Қазақстанның ашық кітапханасы
209
өтінген. Сол кезде Ұлы Орданы жоңғарлар бағындырып, қарамағында қазіргі кездегі
Орталық Қытай мен Оралға дейінгі Қазақстан аумағын билеген, алайда батыс қазақтары
орыстардың қол астында болуды лайық көрген.
Осы жылдар аралығында Петерборда болып жатқан шым-шытырық тақ-таластыққа
байланысты жағдай, орыстарды қазақ мәселесінен аулақ етті. Дегенмен 1731 жылы Ресей
өкіметі басына императрица Анна отырғаннан кейін, ол Қазақстанға арнайы тапсырыспен
ұлты татар Тевкелевті басшы қылып, өз адамдарын жіберді. Шын мәнінде, бұл
дипломатиялық тапсырысты орындауға түгелдей татарлар мен башқұрттардан құралған
топ жіберіліп, олардың күзетшілерінің өздері де башқұрт әскерлерінің арасынан таңдалып
алынған еді. 1731 ж. қазанда Әбілқайыр хан мен Кіші Орда қазақтары Тевкелев
дипломатиясы арқасында, қазақ ақсүйектері мен әскери қолбасшыларынан құралған
қарсыластарды жеңіп, орыстарға ант береді.
XVIII ғ. аяғында Орта Орда мен Ұлы Орда Түркістаннан жоңғарларды айдап жіберген
қытайлар мен орыстардың арасында теңселіп жүрген еді, ал қазақ хандарының Қытай мен
Ресей империяларына бірден ант бергендігі бекер жағдай емес еді. Себебі орыс өкіметі
М.М. Сперанскийдің әкімшілік жүйесін 1822 жылы батысты мекендеген екі Ордаға
енгізіп, Орта Орда Ресейдің билігін тек қана XIX ғ. басында мойындаған.
Орыстардың Ұлы орда аумағына енуі Сібір әскери шебі салынуынан басталады, бұл
Ресейге өз жерін Қытайдан оқшау етуіне мүмкіндік тудырып, Қоқан мен Бұқарадағы Орта
Азия хандығына қарай шапқыншылық жорықтарын жүргізетін әскери бөлімдер
құрастыруына жағдай жасайды. 1844 жылы Ұлы Орда Ресей бодандығын мойындайды.
Қазақтардың Ресей империясына толықтай енуі 1864 жылы орыс әскерлерінің Әулие-Ата,
Түркістан, Мерке және Шымкент қалаларын басып алуларынан кейін болады. Осыған
орай, Оралдың шығыс бөлігіндегі орыс бекіністері (Орынбор әскери шебі) Сібір әскери
шебімен қосылып, қазақтарды Орта Азия хандықтарынан бөлді. Ресейдің Қазақстанның
орасан зор аумағын басып алуы көлемі бойынша Американың орталық-батыс бөлігімен
тепе-тең, дегенмен бұл өте зиянсыз үдеріс болып саналады, себебі ол үлкен әскери
жорықтарды талап етпеді. Орталық және батыс Американың жергілікті тұрғындарынан
саны көбірек қазақтардың ұлт ретіндегі ауызбіршілігі болмай, рулары мен тайпаларының
ұйымшылдық әлсіздігі үстемдік алып, олардың жүзге бөліну себебінен мемлекеттік
мүддені қорғау мақсаты жоққа шығарылып, көшпелі аумақтың ыдырауына ұшыратты.
XVIII ғасырға дейін жүздер хандарының билігі әлсіз болып, олардың саяси ахуалы жоққа
шығарылды. Сонымен бірге Моңғол, Қытай, Бұқара мен Қоқан өзбектерінің үзіліссіз
шапқыншылықтарынан жалыққан халықтың Ресей империясынан қорғаныс іздеу
саясатын қазақ ақсүйектері қолдамаған.
ДАЛАДАҒЫ ИСЛАМ
Қазіргі Қазақстан бойына ислам X ғ. басында енді. Дәл сол кезде Жетісу рулары ислам
дінін қабылдаған еді. Билігінде Қазақ даласы да болған Алтын Орда ханы (1313-1341)
Өзбек хан ислам дінінің негізгі таратушысына айналған. Көшпенді өмір кешіп жатқан
қазақтарға ислам діні зор әсер ете алмады, өйткені олардың не тұрақты мешіттері, не
сыйынатын орындары, не діни оқу орындары болмады. «Ресей құрамына енгенге дейін,
қазақтар тек сөз жүзінде ғана мұсылмандар деп аталып жүрді» деп, 1860 жылы қазақ
географы Шоқан Уәлиханов жазды. Діни сауаттылық тіпті Сырдария бойын мекендеген
Ташкент қазақтары арасында да өте сирек кездесетін құбылыс болған. Дала бостандығын
аңсаған қазақтардың медреседе оқуға деген ешбір құлықтары болмаған, ал ондай оқуға
ынтасы барларының өзі де жоқтың қасы еді. Дала мен тауды мекендеген халық үшін қағаз
жүзіндегі ислам заңы, яғни шариғат мүлдем белгісіз болды. XVIII ғасырдың басына дейін,