда қазақтар арасында
толықтай қабылданбаған, оны сахараға арандатушылық саясатты көздеп отырған үкімет
енгізген».
1870 жылдары татар мектептерінің нұсқаушысы болып істеген, ұлты орыс Радлов та
осыны айтқан. «Қазақтардың мұсылман өркениетінің негізгі құндылықтарына әлі де қолы
жете қоймады; олардың арасында арнайы мұсылмандық білімі бар адамдардың саны
жоқтың қасы, сол себепті бұлар мұсылман дініне құлшылық етуді әдеттенбеген. Осыдан
келіп туындайтын салдардың бірі, бұлардың фанатизм мен құдайға соқыр сенімділікпен
қарайтын адамдарға жеккөрініштік білдіру». Сонымен қатар ол былай деп жалғастырды,
қазақтардың сенімі «көбінесе сыртқы белгілерден тұрады, тілді білмегендіктен арабша
дұғалар оларға түсініксіз келеді де, оларды жаттап алған күннің өзінде, күрмелі оқылып,
ешкімге де толығынан әсер етпейді».
Дін бостандығына құштар орыс мұсылмандарын жақтаған Екатерина II патшайымның
бұйрығының арқасында қазақ сахарасында ислам дінінің орнығуы едәуір нығайтылды.
Алайда патшайымның жалпы дінге деген бейімі кеңінен байқалмады, өйткені ол XVIII
ғасырдың дербес ойшылдарының бірі болатын. Ислам діні қазақтарды белгілі бір
өркениеттік деңгейге көтеретініне сеніп, ол ағартушылық пен діни мектептерді ашу ісі
көшпенділердің «мінез-құлқын жұмсартады» деген ойға сүйенген. Екатерина діни
насихаттау тірлігін іске асыру мақсатында өзі татар молдаларын тандап қазақтар арасына
жіберген, сонымен бірге оның арнайы бұйрығы бойынша оңтүстік Сібір мен Оралдағы
орыс әкімшілігі қазақ даласында мешіт салу жұмыстарын бастаған. Кіші орда қазақтары
мекендеген аймақ Уфа губернаторының қарамағына қарағандықтан, оған жіберген
бұйрығында былай деп жазған, «[мешіттер мен мектептерге] молдаларды тағайындау
біздің бұйрығымызды орындауға толық сәйкес келеді... Оларға қажетті қаражаттарды
тауып бер». Үкімет қазақтардың арасында тек мешіттер мен татар мұғалімдерінен
құралған медреселерді ашуға ғана қаржы бөліп қоймай, сонымен қатар құранды таратуға
және татар дін иелеріне уағыздаушылық қызмет атқаруға да қаржы бөлген. Мұсылмандық
Қауым Әкімшілігі құрылуымен қатар, олардың орталықтары қазақ даласына жақын
жерлерде ашылды, қазақтар діни білімге қатысты мәселелерді шешуге алғашында
Орынборға (қазіргі Чкалов) барса, кейіннен Уфаға баратын болды. 1797-1791 жылдар
аралығында Түркия үкіметі мұсылман дін басшыларын Кіші Ордада дін уағыздауға
жібергеннің өзінде де, Ресей үкіметі өз тарапынан ислам дінін насихаттау ісін
қысқартпады. Осы жылдар аралығында Ресейдің қарсыластары болатын түрік агенттері
Бұқара мен Хиуаға барып, бұл хандықтар ішінде Ресейге қарсы үгіт жүргізуді өздеріне
мақсат етеді.
XIX ғ. ортасына дейін қазақ жері татар мәдениеті мен экономикасының тәуелінде болып
қала берді. Әкімшілік, сонымен бірге қызметкерлер мен аудармашылар көбінесе
татарлардан тұратын, ал татар тілі (шағатай диалектісі) қазақтар мен орыс үкіметі
арасындағы қарым-қатынастың ресми тіліне айналды, тіпті қазақ мектептерінің өзінде
дәріс татар тілінде жүргізілді. Сөйтіп, Екатерина ІІ-нің ислам дінін қолдауы арқасында,
татарлар оның қазақ даласы мен Ресей империясының шығысындағы оң қолына айналды.